4. Науқастың аузы мен мұрнын қақырықтан мақтамен сүртіп тазалау, емшараның алдында (тыныс алу жолдары бос болуы керек).
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ
1 .Мүштікті науқас аузына басыңыз.
Назар аударыңыз! Науқас тынысты алғанда ауызбен ауаны жұтып, мұрынмен шығаруы керек
2.Оттегінің ену жылдамдығын анықтау қажет (минутына 4-5литр)
Есте сақтаңыз! 15 минут аралығында 80-100% оттегін беру қажет. Емшараны қажет жағдайда 10-15минут қайталауға болады.Ұзақ 100% ингаляция қауіпті,ол жағдайда кеуденің қысылуы, кеуденің ауруы, естен тану, ауыздың кебуі және т.б, байқалады
3.Оттегі азайған жағдайда – жастықты бос қолыңызбен қысыңыз, содан кейін мүштікке қарай қарсы шетінен оттегі жастығы босағанға дейін орау керек.
4.Жастықпен оттегін ауыстыру
ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ:
1 .Оттегі жастығын алып,оттегі мүштігінен ажырату.
2.Мүштікті және салфетканы дезинфекциялық ертіндіге салу (үй жағдайында 2% ас содасы ертіндісінде 30 минут қайнату,немесе мүштікті 70% спиртпен сүрту).
Мұрын катетері көмегімен дымқыл оттегін беру Мақсаты: ұлпалардағы гипоксияны азайту
Көрсетім:Дәрігердің нұсқауымен тыныс алу және қан айналымы аурулары
Жабдықтар:Бобров аппараты, тазартылған су,немесе 20% спирт, заласыздандырылған: лоток, мұрын катетері, вазелин майы, шпатель, бинт, лейкопластырь,қолғап.
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:
1 . Науқаспен мүмкіндігінше сенімді қарым-қатынас орнату.
2. Науқастан гипоксияға байланысты белгілерді анықтаңыз.
3. Науқасқа және оның туыстарына емшараның мақсатымен және өту барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз. Гипоксия тахикардияға әкеліп соқтыруы мүмкін –пульстің жиілеуі, брадиаритмия –пульстің сиреуі мен жиілігінің азаюы.
4.Қолды жуып,қолғап кию керек.
5.Бобров аппаратын жұмысқа дайындау:
а)таза әйнек түтікшесіне тазартылған су, немесе 20%-спирт ( 20% спирт немесе антифомсилан өкпе шемені болған науқасқа көмек ретінде көпірік басушыларды қолданады) 2/3 көлемде, 30-40 0С;
б) Тығынның бұрандасының көмегімен қосылыстардың бүтіндігін тексеріңіз.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1Катетердің ұшы тамақ өсіндісінен көрініп тұрса және кіші тілдің 1,5см төмен болса орыналасса катетер дұрыс енгізілген болып есептеледі.
2.Заласыздандырылған мұрын катетерін алыңыз да, оны вазелинмен майлаңыз.
3.Катетерді төменгі мұрын жолына,әрі қарай жұтқыншаққа,құсу рефлекісін тудырмай енгізу.
4. Егер катетер дұрыс енгізілген болса,оның ұшы жұтқыншақтан көрінуі керек
5.Шпательді зарарсыздандырушы ерітіндіге салу
6.Катетердің сыртқы бөлігін науқастың маңдайына,самайына жапсырғышпен жапсыру қажет.
7.Бобров апаратына жалғап,тазартылған сумен немесе 20% спиртпен толтыру немесе көпірікті сөндіргіш арқылы.
Есте сақтаңыз! Тері тесілуін және тыныс жолдарпының кілегейлі қабықтарының кеуіп кетпеуінің алдын алу үшін катетердің орналасу орнын өзгерту қажет,оны мұрынның екінші қуысына енгізу керек.
8.Оттегі ену жылдамдығын анықтау қажет, дозиметр бұрандасын ашып, оттегінің минутына жылдамдығын білу (дәрігердің нұсқауымен).
9. Науқастың мұрын қуысының шырышты қабығын тексеріңіз (мүмкін болатын тітіркенулерді анықтау үшін ).
ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ:
1 .Гипоксияға байланысты науқаспен толық қорытынды талдау жасаңыз.
2.Катетерді суырып алу керек.
3.Катетерді, Бобров аппаратын,шпателді зарарсыздандырыңыз.
4.Қолды жуып кептіру.