Алимбаев аслан есемканович


Келесі тұжырымдар қорғауға ұсынылып отыр



бет11/23
Дата02.03.2022
өлшемі263,17 Kb.
#26879
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Келесі тұжырымдар қорғауға ұсынылып отыр:

  1. Көне түркілердің жазба мұраларынан «мәңгілік» мотивінің кеңінен орын алғандығын байқаймыз.

  2. Мотив – сюжет құрауға негізі болып, маңызды ақпарат береді. Әсіресе, эпостық жырларда қайталанып кездесіп отыратындығымен ерекшеленеді.

  3. Түркі халықтарының тұрмыс-тіршілігінен, өзіндік дәстүрінен ақпарат беретін «Мәңгілік бейне», «Мәңгілік су», «Мәңгілік өмір», «Мәңгілік алау», «Мәңгілік Ел», «Мәңгілік тас», «Мәңгілік жарық» тіркестері шығармадағы мотивтерден түркі халықтарының наным-сенімдерін байқауға болады.

  4. Күнге табыну, Көк Тәңіріне табыну, отқа табыну, табиғатқа табыну т.б. мифтік наным-сенімдерден түркі дүниетанымынан нақты ақпараттар аламыз.

  5. Түркілердің мәңгі тасқа қашап жазған жырлары бүгінгі күн тұрғысынан әдебиеттің барлық шарттарына сай келмейтіні рас. Дейтұрғанмен, бүгінгі әлем әдебиетімен терезесі теңескен қазақ әдебиетінің күре тамыры, өзегі осы түркілік әдебиетте жатыр.

  6. Әбу Насыр әл-Фарабидің «Қайырымды қала» шығармасында, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік», Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы», Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет» т.б. еңбектеріндегі ізгілікті қоғам, тұғыры берік мемлекет болудың сипаттары талданған.

  7. Елбасының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы Қазақстан халқының ұстанымы ғана емес, барша түркі әлемі интеграциясының феномені болуы тиіс. Демек, ұлттық идеяны жүзеге асыру жолында әлі де көркем туындылар, тың зерттеулер дүниеге келері анық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет