Аликеева А. С. Биология сабағында этнопедагогикалық элементтерді пайдалану кезінде оқушылардың танымдық Қызығушылықтарын арттыру



бет1/6
Дата07.01.2022
өлшемі3,82 Mb.
#16957
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
методичка


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Аликеева А.С.

БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУ
(оқу-әдістемелік нұсқау)

Алматы, 2016
ББК 63.3.я 72

А 36

Автор: Аликеева Айдана - магистрант Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университеті

Рецензент :

Избасарова Р.Ш. – педагогика ғылыми кандидаты, профессоры Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университеті

А 36

ББК 63.3.я 72

А 36

© Аликеева А.С.

Кіріспе
Біздің еліміз тәуелсіздік алып, өз алдына шаңырақ көтеруі, экономиканың, оқу-білімнің, мәдениеттің, әдебиеттің, өнердің және тағы басқа салалардың өсіп-өркендеуіне жол ашты. Қашанда болсын ілгерілеуге апаратын жол сапалы білімге әкеп тірелуі шартты құбылыс. Мемлекетіміздің болашағы жас ұрпақтың бойындағы ізденгіштік қасиеттерін диагностикалау негізінде дамыту, одан әрі жетілдіру, бағыт сілтеу - өзекті міндет болып табылады. Сол үшін балалардың қабілетіне, іздемпаздығына, өнер-білімге деген істер бастар жолға аса мән беріледі. Қоғам дамуына, келешек өмірімізге дарынды балалардың тигізер пайдасы өте зор екенін қазірден білуміз қажетті шарт болып табылады.

Этнопедагогиканың зертгеу өдістері жәиі сөз болган жекелеген авторлар /Н.Я.Ханбиков, Ш.А.Шоров, А.Мирзоев т.б/ енбектерінде әдет - ғұрыптар мен дөстүрлер халықгық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жоніндегі этнографиялық материалдардың халықтық тәлім – тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі. Зор тәрбиелік ықпалға ие, озіндік салт-дәстүрі бар балалар ортасының этнопедагогикалық зерттеу обьеқтісі ретіңце қарастырылуы /М.И.Стельмахович, И.С.Кон/ аса қүптарлық жайлар.


Әлеуметтік жүйенің көпшілікке ортақ түрі отбасынан басталады. Халықтың күнделікті тыныс-тіршілігімен тығыз байланыста дамыған дөстүрлі төрбиенің күрамдас бөлігі отбасы тәрбиесі төжірибесі, халық үғымындағы төрбие жөніндегі түсініктер, тарих елегінен өтіп калыптасқан тәрбие принцптері, әдіс-төсілдерінің мәнін ашып көрсету, оның бүгінгі төрбие ісінде колдану жолдарын қарастыру – этнопедагогика ғылымының өзекті проблемалары. Нақты өмір сүру жағдайыңдағы /өлеуметтік, экономикалық,, мөдени, табиғи және т .6./ белгілі бір этносқа тән рухани өлшемдердің /яғни, әдет пен құлық, әлеуметтік орта қүбылыстарына сезімдік қатынас, сезімдер, құндылық бағдар, салт-дәстүр, қажеттілік, талғам т.б./ жеке тұлғаның өзіндік айқындалу қабілетіне ыкпал ететін басты факторлар екендігі даусыз. Осыған орай түрлі тарихи кезеңдердегі төрбие сипатын тану, халық педагогикасын тәрбие мен тәлім мәселелері қатар көрініс табатын біртұтас процесс ретінде түсіну этнопедагогиканың теориялық мәселелерін қарастыруда қажетгі шарттардың бірі болмақ.

Этнопедагогикада кең теориялық қорытындылауды талап ететін проблемалармен қатар, фактілік материалдар жинақтау, терендеп зерттеу мен тадцауды қажет ететін жекелеген мәселелер де аз емес. Оның аддында шешілуі ең алдымен педагогика мен этнографияға мәнді жәрдемін тигізетін өзекті міндеттер түр. Бүларды төмендегідей такырьштармен белгілеуге болады:



  • мақалдар мен мәтелдер және олардың жас ұрпаққа адамгершілік төжірибесі берілісін қамтамасыз етудегі ролі;

  • жұмбақтар ақыл-ой тәрбиесі қүралы ретінде;
    халық ертегілері халықтың педагогикалық кемеңгерлігінің жарқын талпыныстары ретінде;

  • халық әндері және олардың балалар мен жастарға эстетикалық төрбие берудегі ролі;

  • балалар мен жастар ортасы, оның педагогикалық қызметтері;

  • дүние жүзі халықтарының бесік жырлары ана поэзиясының,
    ана мектебінің жөне педагогиканың көрнекті жетістіктері ретіңде халықгық педагогика жегістіктерін казіргі төрбиеде қолданудың мақсатқа сөйкестілігі жөніндегі түжырымдармен келіскенмен, кәсіби педагогикаға бағытталғандыққа қатысты халықтық педагогика ролі байқарлықтай төмендеп, оның қолданыс аясы тарылуы өбден занды сияқты деген пікірлермен келісу қиын.

Мұңдай пікірлердің кдтелігі, ең алдымен халық даналыгының ешуақытта ескірмейтіндігімен анықталады. Адамзат ғасырлар бойы жүзеге асыру үшін күрескен халық педагогикасы идеялары езінің толық іске қосылу мүмкіндігін дәл осы Кдзақстан Республикасы өзін демократиялық мемлекет ретінде орнықгырып жатқан бетбұрыс кезең жағдайында алуы қажет. Екіншіден, ғылыми жөне халықгық педагогиканы карсы қоймау, ал салыстыру қажет, ол - ғылыми білімдер түрғысынан педагогиканың халықтыган анықтап ашып керсету мүмкіндігін береді. Және, керісінше, балаларды халықгық тәрбиелеудің бұқаралық тәжірибесінің жәрдемімен ғылыми педагогикалык теориялардың өмірге икемділігін тексеру де маңызды.

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру мен тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті. Қазіргі таңда жас ұрпақты қыр-сырынан тани білу, халқымыздың мәдениетін, тарихын, халықтық тағлымдарын бойларына сіңіру ізгі істерді бастар жолда аса мән берідеді. Біздің мәселеміз бойынша Отандық ғалымдарымыз Т.К.Самұратова, Г.Габбасов, М.Мұқанов, В.С.Кузин, Г.А.Мамықова және т.б. еңбектерінен көруге болады. Бала психикасының әр жаста әр алуан болып келуі әлеуметік ортаның недәуір ықпалы бар. Қазақ балаларының ертерек ес тоқтатып, етек жабуына сол кездегі ұлттық психология мен педагогиканың әсері болса керек. Қазақ халқының ұлттық психологиясы баланың жас кезеңдерін еспке ала отырып, оған көп мән беріп отырған. Осы үмітті ойдағыдай ақтау үшін, біздің мектептеріміз балалардың бойына ұлттық педагогика тағлымдарын алғашқы күннен бастап оқыту, үйрету, тәрбиелеу және даму үрдісімен толық ұштастыра жүргізуде, өз өрендеріне дүниенің алуан түрлі қыр-сырын ашып береді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет