Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Көрсетім: Метеоризм Қарсы көрсетім



бет79/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   118
Көрсетім: Метеоризм
Қарсы көрсетім:
1.Тік ішектің тілінуі
2.Тоқ ішек пен тік ішектегі жіті жаралы-қабыну процестері
3.Тік ішектің қатерлі ісіктері
Жабдықтау: диаметрі 15 мм, сыртқы ұшы сәл кеңдеу ұзындығы 40-50см резеңке түтік, вазелин, дәретсауыт, клеенка, қысқыш, 2-қолғап, жаялық, ширма.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Науқасты сол жақ қырымен аяғын ішке қарай бүгіп жатқызыңыз. ( немесе арқасымен жатқызу керек)
2.Қолғап пен халат киіңіз (емшара алдында халатты ауыстыру керек)
3.Науқастың жамбасының астына клеенка жайып оның үстіне жаялық төсеңіз.
4.Науқастың жанындағы орындықтың үстіне несепсауытты қойып оның 1/3 бөлігін сумен толтырыңыз.
5.Түтіктің дөңгеленген ұш жағының 20-30 см көлемін вазелинмен майлаңыз.
6. Түтікті орта тұсынан қалам тәрізді ұстап, бос ұшын 4-ші және 5-ші саусағынызбен қысып ұстаңыз.
7.Сол қолыңыздың 1-ші 2-ші саусағымен құйрықты ашып, оң қолмен жел шығарғыш түтікшені 20-30см тереңдікке енгізіңіз.
Назар аударыңыз: Түтіктің алғашқы 3-4 см кіндікке қарай ,кейін параллель етіп омыртқаға қарай енгізіңіз
8.Жел шығарғыш түтікшенің бос ұшын несепсауытқа салыңыз.
Назар аударыңыз! Газбен бірге сұйық нәжісте шығуы мүмкін. Науқасты арқасымен жатқызғанда жел шығарғыш түтікшені салфетка мен клеенкаға орап, науқастың аяғының арасында лотокта қалдыру керек.
9. Қолғапты шешіп, ҚКЖҚ салыңыз. Халатты шешіңіз.
10.Науқастың үстін жауып, 1 сағатқа қалдырыңыз.
11.Бір сағаттан кейін қолғапты киіп, жел шығарғыш түтікшені алыңыз.
Назар аударыңыз! Егер нәтижесі болмаса, онда бір сағаттан кейін 15-20 минутқа үзіліс жасап басқа залалсыздандырылған жел шығаратын түтікшені енгізу керек.

  1. Жел шығарғыш түтікшені зарарсыздандырушы ерітіндіге салыңыз.

  2. Науқастың құйрығын салфеткамен сүртіңіз.

  3. Клеенка мен салфетканы алып су өтпейтін қапшыққа салыңыз.

  4. Қолғапты шешіп ҚКЖҚ салыңыз, халатты шешіңіз, оларды су өтпейтін қапшыққа салып, қолыңызды жуыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет