Көрсетім:Науқас жағдайының ауырлығына байланысты
Жабдықтар: жылы су,астына төсейтін клеенка, губка, жылы көрпе, сірке су, камфорлы спирт немесе этил спирті (антисептикалық ерітіндіні: 1-2 ас қасық сірке суды немесе спиртті 1 л суға қосып әзірлейді), сүлгі.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Науқастың астына клеенка төсеңіз.
Суға малынған губкамен (немесе антисептикалық ерітіндіге) емделушінің мойынын, кеудесін, қолдарын сүртіңіз.
Науқастың денесін құрғатып сүртіңіз және көрпе жамылдырыңыз.
Мақсаты: Науқастың төсектегі еріксіз және пассивті жағдайын жеңілдету (гемиплегия, параплегия, тетраплегия кездерінде), ойықтардың алдын-алу, физиологиялық бөліністерін төсек жағдайында алуға мәжбүр болған кездерде.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Науқасқа алдағы емшараның орындалуы жайында түсіндіру, оның емшараны түсінгендігіне көз жеткізу және оған науқастың келісімін алу.
Науқастың жағдайын және қоршаған орта жағдайын бағалау. Кереуеттің тежегіштерін бекіту.
Көрпеден жастықша дайындаңыз, аяқты тіреу үшін.
Кереуеттің мейірбике тұрған жағындағы қолға ұстайтын тұтқасын төмен түсіріңіз.
Науқас кереуеттің орта тұсында арқасымен жатқанына көз жеткізіңіз.
Кереуеттің бас жағын 45-60-90 0жоғары көтеріңіз, 30 0 төмен Фаулер жағдайы, немесе үш жастық қойыңыз: кереуетте тік отырған адам жоғарғы Фаулер жағдайында болады.
Науқастың тізе буынының астына жастық немесе бүктелген көрпені қойыңыз.
Тек бас жағы ғана көтерілген жағдайда науқас басының асына кішкене жастықшаны қойыңыз.
Егер науқас өздігінен қозғала алмайтын болса, онда білегінің және қол саусақтарының астына жастық қойыңыз, білек және білезік буындары аздап жоғары көтеріліп, алақандары төмен қарап орналасулары керек.
Науқастың бел астына жастық қойыңыз.
Тізесінің астына жастық ша қойыңыз.
Өкше тұсына кішкене жастықша қойыңыз.
Аяқтарын 90 0 ұстап тұру үшін тірегішпен қамтамасыз етіңіз (қажет болған жағдайда).
Науқастың ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз. Екі жағындағы тұтқаны көтеріңіз.