Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет54/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   118
Тамшыларды тамызу




Жабдықтар

Науқастың
қалпы

Іс-әрекет алгоритмі

Мұрынға

Мұрынға арналған тамшылар, залалсыздандырылған тамызғыш (пи­петка)

Отырған немесе жатқан қалыпта (жағдайына байланысты), басын қарсы жаққа иығына қарай қисайтып, ақырын шалқайту

1. Тамшы дәрінің дәрігер тағайындауымен сәйкестігін тексеріңіз.
2.Қолыңызды жуыңыз.
3.Науқасты қажетті қалыпты беріп отырғызыңыз.
4.Тамшының қажетті мөлшерін тамызғышқа алыңыз (3-4 тамшы)
5.Тамшыны бір мұрын тесігіне, 1-2 минуттан соң екінші тесігіне тамызыңыз, басын керек жаққа қарай шалқайту.
6. Қолыңызды жуыңыз.
Назар аудар! Тамшы жұтқыншаққа түсуі үшін, науқастың басын барынша артқа қарай шалқайтып, 5-6 тамшы тамызу керек. Науқас тамшының дәмін сезіну керек.

Құлаққа

Құлаққа арналған жылы тамшылар, залалсыздандырылған тамызғыш (пи­петка),
Залалсыздандырылған тампон

Отырған немесе жатқан қалыпта басын қарсы жаққа қарай шалқайту

1. Тамшы дәрінің дәрігер тағайындауымен сәйкестігін тексеріңіз.
2.Қолыңызды жуыңыз.
3.Науқасты қажетті қалыпты беріп отырғызыңыз.
4.Тамшының қажетті мөлшерін тамызғышқа алыңыз (6-8 тамшы)
5.Құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартыңыз.
6.Сыртқы дыбыс жолына тамшыны енгізіңіз
7. Сыртқы дыбыс жолын мақта тампонымен жабыңыз.
8. Қолыңызды жуыңыз.

Көзге

Көзге арналған тамшылар,
залалсыздандырылған тамызғыш (пи­петка)




1. Тамшы дәрінің дәрігер тағайындауымен сәйкестігін тексеріңіз.
2.Қолыңызды жуыңыз.
3.Науқасты қажетті қалыпты беріп отырғызыңыз.
4.Тамшының қажетті мөлшерін тамызғышқа алыңыз (Әр көзге 2-3 тамшы)
5.Науқастың жоғары қарауын сұраңыз.
6.Төменгі қабақты астына қарай тартыңыз.
7.Кірпіктерге тигізбей тамшыны көздің коньюнктивальдық қыртысының ортасына тамызыңыз.
8.Көзден шыққын дәрінің бөліктерін мақта шаригімен сүртіңіз.
9 Қолыңызды жуыңыз.
Ескерту. Егер науқас ессіз жағдайда болса, мейірбике тамшыны тамызу үшін жоғарғы қабақты –жоғарыға қарай, төменгі қабақты – төменге қарай тарту керек



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет