Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет38/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   118
- Пульс кернеулігі: қанағаттанарлық кернеулік; қатты; жұмсақ болып бөлінеді.


Артериялық қысымды өлшеу
Мақсаты: артериялық қысымның көрсеткіштерін анықтау, зерттеу нәтижесін бағалау,жүрек қан тамыр жүйесінің функциональдық жағдайын бағалау.
Көрсетім: науқастың жағдайын бақылау.
Дайындаңыз: тонометр, фонендоскоп, қағаз,қалам, температуралық парақ.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Науқасқа емшараның мақсатын түсіндіріңіз, бұрын бұл процедура жүргізілген болса, нәтижесі қандай болғанын анықтаңыз.
2. Науқасқа ыңғайлы жағдайда отыруын немесе жатуын және өзінің бұлшық еттерін бос қалыпта ұстауын сұраңыз, қолы созулы,алақанын жоғары қаратып орналастырыңыз. Артериялық қысымды 2-4 мин аралығында 1-2 рет өлшейді
3.Емделушінің жалаңаш иығына тонометрдің манжеткасын шынтақ бүгілісінен 2-3см жоғары жүрек деңгейінде болатындай етіп салыңыз,бір саусақ өтетіндей болуы керек, тиегін бұраңыз.
4.Монометрді манжеткамен қосып, манжеткаға бекітіңіз, монометр тілшесі нөльде тұрғанын тексеріңіз.
5.Шынтақ бүгілісінен иық артериясын анықтап, фонендоскопты орналастырыңыз.
6. Алмұрт тәрізді баллонның тиегін жауып, шынтақ артериясындағы пульс соғуы жоғалғанша және монометрдің тілшесі (немесе науқастың өз жұмыс көрсеткішінен) қалыптыдан 20-30 мм.с.б. жоғарылағанша манжеткаға ауа жинаңыз.
7.Тиекті ашып ауаны ақырын шығарыңыз да, иық артериясындағы дыбысты (тон) тыңдаңыз және манометр тілшесінің қозғалысына қарап, көрсеткішін бақылаңыз.
8. Иық артериясында (жүректің жиырылуы кезіндегі) бірінші пайда болған дыбыс – систолалық АҚ деңгейі, ал иық артериясы (жүрек босаңсуы кезіндегі) тонының толық жоғалу сәтіндегі дыбыс – диастолалық АҚ деп белгілеңіз, манжеттегі ауаны толықтай шығарыңыз.
9. Науқастың қолынан тонометр манжеткасын шешіп,оны қорабына салыңы
10. Бақылау парағына және қызу парағына алынған көрсеткішті сандық жазумен сызықтан жоғары систолалық қысымды, сызықтан төмен диастолалық қысымды белгілеңіз.
11. Процедураны қайталап алынған мәліметтерді салыстырыңыз.
12.Фонендоскоп басын 2 қайтара 70%спиртпен сүртіңіз.
13. Емделушіге АҚ өлшенген қорытындысын айтыңыз.
ЕСКЕРТУ:
АҚ-ды екі қолдан да өлшейді,алынған санды салыстырады.
Науқас өзі де өлшей алады,қысымды өлшеу ережесін үйретіңіз және алынған мәліметті салыстырады.
Қалыпты АҚ 100/60мм.с. б.135/85мм.с.б.
Артериялық гипотензия 90/60мм.с.б.
Артериялық гипертензия 140/90мм.с.б




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет