Есте сақтаңыз: Кассирский инесі – қысқа, мандерні және иненің терең теспеуі үшін қалқаны бар қалың қабырғалы ине.
Буындарға пункция өткізу үшін науқасты және медициналық бұйымдарды дайындау Мақсаты: Диагностикалық: буындардағы заттардың құрамын анықтау.
Емдік: буын қуыстарын тазарту, буын қуыстарына дәрілік заттарды енгізу.
Көрсетім:буын аурулары, буынішілік сынықтар, гемоартроз.
Қарсы көрсетім: тесілген жердің терісіндегі іріңді қабынулар.
Жабдықтар: залалсыздандырылған: ұзындығы 7-10 см, пункцияға арналған ине, 10,20 мл. шприцтер, пинцет, марлі тампондары, асептикалық таңу материалы, салфеткалар, қолғап, лоток, 5% йодтың спирттегі ерітіндісі, 70% спирт ерітіндісі, 0,5% новокаин ерітіндісі, пробиркалар, ҚКЖҚ.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Пункцияны дәрігер асептика ережесін қатаң сақтай отырып емшара кабинетінде өткізеді.
Науқасқа зерттеу туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқастан орындыққа отыруын немесе ыңғайлы қалыпта болуын сұраңыз.
Тесетін орынды өңдеу үшін дәрігерге 5% йодты, содан соң 70% спирт ерітіндісін беріңіз. инфильтрациялық анестезия үшін 0,5% новокаин ертіндісі бар шприцті дайындап беріңіз.
Дәрігер сол қолымен буыннан ұстап, буындардағы сұйықтарды қысып ұстайды да инені енгізіп, шприцке сұйықтықты сорып алады.
Лабораториялық зерттеу үшін алынған сұйықтықты, яғни алғашқы үлесті пробирканың қабырғаларына тигізбей құяды.
Пункциялаудан кейін буын қуысына антибиотиктер, стероидты гормондарды енгізеді.