Науқастарға дәрілерді тарату Мейірбике дәрілерді дәрігердің тағайындауымен қатаң сәйкестікте таратады. Мейірбике дәрілерді
өзі тағайындауға, оларды науқасқа беруге немесе басқа дәрілермен алмастыруға құқығы жоқ.
Науқасқа жедел көмек қажет болса немесе дәрі жақпай қалған жағдайда, ол туралы дәрігерге хабарлау керек.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Науқастарға дәрілерді тарату алдында жылжымалы үстел үстіне дәрілер бар ыдыстарды (қатты және сұйық), пипеткалар,(әрбір флаконға бөлек ), мензуркалар, су құйылған графин, қайшылар , тағайындаулық парақтарды қойыңыз.
Дәрігердің нұсқауына сәйкес дәрілерді емделушілердің төсегі жанында таратыңыз.
Науқасқа дәріні бере отырып, оған осы дәрі туралы қажетті ақпаратты беріңіз.
Науқасқа дәрілердің түрін ауыз арқылы және тіластына қабылдауды үйретіңіз.
Науқас дәріні сіздің көзіңізше қабылдауы керек.
Дәрілерді осы тәртіппен тарату өте ұтымды болады, өйткені: - мейірбике науқастың дәріні қабылдауын бақылайды;
- мейірбике тағайындалған дәрі туралы емделуші сұрақтарына жауап бере алады;
- дәрілерді тарату кезінде дәрілерді тарату кезінде қателіктер болмайды.
Дәрілерді тарату кезінде мыналарды есте ұстаңыз: Дәрілерді ауыз арқылы тамақтанудан 15-30 минут бұрын береді, себебі бір-біріне тигізетін әсері сорылуын баяулатады.
Ас қорту жолдарының шыршыты қабаты тітіркендіретін (темір препараттары, ацетилсалицил қышқылы, хлорлы кальций ерітіндісі және т.б.) тамақтан кейін 15-30 минут өткен соң қабылданады.
Ас қорыту процесін жақсартатын ферментті препараттарды (фестал, панзинорм, асқазан сөлі және т.б.) емделушіге аспен бірге беріледі.
«Ашқарынға» белгіленген дәрілер емделушіге таңғы астан 20-60 минут бұрын береді.
Ұйықтататын дәрілер ұйқыдан 30 минут бұрын қабылданады.
Нитроглицерин, валидол (қажет болса) емделуші тумбасында үнемі сақталады.
Тұнбалар, қайнатпалар, ертінділер, микстуралар әдетте ас қасықпен белгіленеді (15мл). Ал стационарда мөлшерленген мензурканы қолданған ыңғайлы.
Спирттік тұнбалар, экстрактлер және кейбір ертінділер (мысалы, 0,1% атропин ерітіндісі, шөп тұнбасы) тамшы ретінде тағайындалады. Дәрі флаконының тамызғышы болмаса, пипетка қолданылады.Әрбір дәріге арналған бөлек пипетка болу керек!
Құрамында темірі бар пилюля, драже, капсула және таблеткалар сол күйінде қолданылады. Көптеген емдеу бөлімшілерінде мейірбикелер уақытты үнемдеу мақсатымен ұяшықтарға бөлінген лотоктарға дәрілерді алдын–ала салып қояды. Әр ұяшықта емделушінің аты-жөні, палата нөмірі көрсітілген. Мейірбике осы лотокпен дәрілерді емделушілерге палаталар бойынша таратады.
Тарату кезінде қателіктер болуы мүмкін (медбикенің мұқиятсыздығынан дәрілік заттар басқа ұяшыққа салынуы мүмкін немесе емделуші қателесіп, оған белгіленбеген дәрілерді алуы мүмкін).
Науқасқа белгіленген дәрілік препараттар жөнінде сұрақтарға жауап беру қиын, өйткені лотоктың ішінде дәрілік препараттар дәріханалық қорапсыз жатады.