Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


XIII. Зонд арқылы жасалатын емшаралар…………………………….. 87



бет5/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118
XIII. Зонд арқылы жасалатын емшаралар…………………………….. 87
Асқазанды жуу..………………………………………………………. 87
Лепорский әдісі бойынша асқазанды фракциялы зондтау ……………… 88
Мясоедов әдісі бойынша асқазанды фракциялы зондтау …………… 88
Асқазанды фракциялы зондтау (парентеральды тітіркендіргішпен)……… 89
Ұлтабарды зондтау үшін науқасты дайындау …......................….. 90
XIV. Өкпе-жүпек реанимациясы........................………………….. 92
Қалі ауыр және жанталас үстіндегі науқастар күтімі...………………… 92
Жарақаттанушыны қарау…………………………………………………….. 94
Тікелей емес (жүрекке жабық уқалау)……………………………………… 95
Өкпеге жасанды тыныс беру...…………………………………………............96
Тыныс жолдарының өтімділігін қалпына келтіру……………………… 96
Өлікпен жұмыс істеу ережесі....………………………………………………. 97


I.ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК


Қолды әлеуметтік деңгейде өңдеу


Мақсаты: қол үстіндегі микроағзаларды механикалық әдіспен кетіру. Науқастың және қызметкердің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Көрсетім: қолды әлеуметтік өңдеу қолды қарапайым әдіспен жуу болып табылады:

  • емдеу емшараларын қолғаппен және қолғапсыз орындау алдында және аяқталғасын;

  • ас ішер алдында және соңынан;

  • науқасты тамақтандыру алдынан және кейін;

  • дәретханаға барғаннан кейін;

  • науқасқа күтім көрсетер алдында және соңынан; егер қызметкердің қолы науқастың биологиялық сұйықтықтарымен ластанбаған болса.

Керісінше жағдайда қолды гигиеналық деңгейде өңдейді.
Жабдықтар:

  • бір мәрте пайдаланылатын сұйық сабын немесе шаруашылық сабыны,

  • секундтық тілі бар сағат,

  • жылы ағынды су,

  • лотоктағы қолсүлгі, жеке сүлгі немесе электрлі кептіргіш.

Міндетті шарт: қолдың терісі сау, тырнаққа лак жағылмаған, ұзындығы 1 мм-ден аспау керек. Емшара алдында тырнақтың астын тазалап, жылы ағынды сумен жуу керек
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:

  1. Саусақтардан сақиналарды шешіп, қолдың терісінің бүтіндігін тексеру қажет.

  2. Халаттың жеңдерін шынтаққа дейін түріп, сағатты шешу керек.

  3. Шүмекті ашып, судың температурасын реттеу керек ( 35-40°).

ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Қолды көпірте сабындап, су құбыры шүмегін сабындап жуу қажет (шынтақты шүмек жуылмайды, егер кесек сабын пайдаланылған болса, оны жуып, таза сүлгіге не торлы сабынсауытқа салу керек.

  2. Қолды сабынмен ағынды суға 30 секунд бойы білектің 2/3 дейінгі бөлігіне жеткізіп, саусақ сүйектері мен саусақ аралықтарын қоса, білезік тұсына дейін, содан соң қол сырты мен алақандарды және басбармақ тұсын айналмалы қозғалыс бағытымен жуу керек

Ескерту: егер қол терісінің үсті ешқандай лас қалмайтындай мұқият сабындалса, онда осы бөлінген уақыт қолды әлеуметтік деңгейде деконтоминация жасау үшін әбден жеткілікті.

  1. Қолды ағынды судың астында сабын көбігін кетіргенше мұқият шайқау қажет.

Ескерту: қолдан аққан су қолжуғыш бақалшағына тамшылайтындай етіп, саусақтарды жоғары қарата ұстау керек (қолжуғыш бақалшағына қолды тигізбей, алшақ ұстаған дұрыс). Қол саусақтарының аралықтары аса таза күйде қалғаны жөн.

  1. Қолды жууды осы ізділікпен тағы қайталау керек

ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ:

  1. Қол сүлгіні пайдаланып, шүмекті жабу керек (шынтақты шүмек шынтақ қозғалысымен жабылады).

  2. Қолды таза, құрғақ, жеке сүлгімен немесе құрғатқышпен сорғыту керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет