Назар аударыңыз! Асқазандағы тағамдардың кері оймышқа шықпауын бақылап отырыңыз.
9. Тамақтандырып болған соң, зондты шәй немесе қайнаған су жіберу арқылы шайыңыз.
ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ:
Зондтың ұшын қысқышпен қысып, залалсыздандырылған салфеткамен орап, бекітіп қойыңыз.
Зондтың ұшын лотокқа салып, немесе бинттен ілмек жасап, науқастың мойнына келесі тамақтандыруға дейін қалдырыңыз.
Қолғапты шешіп, ҚКЖҚ салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Гастростома. Науқасты зонд арқылы асқазанға енгізілген гастростоманың (түтіктің) көмегімен тамақтандыру Мақсаты: рационалды тамақтандыруды қамтамасыз ету.
Көрсетім:ісік, күйік немесе жарақаттардың әсерінен тамақтың жұтқыншақтан өтпеуі кезінде
Жабдықтар: залалсыздандырылған шыны оймыш, залалсыздандырылған салфеткалар, қысқыш, жылы, сұйылтылған, құнарлы тағамы бар ыдыс.
Назар аударыңыз!Гастростома – бұл науқастарды тамақтандыру үшін асқазанға тікелей қойылған түтік
Міндетті шарт: науқасты тамақтандырған сайын түтіктің тазалығын өткізіп отыру қажет.
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:
Науқасқа тамақтандыру барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқасты жартылай отыру қалпына (Фаулердің жоғары қалпы) отырғызу қажет.
Жылы, жартылай сұйылтылған және қатты бөлшекті тағамы бар ыдысты әзірлеңіз.
Назар аударыңыз! Қатты бөлшекті тағамдарды науқас шайнау арқылы ұсақтауға жағдайы бар кезде әзірлейміз.
Қолыңызды жуып, қолғапты киіңіз.
Резеңке түтіктен салфетканы алып, одан соң асқазанға өтімділік жолын ашу үшін қысқышты алыңыз.
Асқазанға тамақ жіберу үшін, резеңке түтіктің ұшына шыны оймықты орнатыңыз.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Оймышты жоғары көтеріп, науқасқа қарай сәл еңкейтіңіз.
Науқасқа қатты тағамдарды (сухари, картоп т.б.) шайнауына беріңіз. Науқас тамақты мұқият шайнап, оны воронкаға түкіреді, воронка арқылы ол асқазанға түседі. Бұл аштықты басып, тәбет ашылуына әсер етеді.