1.1. Қазақстандағы кеңестік мұрағаттық ұйымдар
1.2. Қазақстандағы кеңестік дәуіріндегі өлкелік мұрағаттық қорлар
2. Тәуелсіз Қазақстанның мұрағаттар тарихы
2.1.Қазақстан мұрағатының тағдыры
2.2.Қазақстан мұрағаты даму жолында
Кіріспе Менің курстық жұмысымның тақырыбы мұрағат ісінің Қазақстанда құрылуы. Мен курстық жұмысымды екі тарауға бөліп, әр тарауға кеңінен түсінік беріп өттім.
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы алғашқы құрылған мұрағаттар жүйесін Кеңестік дәуірдегі Қазақстанның мұрағаттарымен салыстыра отырып айырмашылығын ашып көрсету.
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстандағы мұрағат жүйесінің құрылуын, қалыптасуын, дамуын қарастыру, Қазақстандағы мұрағат ісінің құрылу жүйесі жайлы зерделеу.
Зерттеу объектісі – Кеңестік дәуірден бастау алған Қазақстанның мұрағат жүйесінің құрылуы.
Бірінші тарауды Қазақстанның алғашқы мұрағаттары деп алып, Қазақстандағы кеңестік мұрағаттық ұйымдар, Қазақстандағы кеңестік дәуіріндегі өлкелік мұрағаттық қорлар деп екі бөлімге бөліп жалпы Қазақстанда құрылған алғашқы мұрағаттар туралы қарастырдым.
Екінші тарауды Тәуелсіз Қазақстанның мұрағаттар тарихы деп алып, Қазақстан мұрағатының тағдыры, Қазақстан мұрағаты даму жолында деп
екі бөлімге бөліп, мемлекеттік мұрағат құжаттарының тарихилығын атап өттім. Курстық жұмысымда Қазақстан мұрағатының даму, өркендеу тарихы күрделі кезеңдерді бастан кешіргендігін, Қазақстан мұрағатының қалыптасу тарихын бұрынғы КСРО мұрағатының даму тарихынан бөле қарауға болмайтындығын, мұрағат ісі ғылым, мәдениет және басқару аппаратының бөлінбес бөлігі екенін көрсетіп өттім.
1. Қазақстанның алғашқы мұрағаттары 1.1. Қазақстандағы кеңестік мұрағаттық ұйымдар
Қазақстан Республикасының "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" заңында "Қазақстан Республикасының Ұлттық, мұрағат қоры-Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі" деп көрсетілген. Қоғамның тарихи тәжірибесін бейнелейтін мұрағат құжаттарының құндылығы мен маңыздылығы ерекше. Еліміздің аса бай рухани қазынасы болып табылатын мұрағат ісі ХҮІІІ ғасырдан, яғни 1794 жылдан бастау алады.
ҚР Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 17 тамыздағы №1135-ші "Қазақстандағы мұрағат ісіне 200 жыл" атты қаулысында Қазақстан тарихында мұрағат ісінің пайда болуын былайша атап көрсетеді: "Алғашқы мұрағат Батыс Қазақстан аймағындағы Ішкі Ордада қалыптасып, Бөкей хандығының мұрағаты атауымен белгілі болды". Міне, сол мұрағат қоры Қазақстан Республикасының қазіргі Ұлттық мұрағат қорының басты бөлігін құрайды.
Кеңес үкіметі құрылғаннан кейін Бөкей губмұрағаты бюросының тұңғыш бастығы Михаил Корнеевич Дацконың «...Мұрағаттағы деректерге қарағанда Бөкей мұрағаты 1974 жылы құрылған», - деп көрсетуі нақты айғақ болады. Екіншіден, М.К.Дацкодан кейін болған мұрағат меңгерушісі И.В.Жабин Ішкі Ордада мұрағат ісін жалғастырушы Жәңгір Бөкейұлы болғандығын өз баяндамасында атап көрсетеді. Қазақстандағы мұрағат ісінің дамуына РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1918 жылғы 1 маусымдағы "РСФСР-дағы мұрағат істерін орталықтандыру және қайта құру" атты Декрет өзінің игі ықпалын тигізді.
Кеңес үкіметі бұл Декреттен кейін де ел аумағындағы мұрағаттардың сақталуы мен оны қорғау ісі туралы төрт акті қабылдады. Кеңес үкіметінің мұрағат істері туралы қабылдаған актілері Қазақстанды ақ гвардияшылар мен интервенттерден азат еткеннен кейін ілі-шала жүзеге асырыла бастады. Қазақ әскери революциялық комитетінің бастамасымен кеңес орындары мен жергілікті тұрғындарға үндеу тасталды. Үндеуде құрылып жатқан губерниялық мұрағат қорына төңкерістен бұрынғы "қараусыз қалған" құжаттарды, усадьба, имениелерде табылған және жеке тұлғаларда жинақталған материалдарды тапсыру қажеттілігі туралы атап көрсетілді.
Бұл атқарылатын шаралардың маңыздылығын ескере отырып, сол кезеңдегі баспасөз материалдарын жинақтау да назарға алынған.
1917 жылға дейінгі Ішкі Ордадан басқа аймақтағы Қазақстан тарихына байланысты деректер патша өкіметінің Орынбор, Түркістан, Дала генерал- губернаторлықтары мен Шекара комиссиясында, Ішкі Істер министрлігі, Жер және Халық ағарту министрліктерінде, ведомствалық мекемелердің мұрағаттарында сақталды. Ол құжаттардың бірсыпырасы 1921 жылдан бастап Қазақстан мұрағаты қорына өтті. Олардың арасынан ерекше бөліп назар аударарлық құжаттар: 1733 жылғы 17 мамырда Ресей елшісі майор Угрюмовтың Жоңғар ханы Галден Церенге барған сапары жөніндегі жазбалары, Ресейдің қазақ даласын отарлау саясатына қатысты деректер. Сырым, Махамбет, Есет Көтібарұлы, Кенесары көтерілістері, сол кездегі әкімшілік, басқару жүйесі, халық тұрмысы, ел, жер жағдайына қатысты т..Сонымен қатар 1836 жылғы көтерілістің болу себептері туралы Исатай Тайманов мен Махамбет Өтемісовтің сұлтан Медет Шөкіұлына хаты, Кенесары ҚасымовтыңШекті руы билерінің көтеріліске шақырған хаты сирек кездесетін құнды құжаттар есебінде сақталуда.
Қазан төңкерісіне дейінгі негізгі құжаттардың алыс және таяу шетелдерде сақталғанына тарих куә. Оның әртүрлі заңды, заңсыз себеп-салдары бар. Ең алдымен, мұрағат жинау, сақтау ісінің қанымызға сіңбей, дәстүрімізге енбеуіне басты себеп болды.
Екіншіден, қазақ даласына жасаған қиян-кескі шапқыншылықтар, Ресейдің отарлау саясаты тарихи деректері бір орталыққа жинақтауға мүмкіндік бермеді. Сондықтан да 1917 жылға дейінгі деректі құжаттар Қазақстан мұрағат қорларында кемшін.
Республиканың даму тарихымен бірге Қазақстан мұрағаты да елеулі кезендерді бастан кешті. Қазақстанда алғаш рет 1919 жылы РСФСР Бас Мұрағат Басқармасының Орынборда өкілдігі ашылды.
1920 жылдың наурыз, мамыр, шілде және желтоқсан айларында Кирөлкелік әскери комиссариаттың тарихи – статистика бөлімі тарапынан мұрағат ұйымдастыру жөнінде мәселелер көтеріліп, ұсыныстар жасалды. 1921 жылы 5 сәуірде Қазақ Өлкелік Бас мұрағат ұйымдастырылды. Ол 1922 жылғы күзде Өлкелік Орталық мұрағат деп аталды.
Қазақстанның мұрағат ісін жақсарту мақсатында 1922-1936 жылдары арасында ҚазАССР Орталық, өлкелік мұрағаты, губернелік, уездік, аудандық мұрағаттар туралы бес рет Ереже қабылданды.
Өлкелік Орталық мұрағат 1925 жылғы шілденің ортасына дейін Орынбор қаласында, онан астананың Қызылордаға қоныс аударуына байланысты Қызылордаға көшіп келіп, 1928 жылдың аяғына дейін жұмыс істеді.
Қазақ СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1938 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығымен Орталық мұрағат басқармасы және оның жергілікті мекемелері Қазақ ССР-і Ішкі Істер Халық Комиссариатының қарауына берілді. 1960 жылдың 17 маусымына дейін осы мекеменің басшылығында болды. Осы 22 жылдың ішінде бірнеше рет аты, құрылымы, қызмет әрекеті өзгерді. Облыстық мұрағат мекемелері тиісінше Ішкі Істер Халық Комиссариаты басқармасының бөлімшелері болып табылды.
1941жылдан бастап Орталық Мемлекеттік мұрағат Қазақ ССР Орталық Мемлекеттік тарихи мұрағаты және Қазақ ССР қазан төңкерісі және социалистік құрылыс Орталық Мемлекеттік мұрағаты болып екіге бөлінді. 1943 жылғы маусым айынан бастап Қазақ ССР-ы кинофото-дыбыс құжаттары Орталық Мемлекеттік мұрағаты ұйымдастырылды.
Қаз ССР Министрлер Кеңесінің 1957 жылғы Жарлығымен бұл үш мұрағат біріктірілді. Қазақ ССР Орталық Мемлекеттік мұрағаты деп аталды.
Қазақстан мұрағатының даму, өркендеу тарихы күрделі кезеңдерді бастан кешірді. Қазақстан мұрағатының қалыптасу тарихын бұрынғы КСРО мұрағатының даму тарихынан бөле қарауға болмайды. Мұрағат ісі ғылым, мәдениет және басқару аппаратының бөлінбес бөлігі.