Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


X. КЛИЗМАЛАР. ЖЕЛ ШЫҒАРАТЫН ТҮТІКШЕ



бет77/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

X. КЛИЗМАЛАР. ЖЕЛ ШЫҒАРАТЫН ТҮТІКШЕ
Тазалау клизмасы
Мақсаты: Жуан ішектің төменгі бөлігін нәжістен босату
Көрсетім:
1.Босанар алдында,операция алдында.
2.Іш қату кезінде.
3.Ішекті эндоскопиялық тексеру алдынан және іш қуысы мүшелерін рентгенологиялық тексеру алдынан
Қарсы көрсетім:

  1. Асқазан және ішектен қан кету.

  2. Тік ішектегі жіті қабыну-жара процесстері;

  3. Іш аймағындағы белгісіз ауырсынулар

  4. Тік ішектің қатерлі ісіктері

  5. Тік ішектің тілінуі және түсуі

  6. Асқорыту мүшелерінің операциясынан кейінгі алғашқы күндер

  7. Көлемді ісіктер

Енгізетін сұйықтықтың мөлшері мен температурасы:
– бөлме температурасындағы 1,5-2 литр су.
– атониялық іш қатуда су температурасы 12 0С
– спастикалық іш қатуда су температурасы 40 0С
Жабдықтау:
-Эсмарх кружкасы, леген, вазелин, алжапқыш, клеенка
Тік ішекке енгізу тереңдігі:
10-20 см. алдымен кіндікке қарай 3-4см тереңдікке, сосын омыртқаға параллельді енгізу қажет
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Эсмарх кружкасына суды құйыңыз. Нәжіс сұйылтуға және жеңіл шығуы үшін суға май қосуға болады.
2.Кружканы штативке іліп, ұшын вазелинмен майлаңыз.
3.Резеңке түтіктің бұрамасын ашыңыз және ішін сумен толтырыңыз. Бұраманы жабыңыз.
4.Шеті легенге түсіп тұратындай етіп кушеткіге клеенканы жайып науқасты сол жақ қырымен аяғын кіндігіне қарай бүгіп жатқызыңыз.
5.Науқасқа нәжіс жақсылап жібу үшін ішектегі суды бірнеше минутка ұстап тұру керектігін түсіндіріңіз.
6.Сол қолдың екі саусағымен құйрықты ашып, оң жақ қолмен ұштықты аналь тесігіне енгізіңіз.
7.Бұраманы ашып, тік ішекке суды жіберу керек. Судың тез жылдамдықпен енбеуін байқап тұру кажет.
8.Бұраманы жауып, ұштықты алып тастау керек.
9.Тез дәретсауытты беріңіз ( егер емшара клизма бөлмесінде өткізілмесе)
Ескерту: Егер ұштықты тік ішекке енгізгеннен кейін су ішекке түспесе, онда ұштықты кішкене өзіне қарай тарту қажет. Немесе кружканы жоғары көтеру керек.Клизмадан кейін науқастың 5-10 минут дәретке отырмағыны жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет