Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Ескерту:Дәрігердің нұсқауымен ингаляцияны 40-60 минут ұстау керек. Катетерді толығымен 12 сағатқа қалдыруға болады. VIII.ДӘРІЛЕРДІ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ



бет50/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

Ескерту:Дәрігердің нұсқауымен ингаляцияны 40-60 минут ұстау керек. Катетерді толығымен 12 сағатқа қалдыруға болады.
VIII.ДӘРІЛЕРДІ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ
Дәрілік заттарды энтеральды енгізу
Мақсаты: дәрілерді науқасқа энтеральды енгізу.
Көрсетім: дәрігерлік тағайындаулар.
Жабдықтар: дәрігерлік тағайындау парағы (немесе дәрігерлік тағайындау дәптері) дәрілік препараттар, қайнаған суы бар графин , мензуркалар, тамызғыштар (пипеткалар), қайшылар.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Таблеткіні беру. Дәрілік заттарды қолданғанға дейін орауынан шығармаңыз. Науқастың қолына дәріні беріңіз,науқас оны тілдің түбіріне қойып, сумен ішуін бақылаңыз.Егер науқас таблетканы жұта алмаса, оны уатыңыз,суға ерітіңіз және науқасқа ішуге беріңіз.
Ұнтақ беру. Ұнтақты тілдің түбіріне салып, сумен ішуге беріңіз.Ұнтақты суда ерітіп науқасқа ішкізуге де болады.
Микстураны беру. Микстураны температурасы 20-35°С дейін жылытыңыз. Микстураны қасықтармен немесе мензуркамен мөлшерлеңіз. Ересек науқастарға ас қасықпен (15грамм). Балаларға - шай қасықпен (5грамм) және десерт қасықпен (10грамм).Ащы микстураларды сумен ішкізіңіз.
Балауызды (суппозитории) енгізіңіз. Науқасты сол жақ бүйірге жатқызыңыз,балауызды қабығынан босатыңыз. Сол қолыңызбен құйымшақты ашып, оң қолыңызбен балауызды тік ішекке енгізіңіз.Науқасқа 10-15 минут жатуына және 1-1,5 сағат дәретханаға бармауына кеңес беріңіз.


Дәрілік затарды сыртқы тәсілмен қолдану
Мақсаты: дәрілік заттарды теріге жағу.
Көрсетім:тері аурулары.
Жабдықтар: майлар,эмульсия, дәкелер, бинт.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Май жағу – теріні асептикалық ертіндімен дезинфекциялаңыз, майды жұқалап дәкеге салыңыз, май жағылған дәкені теріге басып, бинтпен байлаңыз.
2. Теріні майлап ысқылау – теріні асептикалық ертіндімен дезинфекциялаңыз, майды жұқалап таза қолдың алақанына салып, май толық сіңгенше теріні ысқылаңыз.
3. Науқас терісін уқалау – асептикалық ертіндімен теріні дезинфекциялаңыз,теріге майдың, тұнбаның кішкене бөлігін салыңыз , теріні бірқалыпты жеңіл гиперемияға дейін уқалаңыз. Май қалдықтарын дәкемен алып тастаңыз.
4. Жабысқақ таңғышты қолдану – жабысқақ таңғыш (пластырь) - су өтпейтін дәкемен жабылған, жабысқақ май. Май негізі дәрілік заттарды құрайды. Пластырьды жабыстырар алдында теріні спиртпен сүртеді, шаш болса қырқып тастайды. Содан кейін қайшымен пластырьды қажетінше қиып, теріге жабыстырады. Алдын-ала спиртпен бір шетін сулап, жайлап пластырьды шешеді. Таңғышты бекіту үшін пластырьды қолданады. Қызарғанда және терлегенде теріні құрғату үшін ұнтақ тәрізді заттарды немесе сепкіштерді қолданады.
ҚАЙТАЛАҢЫЗ! Кілегей қабықшаға дәрілік заттарды қолдану: мұрын, көз тамызғылары, құлаққа, көзге майлар жағу ("Науқастың жеке бас гигиенасы" тақырыбын қараңыз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет