Түркі ойшылдары мұраларындағы Ұлы Дала гуманизмі
Түркі тілді мәдениеттің астарлы тарихына үңілер болсақ, онда әлемдік мәдениетке өзіндік үлес қосатын талай мәдени мұраның қорына тап боламыз. Тек осы рухани байлықты төкпей-шашпай, келесі ұрпаққа бар қадірін түсірмей жеткізе білу – қазіргі заманның зерделі қауымының тарихи міндеті.
Түркілік мәдениеттің түркі тілдес көптеген халықтарға ортақ негіз бола алатын талас тудырмауы тиіс. Сондықтан дәстүрлі қоғамдағы әр түрлі рухани қайнар көзі болған дүниелерді жарыққа шығарып, мәдени мұра ретінде қолданысқа енгізіп, оны рухани құндылық ретінде қарау басымдық танытса ғана халықтар арасындағы үйлесімділік те арта түскен болар еді. Әрбір халық өзінің этникалық генезисіне көңіл бөліп, оны талқылаудан өткізуге тырысуы – ғылыми зерттеу тұрғысынан алғанда заңды құбылыс.
Рухани құндылықтар ұлттың рухани кемелденуіне жұмыс жасаса қоғам ізгіленеді. Жалпы «ізгілікті қоғам» тіркесінің сөздік қорымызда болуының өзі, адам баласының өмір сүріп жатқан дәуіріне көңілі толмауының бірден-бір белгісі. Жан-жақты дамыған қоғам болса, мұндай тіркес, мұндай ұғым болмас еді. Ата-бабаларымыздың «ізгілікті қоғам» құруды аңсағанын көне түркі жазба ескерткіштерінен де көреміз. Одан кейінгі кезеңдерде де жібін үзбей келе жатқан бұл идея Жерұйықты іздеген Асан қайғы, Қорқыттың өлімнен қашуы сияқты сюжеттерден бізге етене таныс.
Адамзат өмірінің барлық кезеңдерінде тарихи мұраға, өткенге көзқарас үнемі бір қалыпты емес. Ол қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер күні бүгінге дейін жүріп жатыр. Бүгінде «мәдениеттегі әрбір құбылысты бастапқы даму жолы дайындаған белгілі бір сара кезең» деген жайдақ эволюционистік артта қалғандай. Біз мәдени өткенімізді бізбен бірге әрбір адамзат болмысының қажетті бөлігі ретінде өмір сүріп отырғанын түсінеміз. Бұл – Р.М. Рильке айтқандай, бұрын-соңды өткеннің барлығының мәнінің өзі, өткеннің өлі жүк болып қалмауы, бірақ өткеннің бізге ғажайып бейнеде қайтып оралуы. Адамның мәдени болмысы өзі туып-өскен, тәрбиеленген мәдениеттің болмысына байланысты толысады [20].
Тарихта оқиғалар алмасуында жоғары шарықтаулар мен құлдыраулар болуы заңдылық. Ата-бабаларымыздың бізге қалдырған мұралары тек қана жетістіктерден тұрмайды, оларда да жеңілістер болды. Өмір деалектикасы мен қоғамның дамуы осылай болмақ. Біздің де әлеуметтік өміріміз бен рухани өмірімізде үздіксіз қозғалыс бар. Күрделі кезеңдерде біз ойланамыз, толғанамыз, келесі дамуға қайратымызды жинаймыз. Бүкіл әлемдік өркениетте лайықты орын алатын түркілік мәдениеттің бір бөлшегі Ұлы Дала мәдениеті. Бостандық пен Тәуелсіздіктің арқасында өткенімізді терең меңгеріп, қабылдап, түсініп, өзіміздің тарихи, рухани, мәдени байлықтарымызды, оның берік іргетасына сүйене отырып, түркілік гуманизм негіздерін игеретін сәт туды.
Жалпы адамзаттың өркениет қазынасына өз үлестерін қосқан халықтардың мәдени және ғылыми мұралары – ғасырлар тереңінде өздерінің ізгі ойларын ұсынған ұлы адамдардың есімдерін ғана емес, әр ұлттың өзіне тән бай мәдениетін де көрсетеді. Басқа әлем халықтары сияқты түркілер де бай, дамыған мәдени-ғылыми философиялық ойлары бар халық.
Адамзаттың пайда болғанынан бастап келе жатқан ізгілік, қайырымдылық, имандылық, адамгершілік сынды құндылықтардың насихатталуы үздіксіз жүріп келе жатқанын тарихтағы жазбалардан білеміз. Бұл – заңды құбылыс. Уақыт өзгергенімен, кеңістік өзгермейді, пішін өзгергенімен, мазмұн өзгермейтіні секілді, әдебиеттегі адамгершілік құндылықтардың да өзгермейтіні рас.
Шығыс философиясына аса үлкен еңбек сіңірген ғұламалардың қатарына Әбу Насыр әл-Фарабиді жатқызамыз. Оның шығармашылық мұрасына арналған зерттеу еңбектері көп. Сондықтан «Екінші Ұстаздың» еңбектері рухани байлығымыздың сүбелі жақтарын құрайды.
Қазақстанның түркілік дәуіріндегі шекарасына исламның рухани бағдар ретінде келуі үлкен оқиға болғаны белгілі. Қожа Ахмет Ясауи сияқты түркілік әлемге аса зор ықпал еткен сопылық сипаттағы ислам өкілінің дүниетанымдық айшықтары – өзінше бір философиялық, әдебиеттік, мәдениеттік құндылығы бар жүйе. Кейінгі тарихи кезеңдерде қазақ жерінде осы ойшылдың арқасында сопылық философия дәстүрі қалыптасты. Ұлы дала ойшылдарының ізгілікті насихаттаудағы туындыларын тұтас бір антология деп қарастыруымызға болады [20, б. 128].
Түркілердің өзі тіліндегі алғашқы энциклопедиялық еңбектердің бірі – Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі». Бұл еңбектің ерекше маңызы – автордың қоғамдағы мәселелердің барлығына моральдық бағалаулар бере алуында, мейірімділікке, әділеттілікке, қайырымдылыққа шақыруында. Ойшыл адамдардың әлеуметтік ортадағы іс-қимылдарының белгілі бір тәртіпке сәйкес келуі тиістілігін айтады. Міне, осындай дүниетанымдық негіздердің, бағдарлардың белсенді құрылымы, терең мазмұны қоғамда қалыптасқан жағдайда ғана ол өзінің игілікті әсерін әрбір азаматқа тигізетінін ғұлама өзінің тарихи шығармасында оқырманға барынша түсінікті етіп жеткізуге тырысады. Далалық танымның, менталитетті ұғынудың қандай түрі қолайлы болатынына тоқталатын болсақ, онда, әрине, екі басымдылық танытатын үрдісті көрсетуге болады. Алдымен, шығарманың мәтіні өлең сөзбен жеткізіліп, поэтикалық қабылдаудың, қарым-қатынастың күші, сиқыры барынша қолданылуы тиіс. Екіншіден, кез келген мәтіннің өзегін рухани адамгершілік мәселелерді дәріптейтін этикалық категориялар құрауы тиіс. Міне, осы екі талаптың екеуіне де Жүсіп Баласағұнның тарихи мұрасы толық жауап береді деп жазады философ ғалым С. Нұрматов [21]. Сондықтан Жүсіп Баласағұнның еңбегі тарих сынағынан өткендіктен, адами күрделі мәселелердің көбіне оңды жауап бергендіктен ғана қазіргі кезеңнің құндылықтар жүйесінен лайықты орын алып отыр.
Түркілік әдебиеттен ойып тұрып орын алатын Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» туындысы. Бұл шығарма да тарихтың сұрыптауынан өтіп, қазіргі қоғамға жеткен асыл жауһарымыз. Мұнда қоғамдағы келеңсіз жайттар, жеке адамға қатысты адамгершілік, имандылық сияқты жақсы қасиеттерді қалай бойға сіңірудің жолдары нақты көрсетіп берілген.
Осы аталған шығыс шайырларының еңбектеріндегі адамгершілік, имандылық, парасаттылық, т.б. ізгі қасиеттер туралы жан-жақты талдаймыз. Туынды идеясы, туынды жазылған дәуірдегі маңызы және біздің кезеңдегі өзектілігі жайлы сөз болмақ.
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ әл-Фараби ат-түрки (870-950) Отырар жазирасында (қазіргі Оңтүстік Қазақстан аумағында) дүниеге келген [22].
Тарихта (Аристотельден кейінгі) Екінші Ұстаз деген жоғары атаққа ие болған әл-Фараби өзінің энциклопедиялық білімі арқасында философиялық, әлеуметтік, саяси, этикалық, эстетикалық мәселелермен бірге, жаратылыстану және математика саласындағы көптеген ауқымды ғылыми шығармалар жазған ғалым. Ойшылдың өте бай ғылыми мұраны қалдыруымен қатар, қоғамдағы күрделі мәселелерді шешуі, әлемдік ғылымның дамуы тарихында өзіндік бағасын алды. Адамзаттың табиғат пен оның заңдылықтарын тануға деген үнемі артып келе жатқан құштарлығына зор ықпалын тигізгені сөзсіз.
Әбу Насыр әл-Фараби азаматтық ғылым, құқықтану мен догматикалық теология ғылымдарына терең бойлап, өшпес мұра қалдырды. Азаматтық ғылым еркіндікке негізделген адамның әрекеттері мен жүріп-тұру қимылдарын анықтайды. Сондықтан да бұл білім адамның мінезі мен оның жасайтын әрекеттерінің мақсатын, адам өмірінің шынайы мақсатына жетелейтін адамның мұраты мен қылықтарының қандай болуы керектігін зерттейді. Ол адамның жалған емес, шынайы бақытының мәнін түсіндіреді. Теориялық және қолданбалы бағдар ретінде ол этика, психология, эстетика және саясатпен тығыз байланысты. Мемлекетті дұрыс басқару үшін қажетті барлық нәрсе азаматтық қоғам құруда деуі заңдылық.
Әл-Фарабидің азаматтық ғылымға қосқан үлесін көрсету үшін біз ойшылдың «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жайында», «Мемлекеттік қайраткердің афоризмдері» және т.б. трактаттарын жұмысымыздың ізгілікті қоғам орнату мен Мәңгілік Ел болу арналарының бір өзегі ретінде алып отырмыз. Бұл орта ғасырдағы гуманитарлық білімдер туралы жеткілікті түсінік береді және адамды тәрбиелеу мен мемлекеттік өмірді құрудың қолданбалы мәселелеріне тікелей қатысты.
Ғалымның идеалды мемлекет пен адамның кемелденуі туралы адамгершілік-саяси теориясында тек мемлекет басшылары ғана емес, барлық азаматтар ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың императивтері мен механизмдері ашылды, басқаша айтқанда, мұның альфасы мен омегасы – бақытқа жету еді. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасының ішінде мемлекет пен адам туралы ілімнің мазмұны арқылы көрсетілген адамзатқа үлкен махабатқа ие болу, ақиқат, жақсылық, әділдік пен сұлулықты идеалға айналдыру сияқты адам мен мемлекет туралы адамгершілік қамқорлығынан асқан игілікті және қайырымды іс жоқ.
Әл-Фарабидің әділ қоғам, адамдар арасындағы түсінушілік пен қайырымдылық, бақытқа жету жолында бір-біріне жәрдем беру, тәлім мен тәрбие, бейбітшілік пен достық, жаман мінез бен соғысты сөгу идеялары әлемдік әлеуметтік-саяси теорияның біртұтас бөлігіне айналып кетті.
Әл-Фарабидің «Қайырымды қала» және «Қайырымды қалаға теріс қалалар» деп екіге бөліп қарастырады (кесте 1).
Кесте 1 – Қайырымды қала және Қайырымды қалаға теріс қалалар салыстыру схемасы
Қайырымды қала
|
Қайырымды қалаға теріс қалалар
|
Адам бақытқа жетелейтін ұстазға мұқтаж
|
Надан қала
|
Басшы басқаға үйретіп жол көрсетеді
|
Пасық қала
|
Бірінші басшы
|
Адасқан қала
|
Жалғастырушы (ізбасар) басшы
|
|
Мәңгілік қайырымды қала тұрғындарының бағыты
|
Әрекет жасаушылар
|
Адасқан қала тұрғындарының бағыты
|
|
Қайырымды қала тұрғындарының дәрежелері әлемдегі болмыс дәрежелеріне, ал бірінші басшы жаратушыға ұқсайды
|
|
Қайырымды қала тұрғындарының бақытқа кенелуі үшін білуі қажет болған нәрсе
|
|
Қайырымды қала. Автор туындыны бастауынан адам мәселесін қозғайды. Адам бар жерде тәрбие мәселесі қоса жүретіні – ақиқат дүние. Тәрбие мен білімді қатар алып жүрген адам жеткілікті тәрбие алмағандарға басшы болады дейді. Әр маман өз саласының білгірі болумен қатар, тәрбиелі болуы керек дегенді үндейді. Сонымен қатар автордың айтуынша: Адамдарды жаратылысынан, өнерлер, ғылымдар сатыларына жіктелуіне сәйкес ажыратылады. Олар осы нәрселерге жаратылысынан бейім болады. Қайсыбір текке жаратылысынан әзір тұратындар сол тектің бөлшектеріне сәйкес жіктеледі. Бұл тектің неғұрлым пәс бөлшектеріне жаратылысынан бейім адамдар, сол тектің неғұрлым лайықты бөлшектеріне бейімделгендерден өзгеше болады. Қайсібір текке және тектің қайсібір бөлшегіне жаратылысынан бейім адамдар, өзінің алдын ала бейімдігінің жетілген-жетілмегеніне сәйкес ажыратылады [20, б. 408].
Әрі қарай ғалым, неғұрлым жетілген тәрбие көрген адамдар, нақ сол салада соғұрлым кәміл емес тәрбие алғандарға басшы болады деп жазады.
Жаратылысынан ең абзал қасиеттері бар және жаратылысынан өзі бейім нәрселердің бәріне сәйкес тәрбие алғанда осы салада жаратылысынан тамаша қасиеті еш уақытта болмағандарға басшы бола алмайды; олар жаратылысынан тамаша қасиеті бар, бірақ тиісті тәрбие алмағандарға ғана немесе жеткілікті тәрбие алмағандарға басшы бола алады [20, б. 408] Жаратылысынан адам болып туылғаннан кейін, адамға тән тәрбие беру – ата-ананың міндеті. Ал жаратылысынан адамға тән емес қасиеті жоқтарға басшы болу мүмкін емес дейді автор. Жаратылысынан тамаша қасиеті болмайтын әрине, мақұлықтар. Оларға адам ие бола алады, бірақ басшы бола алмайды деп ой түюімізге болады.
Адам бақытқа жетелейтін ұстазға мұқтаж. Адам баласы дүние есігін білсем екен, үйренсем екен деп дүние есігін ашады. Оған үйрететін адамның болуы керек. Алғашында бұл миссияны ата-анасы орындайды, бүгінгі қоғам көзімен айтсақ балабақшадағы тәрбиеші, мектептегі мұғалім, колледж, ЖОО оқутышылар адам баласына ұстаздық қызмет атқарады. Жалпы өмірдің өзі ұстаз десек те болады. Бұл жөнінде ұлы ойшыл былай деп жазады. (Адамның өмір сүру мақсаты ең жоғарғы бақытқа жету болатын болса, ол адам бақыт дегеннің не екенін білуі қажет және оны өзінің мақсаты етіп қойып, соған ұмтылуы қажет. Сонан кейін ол бақытқа жету үшін не істеуге тиіс екенін біліп соған әрекет жасауы керек.
Әртүрлі индивиттердің түрліше қасиеттерінің айтылғанынан мынадай қорытынды шығады: білуі тиіс болған нәрселер мен бақытты кез келген адам біле бермейді. Бұл нәрсе кез келген адамға бітетін қасиет емес. Ол үшін ақылгөй ұстаз керек [20, б. 409]
Басшы басқаға үйретіп жол көрсетеді. Басқа адамға басшылық ету де әр адамның қолынан келе бермейді және тиісті әрекетті жасауға итермелеуші болу қабілеті әрбір адамда бола бермейді. Осы нәрселердің біріне итермелеуші болуға немесе оны өзге адамға жеткізе білуге мүлдем қабілетсіз адам ешбір жағдайда басшы бола алмайды. Мұндай адам тек біреудің басшылығында болады. Ал енді бір жағдайларда басшылық етіп жетелуші болуға және оны осы ретте пайдалануға қабілетті адам соны өздігімен істей алмайтындарға осы мәселеде басшы болады. Осыған өздігімен жете алмайтын адам, егер соның өзіне басшылық етіп, оны осы жолда пайдаланады. Міне, мұндай адам өзі біреулерге басшы болып әрі өзі біреулердің басшылығында болады.
Итермелеуші немесе белгілі бір мәселе төңірегінде өзге адамға жеткізе білуге қабілетсіз адамдардың бүгінгі таңда билікте отырғаны ақиқат. Бұл жөнінде автор сөз қозғамайды. Ол заманда бүгінгідей жағдай болмауынан немесе ойшыл айтып отырған нәрсе заңдылық күйінде қабылданған, яғни солай болу керек деген мағынада. Қабілетсіз адам билікке келсе, қарамағына да қабілетсіздерді жинауы анық дүние. Өйткені қарамағындағылар өзінен асып кетпеуін көздеген басшы, өзінен озғандарды ығыстыратыны да шындық (кесте 2).
Кесте 2 – Басшы туралы түсініктер
Бірінші басшы
|
Жалғастырушы (ізбасар) басшы
|
Абсолюттік мағынада бірінші басшы дегеніміз кім? Бұл басқа біреудің басшылығын мүлдем керек етпейтін, ғылымдары мен білімдерінің жетілгені сонша, бұл жөнінде өзіне басшылық ететін басқа адамға мүлдем тәуелді болмайтын дәрежеде шын жетілген адам
|
Екінші басшы дегеніміз – өзіне басқа кісі басшы, ал өзі басқа бір кісіге басшы.
|
Бірінші басшы бұл, адамды бақытқа жеткізетін әрекеттерді белгілеуге және оларға бағыт сілтеуге тамаша қабілетті. Бірінші басшы – жан-жақты жетілген, ақылды, парасатты, әділ басшы. Бұл жөнінде әл-Фараби былай деп жазады, адамдарды бақытқа жеткізетін және бағыт сілтейтін қабілетті басшыға жаратылыс қасиеттері өте тамаша, абзал адамдарға, яғни жандары әрекетшіл ақыл-парастапен бірге біткен адамдарға ғана тән. Ал оған мына жолдармен жетуге болады, сонсоң онда жүре келе қалыптасқан ақыл-парасат пайдсында болады, осыдан кейін ол әрекетшіл ақыл-парасатпен қосылады. Мұндай адамды ертедегілер нағыз әкім дем атаған. Бұл туралы оған аян берілген деуге болады. Егер адам сол сатыға жеткен болса, басқаша айтқанда, егер мұны мен әрекетшіл ақыл-парасаттың арасында дәнекерлеуші ештеңе болмаса, оған аян беріледі. Жүре келе туатын ақыл-парасаттың субстратынан болатын бәйекшіл ақыл-парасаттан материяға ұқсайды, ал жүре келе туатын ақыл-парасат әрекетшіл ақыл-парасаттың субстраты бола отырып, материяға ұқсайды; бұл өзі әрекетшіл ақыл-парасаттан бәйекшіл ақыл-парасатқа күш құйылған кезде адамның нәрселер мен әрекеттерді белгілеп, осыларды бақытқа жетуге бағдарлап алуына көмектесетін күш құйылған кезде болады. Әрекетшіл ақыл-парасаттың арасындағы қатынас осылай болса және оларға жүре келе туатын ақыл-парасат дәнекер болса, уахи сонда болады.
|
Егер де бір қалаға, бір халықтың шеңберіне немесе көптеген халықтардың шеңберіне жиналып қала құрған болса, онда бұлардың жейтін қамы, мақсаттары, тілек теріне әрекет еті жолдары біріңғай болудың арқасында бейне бір әкім болғандай болар еді. Және бұлар уақыт жағынан бірінен соң бірі кезек ауысып, бір әкім сияқты болар еді, өйткені, екіншісі біріншінің әре кет жолын ұстар еді, келесісі өзінен бұрынғының өмір жолын ұстар еді. Нақ осы сияқты, осылардың ішінде қайсыбірі бұрін өзі енгізген заңды белгілі бір уақытта өзгерткен дұрыс болады деп тапса, өзгеруі әбден-ақ орынды нәрсе болып шығады. Және нақ осы сияқты, келесі бір әкім өзінен бұрынғының жасап шығарған заның өзгерте алады. Өйткені мұнан бұрынғы әкім қазіргі жағдайды көрсе, соның өзі де ол заңдарды өзгерткен болар еді. Ал енді ол адам қазіргі жағдаймен келіспесе, онда ол бұрын қабылданған және бір кезде сақталып келген, осылардың негізінде бұрынғы әкім қалаларды билеген заңдарды жаңадан қайта
|
Кестенің жалғасы 2
Осы басшылыққа бағынатын адам баласы қайырымды, абзал және бақытты адамдар болмақ. Бұл адамдар біріп халықты құрайды, ал бұндай адамдар бір жерге бірігіп қоныстанса олар қайырымды қала болып табылады
|
енгізеді. Осы жазылған заңдардың, бұрынғы халықтардан ауысқан заңдардың негізінде қаланы билеуші басшы – осы заң бойынша, жалғастырушы әкім
|
Мәңгілік қайырымды қала тұрғынарының бағыты:
Егер қаланың әр тұрғыны соған жазылған заңға сай қимыл әрекет жасайтын болса, осыны өзі түсініп істеп отыр ма немесе басшы осыған себепкер болды ма, бағыт берді ме, бұған қарамастан, оның осындай әрекеттері оған тамаша рухани азық болады. Мұның өзі хат, кітап жазуға байланысты ұзақ уақыт шебер әрекет жасағанмен бірдей, адам хатты шебер, сұлу жазуға машықтанады, ал мұның өзі рухани азық және ол осымен қаншалықты көп айналысқан сайын, соншалық мол рахатқа кенеледі және ие болған қабілетінен соншалықты күшті көңіл қошын табады.
Нақ осы сияқты, бақытқа жетуге бағытталған белгілі бір әрекеттер жаратылысы бойынша жанның бақытқа күні бұрын бейім тұратын бөлшегін нығайта түседі және оны өзекті етеді, жетілдіре түседі. Өзінің жетілуіне байланысты жан материяға зәру болудан қалады, одан арылады. Ол материяның опат болуымен бірге өзі опат болмайды, өйткені өзінің қабілеттері үшін және өмір сүруі үшін ол бұдан былай материяға мұқтаж болудан қалады. Міне, осы кезде ол бақытқа жетеді. Бұл жерде жан мен тәннің айырмашылығын көріп отырмыз. Жан қалауы мен тән қалауы адамзат пайда болғаннан бастап екі түрлі екені баршамызға аян.
Қала тұрғындарының бақыттан алатын үлесі сан жағынан да, сапа жағынан да бірінен-бірі артық болатыны және мұның өзі қаланың іс-әрекеттері арақасында болатын жетілгендіктердің бірінен-бірінің қаншалықты артықтығына байланысты болатыны анық нәрсе. Сондықтан осыған сәйкес алатын рахаттар да бірінен-бірі артық болады. Егер жан материядан денесіз бөлініп шығатын болса, онда ол денелерге тән акциденциялардан арылады, солай болған соң жан туралы одан былай қозғалады деп айтуға болмайды және бұдан енді денесіз нәрселерге сай сөздерді қолдану керек болады. Жан денеде болатын кездегі адамның барлық жан дүниесінде жататындар, енді материядан ажыраған жан жөнінде теріске шығарылатын болуға тиіс. Ал енді жанның осындай күйін түсіну мен көзге елестету қиын және әдеттен тыс жұмыс, мұның өзі дене болып табылмайтын және денелерде болмайтын субстанциялардын формаларын көзге елестетудің өзі қиын сияқты нәрсе.
Адамдардың бір ұрпағы өліп, олардың денелері құрыған кезде олардың жандары азат болады да, бақытқа жетеді. Олардың орнына осылардың орнын басатын жаңа адамдар келеді және егер, бұл адамдар өзінен бұрын өткендердің ісін істейтін болса, онда бұлардың да жандары өздерінің денелерінен азат болады және денелері опат болғаннан кейін бұлар бұрынғы ұрпақтағы өздерінен бұрын өткендердің дәрежесіне жетіп, денелі емес нәрселер қалай көрші өмір сүретін болса, сол мағынада бұлардың жандары көршілес болып орналасады және бұл жандар бір ұрпақтағы адамдардың өздеріне ұқсас жандармен бірігеді, - дейді ұлы ойшыл Әл-Фараби.
Материядан ажыраған өзара ұқсас жандар бірімен-бірі қослып түскен сайын олардың әрқайсысы соғұрлым зор рахатқа жетіп, кенеледі. Бұларға кейінгі ұрпақтардың жандары қосыла түскен сайын, бұлардың рахаты бұрынғы өткендердің жандарымен кездесу арқылы өрши түседі, ал бұрын өткен ұрпақтардың рахаты да кейінгілермен қосылудың нәтижесінде арта береді, өйткені бұлардың әрқайсысы өз мәнін ақылмен пайымдайды және пайымдалғандары болашақта соңғы ұрпақтардың жандарымен қосылғанда арта түседі де олардың әрқайсысының рахаты бара-бара күшейе береді. Әр ұрпақта осылай болып келген. Әрекетшіл ақыл-парасаттың мақсаты болып табылатың ең жоғарғы шын бақыт, міне осындай [20, б. 412].
Біз бұл бөлімнен бір сөзін қалдырмай толық алдық. Арасынан жұлып алсақ, түсініксіз болып қалады деген мақсатпен. Енді жоғарыдағы жолдарды пайымдай келе, мынадай ой қорытуға болады. Адам баласының жаны денеден бөлініп шыққан кезде ғана шын бақытқа кенеледі екен. Материядан бөлініп шыққан жан жеңілденіп, орнына басқа жан келіп професс осылай жүре береді.
Адасқан қала тұрғындарының бағыты:
Тақырыптың өзі айтып тұрғандай, адасқан адамдардың мінез-құлқы жайлы сөз болады. Автор «Қайсібір қаланың тұрғындарының іс-әрекеті бақытқа жетуге бағытталмаған болса, онда жамандыққа ұшырайды. Бұл іс-әрекеттер, мейлі өзі хат жазу өнері немесе өнердің қайсібір түріне қатысты әрекеттер болсын, өздері оңбаған әрекеттер бола отырып, жанға да сол өнердің тегіне сәйкес оңбаған сапалар қалдырады» [20, б. 412].
Адам жаман қылықтарға әуес болса, оның жаны да сондай болары ақиқат. Жүректі тек жақсылықпен ғана сусындату керек дегенді насихаттайау арқылы, жаман адам қандай болары жайлы сөз қозғалған.
Қайырымды қала тұрғындарының дәрежелері әлемдегі болмыс дәрежелеріне, ал бірінші басшы жаратушыға ұқсайды. Қала тұрғындарына басшылық жасай білу жөнінде және өздерінде туа болатын сапалары мен алған сай атқаратын қызметіне қарай бірінен-бірі артық-кем түсіп жатады. Бірінші басшы деп, тұрғындардың неге лайық екеніне қарай оларға әлде қызмет атқару дәрежесін, әлде басшы болу дәрежесін анықтап, адамдардың әрбір тобының және белгілі бір топтың әрбір мүшесінің орнын белгілеуші адамды айтады. Басшылық сатыларында бірінші басшының сатысына жақындайтындары, онан біраз алысырақ тұратындары да бар. Басшылық сатылары ең жоғарғы сатыдан қызмет атқарушының сатысына дейін, яғни басшылыққа ешқандай қатысы жоқ және онан төмен тұрған ешқандай сатыда болмайтын дәрежеге дейін біртіндеп төмендей береді. Басшы осы сатыларды белгіегеннен кейін, жаңалық енгізгісі келетін болса, ол қаланың барлық тұрғындарына немесе осылардың қайсібір тобына тапсырғысы келетін істер жөнінде жаңа жарлық шығара алады. Бұл жағдайда ол мұны өзіне ең жақын сатыларды тұрғандарға айтып, жарлықты орындатады. Бұлар өз тарапынан жаңағыдан да төмен тұрған келесі сатылардағы тұрғандарға айтады, сөйтіп осы тәртіппен бұл істе қызмет атқару сатысы белгіленгендерге тақалғанға дейін төмендеп кете береді. Сөйтіп қаланың түрлі бөлшектері жоғарыдан төмен қарай бірінен соң бірі орналасатын сатылар түрінде өзара байланыста және өзара орайласып келісулі болады.
Қала әкімінің ісі, яғни басшының ісі қала тіршілігінің өзара байланысын және өзара келісімін орнататындай етіп қаланы басқару, оның тұрғындарын игілікке ие болуы, зұлымдықтың тамырын жою ісіне біріне-бірі көмек көрсететіндей тәртіп орнатуы керек. Және де бақытқа жету үшін пайдасы тиетіннің бәрін сақтап, оны көбейтіп, зиян келтіретін нәрсені пайдалы етуге, болмайтын нәрсенің зиянын жойып немесе азайтып, жаратушы берген игіліктің бәрін қарастыру. Бір сөзбен айтқанда, ол екі зұлымдықтың екеуін де жоюға және екі бірдей игілікті орнатуға тырысады [20, б. 412]. Зұлымдықты жою арқылы игілікті арттыру мақсат әр ел басшысының мақсаты болуы заңдылық.
Қайырымды қала тұрғындарының бақытқа кенелуі үшін білуі қажет болған нәрсе. Қайырымды қаланың әрбір тұрғыны өмір сүруші нәрселердің алғашқы бастамасын, олардың бағынышты сатыларын, бақытты қайырымды ақаланың басшылығын, бұл басшылықтың сатыларын, бақытқа жетуге бастайтын мақтаулы істерді біліп алуға тиіс. Бақытқа жетелейтін бұл істерді білумен ғана шектелуге болмайды, қайырымды қала тұрғындары оған әрекет қолданулары керек.
Адам баласы өмір сүріп тұрған тіршіліктің бастауларын және олардың сатылары бақытты, қайырымды қалаларға басшылық етуді ұғымдар түрінде ойлап, ақылмен пайымдай алады немесе қиялдай алады. Егер осылар шын болмыстағы қалпында адам жанында әсер қалдыратын болса, адам осыларды ұғымдармен ойлайды; егер адам жанында осылардың бейнесі, ұқсастығы және еліктеу елестері әсер қалдыратын болса, адам бұларды қиялдайды. Бұл өзі көрінетін заттардан байқайтынымыз сияқты нәрсе. Адам, мысалы, өзін өзі немесе айна тәрізді басқа нәрсенің бетінен көре алады. Адамның өзін көруіміз – дүниедегі нәрселердің бастамаларын, ұғымдар арқылы ақылмен пайымдағанымыз сияқты нәрсе. Адамды су бетінен көруіміз немесе оның сәулесін көруіміз қиял сияқты нәрсе, ал оның сәулесін айнадан көруіміз ол нәрсенің өзін емес, оның өзі сияқтыны көргенімізге пара-пар. Нақ осы сияқты, жоғарыда атап өткен нәрселердің біздің қиялымыздағы бейнесінің шындығына келгенде, олардың өзі емес, соларды еске түсіретін елесі ғана.
Адамдардың көпшілігі өзінің жаратылысы немесе үйренген дағдысы бойынша мұны ұғым арқылы түсінуге және ойлауға қабілетсіз. Олар дүниедегі нәрселердің негіздерін, олардың сатыларын, әрекетшіл ақыл-парасатты және бірінші басшылықты осылардың бәріне еліктеуші бейнелер арқылы елестетуі керек. Атап өткен нәрселердің ұғымдары және олардың өзі біреу және өзгермейтін ұғымдар, ал осыларға еліктеуші бейнелер әрқилы, әрқилы дегенде, өзінің еліктейтін нәрсесіне ұқсатығы анағұрлым жақын болады. Мысалы, адам бейнесінің су бетіне түскен сәулесінен гөрі, оның өзінің су бетінен көрінетін бейнесінің шын адамға ұқсастығы анағұрлым жақын. Сондықтан бір топ адам немесе бір халықпен салыстырғанда бұл нәрселерді еліктеуші бейнелер түрінде басқаша түрінде елестетеді. Міне, сондықтан да, түрліше қайырымды халықтар мен қайырымды қалалардың барлығының сенетін бақыты біреу бола тұрса да, олардың діңдері (заңдары) әр түрлі болуы мүмкін.
Дін дегеніміз – атап өткен нәрселердің немесе олардың бейнелерінің адамдардың жанында сәулеленуі. Қалың көпшілікке бұл нәрселерді және шын болмыста бұлардың қалай өмір сүретінін пайымдау қиын болғандықтан, оған мұны басқа әдістермен, атап айтқанда еліктеуші бейнелер арқылы үйретуге тырысады.
Әрбір топ, адам немесе халық бұл нәрселерді өздеріне не ғұрлым белгілі нәрселерге ұқсатады. Ал осылардың біреулеріне неғұрлым белгілі нәрселер басқаларға неғұрлым белгілі нәрселерден өзгеше болуы мүмкін. Бақытқа сенетін адамдардың көпшілігі бұған ұғым түрінде емес, қиял елесіндегі бір нәрселер түрінде сенеді. Адамдар қабыл алатын ереже, сыйлайтын және ардақтайтын бастамалар туралы да осыны айтуға болады: адамдардың көпшілігі бұларды ұғымдағы емес, қиял елесіндегі нәрселер түрінде қабыл алады.
Бақытқа ұғым түрінде сенетіндер және бастамаларды ұғым түрінде қабыл алатындар – бұлар даналар. Жан дүниесінде қиял болып берілген адамдар. Бұлар қиялдағы нәрселер түрінде қабыл алып, сенетіндер, сенушілер. Еліктеуіш бейнелердің бірінен-бірінің артықшылығы мынада: бұлардың береулері қиялға анағұрлым берік орнаған және анағұрлым жетілген, басқалары қиялда онша жетілмеген, біреулері шындыққа жақындау, басқалары-қашықтау, біреулеріне даулы жерлері көп немесе, ол жерлер анағұрлым айқын не болмаса оңай дауласып, оңай әшкерелеуге болады. Бірақ атап өткен нәрселердің жоғарыда айтқан әр қилы еліктеуіш бейнелері, өздерінің айырмашылығына қарамастан, бірімен-бірі орайласып келісуі мүмкін. Бұл келісу мына жағдайларда болады: егер айтылған нәрселердің еліктеуші бейнелері басқа нәрселер еліктесе немесе атап өткен әрқилы еліктеуші бейнелер тұлғаның негіздеріне, бақытқа және оның болмысына еліктесе, сонда бірімен-бірі келіседі. Еліктеу сапасы тұрғысынан қарағанда немесе бұларды даулы жерлердің сананың аздығы және айқындығының шамалылығы тұрғысынан қарағанда, бұлардың бәрі тең бағалы бұлар бірінен-бірі өзгеше болса, онда еліктеу сапасы тұрғысынан ең жетілген бейнелер және бұлардың ішінде даулы жерлері мүлдем жоқ, немесе мұндайлар аз, немесе мұндай жерлер оншалықты айқын емес және ақырында, шындыққа анағұрлым жақын бейнелер алдымен таңдалуы тиіс. Дегенмен басқа еліктеуші бейнелер керексіз деп тасталады [20, б. 413]
Қайырымды қалаға теріс қалалар. Қайырымды қалаға надан қала, адамгершіліксіз қала, адасқан қала, сондай-ақ қайырымды қалада тұратын жеке индивиттер қарама-қарсы болады. Қалалардағы мұндай индивидтер – бидайдың арасындағы қарақастар, егінді жерде дөңбек тастар немесе егіндегі және бау-бақшадағы арам шөптер тәрізді. Осыдан кейін, жаратылысынан хайуан тәрісздес адамдар келеді. Жаратылысынан хайуан тәріздес адамдар қала тұрғындары болмайды және бұлардың қалалық бірлестіктері мүлдем жоқ. Бұлардың ішінде кейбірі мал тәріздес, басқа біреулері жабайы аң тәрізді, ал осы соңғылардың ішінде кейбіреулері жыртқыш хайуан тәріздес. Сондықтан бұлардың арасында жеке-дара жүретіндері бар, ал бірігіп тұратын болған күнде де бірімен-бірі хайуанша шағылысып тұратындары да бар. Осылардың кейбіреулері тек шикі етпен қоректенеді, кейбіреулері өсімдік өсіреді, ал басқа біреулері тапқан олжасын жартқыш аңша жұлқылап жейді. Бұлар ел тұратын мекендерден шеткері жерлерде – қиыр солтүстікте тұрады. Хайуандарға қалай қарайтын болса, оларға да солай қарауымыз керек. Бұлардың ішінде үй хайуандары тәрізділерін және ептеп қалаларда пайдалануға болатындарын тірі қалдыруға, оларды құлға айналдырып, үй хайуандары есебінде пайдалануға болады. Ал енді пайдалануға болмайтындарын немесе зияндыларына зиянды хайуандарға істейтін амалдарды қолдану керек. Дәл сол сияқты, қала тұрғындарының хайуан тәріздес болып шыққан балаларына да осыны істеу керек.
Надан қалалардың тұрғындарына келетін болсақ, бұлар қала тұрғындары болып табылады. Бұларға тән қала өмірі және қалалық бірлестіктер әрқилы болады: бұлардың ішінде қажет қалалар да, қажет қоғам бар, айырбас қалаларында айырбас қоғамы, пасықтық қалада пасықтық қоғам, даңғой қалаларда даңғой қоғам, мансапқор қалаларда мансапқор қоғам, коллективімен азат қалаларында азат қоғамы бар (кесте 3).
Кесте 3 – Қоғам бейнесі
Қажеттік қала мен қажеттік қоғам
|
Айырбас қаласы және айырбас қоғам
|
Пасықтық қаласы мен пасықтық қоғамы
|
Даңғой қала және даңғой қоғам
|
Қажеттік қала мен қажеттік қоғам қа жеттік қоғам дегені міз – дененің өмір сүру және қорғану үшін, қажеттілердің бәріне ие болуы үшін өзара көмек көрсету ісі бар қала лар. Бұларға ие болу дың әдістері әрқилы. Аңшылық пен ұрлық (шапқын шылық) әдістерінің әрқайсы сы құпия да болуы мүмкін. Қажетті қалалары ның ішінде қажетті нәрселерге ие болу үшін барлық өнер лерді пайдаланатын дары болуы мүмкін: бір ғана егіншщілік не месе өнерлердің басқа бір түрі арқы лы.
|
Айырбас қаласы және айырбас қоғам және айырбас қоғамы деп ауқатты болуды және бай болуды көздеп, қажетті заттарды осы заттардың орнына жүретін нәрселерді: дирһамдар мен динар ларды көбейте беру үшін, өз бастарының өмір сүруіне ең қа жетті заттары жеткілік ті бола тұрса да, қажеттінің сыртынан байлықтың, тойымсыз құлқыееың соңына түс кендіктен ғана заттар ды жинаған үстіне жинай бреуде тұрғын дары біріне-бірі көмек көрсетіп отыра тын қала мен қоғамды айта мыз. Мұның өзі олар не еселеп жинаудың барлық әдістерін
|
Пасықтық қаласы мен пасықтық қоғамы
қаласы мен пасық тық қоғамы деп көңіл көтеру, әзіл-күлкі, немесе осы екеуімен де айналы сып, ішіп-жеу, ойнас жасау арқылы сезім рахатына бату тұр ғын адамдары біріне бірі көмектесетін қала мен қоғамды айтады. Мұнда ең зор рахат күн көру үшін қажет нәрселер емес, тәнге пайдалы нәрселер, тек қана көңіл рахатшылы ғына бату, мысалы, көңіл-көтеру, әзіл-күлкі ең зор рахат болып саналады. Надан қала тұрғын дарының ойынша бұл қала ба қытты,
|
Даңғой қала және даңғой қоғам және даңғой қоғам деп, тұрғындары бұлар ды сөзбен де, іспен де мадақтап, басқа қалалардың тұрғын дары бұларға сый-сияпат жасап, өзде рі де бірін-бірі ма дақтап тұруы үшін біріне-бірі көмек көрсететін қала тұрғындарын айта ды. Бірін-бірі мадақ тау тепе-теңдік негі зінде немесе бірінің басқа біреуінен ар тықшылығы негізін де жүзеге асады. Екі жағы ның да тең болу негізінде, қадірлеу дегі бір кезде бір жағы екін ші жағына белгілі бір түрде құрмет
|
Кестенің жалғасы 3
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Бұлардың тұрғы сынан қараған да, ең лайықты адам дар болып табыла тын дар сол қаланың тұр ғындарына тән қажетті нәрселерді тауып алуда неғұр лым қу, неғұрлым басқарғыш, неғұр лым сақ адамдар. Бұларға басшы болатындар қажетті нәрселерді тауып алу үшін тұрғындар ды пайдалануда неғұрлым басқар ғыш, неғұрлым қу адамдар болады, осы нәрселерді өз қол дарына сақтап қалу да амал тапқыш не месе сол нәрселерді өзі бере алатын адамдар болады
|
қол дану арқылы немесе тек сол қалаға сай келетін әдістерді қол дану арқылы жүзеге асады Бұлардың ішінде ең бай адам және байлық қа жетуде бәрінен де қулығын асырған адам қадірменді адам болып есептеледі
|
өзіне өзі риза қала болып есептеле ді, өйткені бұл қала қажетті заттар мен байлыққа ие Пасықтық болған нан кейін мақсатына жетеді
|
көрсетсе, тағы бір кезде екінші жағы біріншісіне дәл сондай немесе Даңғой қала одан асырып құрмет көрсеткенді айтады
|
Қоғам мен қала төңірегінде, сол қоғам мен қалада өмір сұріп жатқан адамдар жайлы автор ойы бүгінгі біз тіршілік етіп жүрген қоғамның бет-әлпеті. Автор қоғамдық шындықты, адамға тән мінезді оқырманға анық және оңай түсіндіреді. Жаһандану дәуірінде отырған мына біздің қоғамда бұл мәселе өршіп барады. Көне замандардан келе жатқан бұл үдеріс елдің іргесіне жарық түсіргенімен, тұтас ұлттың рухын өлтіре алмайды. Пасықтық, надандық сияқты адамның теріс қасиеттерін пенделер өздері ауыздықтап, тәрбиелей алатындай қабілет-қарымды жаратушы сүйікті құлдарының бойына дарытқан. Сондықтан ізгілікке деген құштарлық әрқашан адам баласын жарқын болашаққа сүйреп келе жатқанына көнекөз тарих та, бүгінгі қоғам да күмән келтірмесі хақ.
Енді біз «Пасық қала» және «Адасқан қала» төңірегінде талдау жүргізбекпіз. Пасық қала дегеніміз, «Тұрғындары әуелгі бастамаға сеніп, бақытты қиялдап, соны арман ететін, соған сеніп, бақытқа жеткізетін әрекеттерді басшылыққа алатын, оларды біле, сене тұрып, бірақ сол әрекеттердің бірде-бірін орындамайтын, қайта өздерінің арманы мен тілегі жағынан белгілі шамада надан қалалардың тұрғындарына: сый-құрметке, жеңіске және тағы сондайларға жетуге бейім тұратын өздерінің барлық әрекеттерін және қабілетін соған бағындыратын қала».
Ал «Адасқан қала» жөнінде: «Тұрғындары жағдайлар туралы түсініктері жалған, біз айтқан ұғымдарға тіпті сәйкес келмейтін түсініктерді өздеріне басшылық етіп алған қалалар. Оларда әуелгі бастама туралы шын бақытқа сәйкес келмейтін түсініктер қалыптсақан. Оларда бақыт туралы жалған ұғым пайда болған. Олар ешқашан бақытқа жеткізе алмайтын әрекеттер мен көзқарастарды басшылыққа алады. Адасқан қала деп автор Құдайға сенбей, оған серік қосушаларды айтып отыр. Шың бақыт деп Жаратушыны тану, яғни тәннен жан бөлініп шыққанда, шың бақытқа жетеді. Бұл жөнінде де жоғарыда сөз болды. Тек бөліне салып, шың бақытқа жетеді екен деген теріс ой туындамау керек. Тіршілікте істеген амалдарына қатысты болмақ. Сондықтан «шың бақыт» дегенімізді біз қолмен көріп, сезім мүшесі арқылы сезе алмайтын аса бір құдіретті күш.
Әбу-Насыр әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» трактатын бақытқа жету жолының басты идеясы, қоғамды түзеу арқылы елдің мәңгілік болуын арман тұтқанын көреміз. Көне түркі әдебиетіндегі Мәңгілік Ел идеясын заманалар көшінде, құмға сіңген судай жоқ болып кетпеуінің астарында ізгілікке деген құштарлықтың алып күші жатыр деп баса айтуымызға толық құқылымыз.
Осындай ізгіліктің нұрын шашып, қоғамды рухани жетілдіруді мақсат тұтқан орта ғасырлық әдеби мұралардың бірі – Жүсіп Хас Қажыбтың «Құтты білік» дастаны.
Сонау ХІ ғасырда жазылған Жүсіп Хас Қажыбтың «Құтты білік» дастаны сол кезеңде ел өмірінде маңызды орын алғаны тарихтан белгілі. Тіпті авторға осы еңбегі үшін «хас хаджиб» лауазымы берілгені анық. Заманынан озып туған Жүсіп Баласағұнның еңбегі сан салалы зерттеу нысанасына алынды. Бұл еңбектің қанша заман, қанша дәуір өтсе де, өз құндылығын жоймайтын құнды тарихи жәдігер екені айдан анық нәрсе.
ХІ ғасырда қозғалған мәселелер бүгінгі таңда өте маңызды мәнге ие болып отыр. Сол дәуірде қозғалған ел басқаруда адамгершілік, имандылық, ізгілік, әделеттілік, білімділік қағидаларын тұтынудың өзектілігі арта түспесе кеміген емес. Бұл тамаша тарихи туындының қай кезеңде де мәнін жоймай отырған себебі де осында.
Дастанның басты мақсаты – бақытты қоғам құру, берекелі де құтты ел түзу. Сондықтан да отбасын ұстаудан бастап, мемлекет құру, ел басқару ісіне дейінгі ұстанымдарды баяндалады [23]. Әр нәрсенің бастауы бар екені анық болса, онда ең әуелі адам баласы өз өзін тәрбиелеп, жетілдіріп отыруына көп көңіл бөлсе, болашақта үлгілі отбасы, мықты мемлекет, бақытты қоғам құруға болады. Бақытты, ізгілікті, жетілген қоғам құру жер бетіндегі барлық ұлттар мен ұлыстардың ілгі дәуірлерден үзілмей келе жатқан арман-мұраты. Бұл арманға жетуге кедергі тудыратын – енжарлық, жалқаулық, немқұрайлық сынды нәпсінің азықтарын бойымызда жетілідіріп отыруымыздың кесірінен. Дастанда автор:
Адам жайлы баяндайын енді мен,
Қадір тапқан ақыл, білім, иесімен, – дейді [23, б. 75].
Адам баласы жаратылысынан ақылды, білімді болып тумайтынын білеміз. Бұл қасиеттер адамға еңбек арқылы келеді. Отбасындағы тәлім-тәрбие, қоршаған ортада болып жатқан жақсы-жаман құбылыстар, қоғамдық құрылыс, халықтың әлеуметтік жағдайы – осы факторлардың бәрі де адам баласына әсер етпей қоймайтыны шындық. Ал осы толып жатқан жақсы-жаманды құбылыстарды ажырату үшін біріншіден, негізі мықты қаланған тәрбиелі білім қажет. Сонда ғана жұмыр басты пенде ақылмен, оймен, парасаттылықпен жақсы-жаманды ажырата алады.
Дастандағы «Жаман-жақсы жараспайды ешқашан, Түзу-қисық қабыспайды ешқашан» деген жолдар жоғарыда айтылған ойымызды нақтылай түседі.
Бүгінгі адамзат баласын тәрбиелі-білімді деп айту қиын. Әрине, білімсіз деп айта алмаймыз, тәрбие мен білімнің үйлесімділікте келе жатқанына күмәнмен, сын көзбен қарағанымыз дұрыс. Жаман мен жақсыны ажырата алмайды деу де ақымақтық. Тәрбие мен білімді қатар алып жүрген пенделердің аздығынан ізгілікті қоғам түзілмей жатыр, сондықтан бүгінгі таңда сұмдардың айы оңынан туып тұр. Бұл туралы дастанда:
Заң алдында бәрі бірдей мен үшін,
Кесем әділ. Болмайды ешбір келісім...
Біл, әділ заң – басқарудың тұғыры,
Бегі әділ ме?! Берік елдің жұлыны!
Бек елінде тура заңды ұстаса,
Бар тілекке жетер қолы қысқасы [23, б. 44].
Қоғамдағы әділдіктің жеңіліс тауып, әділетсіздіктің жеңіп кетуінің себебі елді билеп отырған азаматтардың арына байланысты. «Заң алдында бәрі бірдей мен үшін» деп отыратын биліктегі азаматтар, қалтаның қамын ойламай, сонау ықылым замандардан өнеге етілген адамгершілік қағидаларын, әділеттілік қағидаларын ұстануы тиіс. Бұл төңірегінде «Күлтегін», «Тоныкөк» т.б. көне түркі азба ескерткіштерінде де жақсы баян етілген. «Ұлдары әкесіндей болмады, інілері ағасындай болмады» деп келетін жолдар арқылы білікті басшылардың сара жолын кейінгілер жалғастыра алмады. Дүниенің қызылды-жасылды бояуына алданып, елін бодан, халқын құл қылды. Басшы бойындағы кемшіліктер тұтас ұлттың қасіретіне, тіпті жойылып кету қаупін төңдіретініне көз жеткізуге болады.
Ал елді билеп отырған бек қандай болу керек, бойына қандай қасиеттерді сіңіру керек, ел-жұртына қандай пайда келтіру керек осы мәселелердің бәрі дастанда Огдүлміштің бектік туралы айтқан жолдарынан табуға болады. Бектің бойындағы қасиеттер: асыл текті ер, күшті, батыл, епті, қайсар, ержүрек, ақылды, пәктік, білімді, зерек, шыншыл, жұртқа сыйлы, көңілі тоқ, көзі тоқ, пейілі кең, сөзі шоқ, елін сүйер ер, ізгі құлық, сергек сезім, сабырлы, әділ, арлы, ұятты, намысты, жігерлі, сақ, сөзі берік, ісі айқын.
Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,
Жақсы атымен, дақ тигізбей намысқа.
Ұшқалақтық – бірі, екіншісі – сараңдық,
Үшінші – ашу, оған егіз надандық.
Қырсығың сор, бетті жер қып жүргізер,
Бесінші – өтірік, жерге тірі кіргізер!
Бек бұлардын бойын аулақ ұстасын,
Атын сақтап, бақса сөздің нұсқасын.
Ең қорлығы – өзімшілдік, залымдық,
Өзімшілдік – торланғаны бағыңның [23, б. 213].
Жоғарыдағы айтылған жақсы қасиеттер және бес жаман қасиеттен ел тізгінін ұстап жүрген азаматтар өмірлік ұстаным етсе, қоғам ізгілену жолына түсері хақ. Әрине қазақта «Бес саусақ бірдей емес» және «Бір құмалақ бір қарын майды шіртеді» деген тағы бар. Жаратылыстың бұлжымас заңы жақсы мен жаман қатар жүреді. Дегенмен жақсылық әрқашан жеңуі керек деген қағида өзгермеуі керек.
Барлық аштар жесе ақыры тояды,
Сұғанақ көз көрде ғана қояды [23, б. 209].
Жер бетінде адам баласы пайда болғаннан бергі келе жатқан ашкөздік, көреалмаушылық, қанағатсыздық, т.т. осындай пенде бойындағы келеңсіз қасиеттерді данышпан дарын иесі Жүсіп Баласағұн осылай түйін жасайды. Қазақта «Өзім тойсам да, көзім тоймады» деген мақал бар. Яғни адам бойындағы қанағатсыздық та осы жерде көрініп қалатындай. Өзімде ғана болса екен, өзім ғана байысам екен, өзімнің абыройым өссе екен деген адам баласы бүгінгі қоғамда да, өткен тарихта да болғаны және бола беретіні анық. Дейтұрғанмен адам болып туғаннан кейін Алланың махаббатымен жаратылғаннан соң, адам – деген атқа лайық ғұмыр кешкен әлдеқайда артық, әлдеқайда жоғары.
Адам баласы ар-ұятты, ұлттық намысты, ата-баба дәстүрін сырып тастаған қоғамда осындай «Құтты білік» туындысының маңызы арта түскені бүгін және болашақ үшін де өте-мөте маңызды. «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ» деген мына заманда осындай туындыларды насихаттау арқылы тұтас қоғамды тәрбиелеуге әбден мүмкін.
Ұяты бар адамдар пәк, момын да,
Ұятты іске тигізбейді қолын да.
Күшті болса кімде ұят құрыштай,
Сақтар арын, арамды орып қылыштай.
Кімге тәңір берсе ұят, намысты,
Оған қоса берген құт, даңқты!
Барша арманнан сақтаса, ұят сақтайды,
Игі іске бастаса ұят бастайды.
Ұят – қасиет, нұр құяды ер өңіне,
Сүйрейді ұят ізгіліктің төріне [23, б. 209].
Жаратушы жаратқандарын жерге жібергеннен бастап, осы адамзат баласын қалай бақытты қыламыз, қалай ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, мейірбандылыққа, парасаттылыққа тәрбиелейміз деген ой мазалап келе жатқаны бүгінгі қоғам ойшылдарының да көкейкесті мәселесі болып отыр.
Жоғарыда айтылған мәселелерді қалай шешуге болады, қандай жолмен, қандай ережемен, қандай тәрбие арқылы қоғамды ізгілендіре аламыз деген сұрақ туындайды. Осы ретте ойға Абай жұмбағы «толық адам» болудың концепциясын насихаттауымыз қажет. «Толық адам» тәрбиелейтін адамның өзі кемел ұстаз болуы қажет. «Толық адам» деңгейіне көтерілген адам ғана адам ұлт ұстазы деген атқа лайықты болуы керек. Бұл жөнінде жалғыз бір ұлттың ұстазы емес, барша адамзаттың ұстазы атанған Әбу Насыр Әл-Фараби «Қайырымды қала» еңбегінде: «Адамның өмір сүру мақсаты ең жоғарғы бақытқа жету болатын болса, ол адам бақыт дегеннің не екенін білуі қажет, және оны өзінің мақсаты етіп қойып, соған ұмтылуы қажет. Сонан кейін ол бақытқа жету үшін не істеуге тиіс екенін біліп соған әрекет жасауы керек. Әртүрлі индивидтердің түрліше қасиеттерінің айтылғанынан мынадай айқын қорытынды шығады: білуі тиіс болған (нәрселер) мен бақытты кез келген адам біле бермейді. Бұл нәрсе кезкелген адамға бітетін қасиет емес. Ол үшін (екінің бірінде) ақылгөй ұстаз керек. Кейбір кісілер азын-аулақ қана басшылықты керек етеді, басқа бір адамдар көп басшылықты қажет етеді. Бірақ басшылықтың бұл екі түрі болғанның өзінде ол адам, егер сырттан итермелеуші, немесе талпындырушы болмаса, үйреткен, берілген ақылдың бәрін бірдей орындай бермейді. Бұл жағдай адамдардың көпшілігіне тән нәрсе. Сондықтан ол осының бәрін үйрететін және тиісті амалдарды орындауға итермелейтін адамдарға зәру болады [23, б. 409] деп жазады.
Ал осы бақыт жайлы ойды Жүсіп Баласағұн:
Кімдер жомарт – сол бақыттың иесі,
Бақыт берген жанға бақыт тиесі [23, б. 206] яғни адам бойындағы жомарттығы мен дархандығы басым болса сол адам бақытты дейді. Адам баласы осындай ізгі қасиеттерді жетілдіру арқылы елдің ел болып өмір сүру тарихын ғұмырлы қылатыны сөзсіз. Мемлекет Ұлы отан болатын болса, кіші отан – отбасы. Отбасының тізгіні ата-анамызда, тізгінші жолды жақсы білсе, адастырмасы анық. Дейтұрғанмен жолдың ой-шұқыры біз қаламасақ та кездесіп жатуы табиғаттың, болмыстың заңдылығы. Сондықтан ұрпағының жарқын болашағына алаңдайтын пенде заманға лайық озық білімді меңгерген бала тәрбиелеп шығатынына сенеміз.
Ұстаз болып, бүкіл жұртты ізгілікке шақыру дегеніміз – хәкім болумен пара-пар. Хәкімдер жайында Жүсіп дастанның «Білгір, ғалым адамдармен қалай қатынасу керектігі айтылады» деген тарауында хакимдер халықты жақсылыққа, ізгілікке бастаушылар. Олардың білімін үйрен, өздерін сыйла деп уағыздайды.
Тағы бір топ ғалымдар мен даналар,
Ілім беріп, халық жолын саралар.
Қатты сүйіп, қадірлесе сөз, түйгенін,
Көп пе, аз ба білімдерін үйренген.
Солар жарар-жарамасты парықтар,
Тура, таза жолды ұстанып, анықтар.
Оларден сен ілім үйрен, білім біл,
Жақсылықты жаса, тартып тіліңді, – деп ойшыл сөзін былай жалғайды:
Ілімі ғой олардағы керегің,
Айтып берсе тура жолдың дерегін.
Олар – серке, қой ішінде бастаған,
Бастаса, қой түзу жолдан қашпаған.
Бұларменен араласып, сыйлас бол,
Екі дүниеде құт дарытар қимас бол [23, б. 372]!
Хакімдер ұйқы, тыныштық, әуес-қызықтың бәрін қойып, адам баласына пайдалы іс істеуі заңдылық. Өйткені, олар заманынан озып, адамзат баласының бағына туған, адамзатқа ұстаз болу үшін жаратылған, Алланың сүйікті құлдары.
Адамзаттың маңдайына бақ боп туылған ұлы тұлғалардың бірі данышпан Абай. Ойшыл айтқан «толық адам» дәрежесіне жетуіміз қоғамның жетілуіне айрықша әсер ететінін білуіміз керек. Жүсіптің «құтты билік» құру жолында осы Абайдың «толық адам» дәрежесіне жеткен тұлғалар қалың бұқараға жол сілтеп жүруі аса маңызды. Бұл жөнінде Абай былай жазады:
Малда да бар жан мен тән,
Ақыл, сезім болмаса.
Тіршіліктің несі сән,
Тереңге бет қоймаса?
Атымды адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын?
Халқым надан болған соң,
Қайда барып оңайын [24].
Тұлға әуелі өз-өзін тәрбиелеуден бастаса «толық адам» дәрежесіне көтеріледі. Содан-соң «құтты билік» орнайды, ізгілікті қоғам түзіледі.
Зерттеуімізде «Құтты білік» дастаны және де Әл-Фараби мен Абайдың ойларын ұштастыра келе, мынадай қорытынды жасауға болады. Әділ қоғам, адамдар арасындағы сыйластық пен қайырымдылық, бақытқа жету жолында бір-біріне жәрдем беру, тәлім мен тәрбие, бейбітшілік пен достық, жаман мінезді сөгу идеялары әлемдік әлеуметтік-саяси теорияның біртұтас бөлігіне айналып кеткен.
Құтты билік орнату, идеалды мемлекет пен адамның кемелденуі туралы адамгершілік теориясында тек мемлекет басшылары ғана емес, барлық азаматтар ұстануы тиіс қағидаттардың тетіктерін ұсынған Жүсіптің бұл туындысы болашақ ұрпақ дүниетанымының рухани кемелденуіне мол үлес қоса береріне сенеміз.
Ахмет Йүгінеки «Ақиқат сыйы»
Қараханид дәуіріне қатысты әдеби ескерткіш – Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» атты еңбегі. Зерттеуші-ғалымдардың жобалауынша, ХІІ ғасырдың аяғы – ХІІІ ғасырдың бас кезінде жарық көрген туынды. Бұл еңбек негізінен морль, этика, адамгершілік тақырыбына арналған. Мақсаты – ақыл-кеңес беру, үлгі-насихат айту.
Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегі адам өзін-өзі жетілдіруде таптырмайтын туныдылардың бірі. Өзін өзі тәрбиелеу арқылы ұрпақ тәрбиесіне көп мән берген ұлтымызда «Ата көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» деген мақал бар. Осы мақал отбасындағы әке мен шешенің орнын айқындап тұрғандай. Ал, ұрпаққа берілетін тәлім-тәрбие сөзінің мағынасы қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мынадай мағына береді:
Тәлім – үлгі, өнеге, тәрбие. Тәлім алды, үлгі алды, дәріс алды, білім алды Тәрбие – отбасы, мектеп, қоршаған ортада қалыптасқан адамның қоғамдық және жеке өмірде байқалатын тәртіп пен мінез-құлық дағдысы.
Орта ғасырлардағы әдеби дәстүр бойынша әуелі Алла дәріптеліп, Мұхаммед пайғамбар мен оның төрт досына мақтау сөз айтылған. Бұл орайда туындының бүгінгі қоғамдағы ислам дінінің құндылығын жас ұрпақ бойына сіңіруге септігі мол.
Уа, Жаратушы, сені шексіз дәріптеймін.
Алдымен сенің мейірім-шапағатыңнан үміт етемін.
Саған лайық мақтау айтуға тілім жете ме?
Шамам келгенше аянбаймын, маған жәрдем бер [25].
Жаратушыға шамасы келгенше мадақ айтатын пенде, жақсылықтан кенде қалмайсың дегенді меңзеп, туындының кіріспесін осылай бастайды. Бұл да бір Жаратушыға құрмет көрсете алған адам баласы адамзатты құрметтеуді үйренетіні шындық. Жаратушыны сүйіп, адамзатты құрметтеуді адам баласы дүние есігін ашқан күннен бастап үйрену қажет. Әр ана баласы бойына біткеннен күнен бастап, оған деген махаббаты оянса, ол бала болашақта мейірімді, қайырымды азамат болары анық.
Ахмет Йүгінеки бұл туындының жазылу себебін баяндайды. Ол Тат Ыспаһсалар Бектің есімін мәңгі тарихта қалдырып және оның адамгершілігін келер ұрпаққа үлгі ету жайын баяндайды.
Көптеген жақсылы, жаманды әсер етуші факторлардан дұрысын таңдап бойыңа сіңіруді үйрену үшін, әрине, білімнің алатын орны орасан зор. Алып жатқан білімнің дұрыс-бұрысын анықтап беретін ұстаз.
Ұстаз рөлін атқарып, зерттеуімізге арқау болып отырған «Ақиқат сыйы» туындысында білім-ғылым жайлы мәселе өте ұтымды қозғалған.
Уа, дос, өзіңді білімдіге жақын тұт.
Бақыт жолы білім арқылы білінеді.
Білім ал. Бақыт жолын ізде [25, б. 348].
Бақытқа жетудің жолы білімде деп айтуының себебі, көзі ашық, көкірегі ояу адамның жақсы мен жаманды ажырата білуінде. Біз өмір сүріп жатқан қоғамдағы адамдарды білімсіз деп айтуымыз мүлдем қате болар еді. Өйткені елімізде сауатсыз, білімсіз адамдардың саны жоқтың қасы. Әрине, сауатты мен білімді адамды салыстыруға болмайды. Сауатын ашқан адам, әрине, білім жолына бет бұратыны да ақиқат. Бұл жердегі мәселе сауат ашуға дейін алған тәрбиесіне байланысты болып тұр. Тәрбиесіз де білімді меңгере беруге болады, бірақ ол адам бақытқа жете алмайды. Білімсіз де тәлім-тәрбиені бойына сіңіре беруге болады. Ал бұл жағдайда бақытқа жетуге мүмкіндік бар. Бірінші жағдайда бақытқа жеттім деп өз-өзін алдауы және шын бақытты түсінбеуі мүмкін. Қанша дегенмен де, білім мен тәрбиені егіз деп қарастырған тұста қоғам ізгіленеді. Бұл екеуінің бір-бірінсіз күні жоқ десе де болады. Жеке тәрбиенің өмір сүруі мүмкін бірақ, тәрбиесіз алған білім құр тәрбиені жұтып жіберері хақ.
Білім сияқты пайдалы өзге нәрсе бар ма?
Білімнің арқасында ғылым жоғары көтерілді.
Білім жоқ адам төмен құлдырады.
Білім ал, салғыртсынбай үйрен, Алланың елшісі:
«Білім кімде болса – соны ізде, – дейді [25, б. 348].
Әрине, білім жолын қуған адам түбі ғылымға тіреледі. Ғылым да, дін сықылды, тазалықты сүйеді.
«Ғылымды шында болса да іздеп тап» деп бұйырып отырған Ахмет Йүгінеки білімді адамның артықшылығын төмендегідей суреттейді: Білімді адам бақытты; білімді адам қымбат динар сияқты; білімді әйел – ер; білім алған ер халыққа белгілі болады; білімді адамның өзі өлгенмен аты өлмейді; білімді бір кісіге білімсіз мың; білімді кісі білімнің парқын айырады; білімнің пайдасын, білімді біледі; білім қадірін адамға білімді білдіреді; білімді кісі істің жөнін біледі; білімді керек сөзді айтады; білімдінің сөзі үгіт, насихат, үлгі-өнеге.
Білімсіз адамды автор: білімсіз надан – құны жоқ бақыр; надан еркек – әйел; білімсіз кісінің жайы майы жоқ сүйек сияқты; білімсіз тірісінде көрде жатқан өлік сияқты; надан – тірі дегені болмаса, аты өлік; білімі жоқ адам төмен құлдырады; білімсіз ноқай білімді не қылсын; білімсізге шын сөз ащы тиеді, оған үгіт, насихат пайдасыз; қандай кір-қоныс, жуса тазарады, надан – жуғанмен тазармайтын лас; қандай іс істесе де, білімсіздің еншісі Өкініш. Оған одан басқа енші жоқ; білімсіз не айтса да ұқпай, түсінбей айтады; білімі болмағандықтан бір қауым халық Өз қолынан пұт жасап: «Құдайым бұл», – деді.
Бұл жерде білімді мен білімсіздің айырмашылығын айқын көреміз. Білімді адам бағындырған асуды, бүгінгі таңда білімсіздер де бағындырып жатқаны шындық. Дегенмен, түбі опық жеп қалуы әбден мүмкін. Сондықтан да әр істі көкірек көзімен көріп, терең оймен пайымдап, көңілге кестелі, көркем қылып тоқу әр адамның өз еншісіндегі шаруа.
Ахмет Йүгінекидің сөзімен айтатын болсақ:
«Малы жоққа – білім түгесілмейтін мал,
Қаржысы жоққа білім таусылмайтын қаржы» [25, б. 349].
Автор білімді адамның материалды жағынан кедей болуы мүмкін емес деген идеяны жетілдіріп, оқырманға ой салып отыр. Ғылым Алланың бір сипаты болғандықтан, ғылым жолында жүрген кісілер рухани да, материалды тұрғыдан да бай болуы заңдылық.
Тәрбиелі, білімді адам еш уақытта қиянат жасамайтыны ақиқат. Тәрбиелі адам – әдепті адам. Ал әдептілік жайында «Ақиқат сыйы» еңбегінде былай баяндалады. «Әдептіліктің басы – аузын бағу» яғни он күнәның тоғызы тілден дегендей, сөйлеп отырған адам өз сөзін өзі бағып отыруды насихаттайды. Қазақта «Айтылған сөз, атылған оқ» деген мақал бар, сол айтқандай, атылған оқтың қайтып келмесі ақиқат болса, айтылған сөздің салмағы атылған оқтан бірде кем емес. «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді» дейді қазақ. Сөз қадірін түсінген қазақтай халыққа қатты сөйлеп, сөгіс алу қазақ баласына үлкен сын болуы керек.
Сөз қадірін жіті түсінген көне түрктердің бұл ерекшелігі күні бүгінге дейін сақталған түркі тілдес халықтардың ерекшелігі деп айтуымызға болады. «Сөз киесі», «сөз құдыреті», т.б. тіркестердің өзі сөзге тоқтаған халықтың ататарих пен ата-бабаларымыздың дәстүрлі жолының жалғастығы деп бағалауымызға әбден болады.
Жоғарыда қазақ халқының екі мақалын келтірдік, бұл мақалдармен үндесіп жатқан туындыдағы мына жолдар дәлел
Беталды сөйлей берме, тіліңді тый.
Тіліңнің жүгенсіздігі бір күні басыңа жетеді.
Тілін тартпаған кісіні ақылды деуге бола ма?
Тіл мен сөздің бостығы талай басты жеді.
Адамды тіліңмен өшіктірме. Біліп қой.
Тіл жарасы жазылмайды, оқ жарасы жазылады [25, б. 350].
Ахмет Йүгінекидің тіл жайлы жазған ойлары адам баласының тұлға болып қалыптасуына, оның бойындаы кемшіліктерді жеңіп, оны ұрпақ тәрбиесіндегі әдістемеде қолданудың тиімді жолы. Адам баласы тілді тыю арқылы екі дүниеде де шапағатқа бөленері хақ.
Жұмыр басты пенде үшін бұл дүние – жалған дүние, бұл өмірде біз қонақпыз, бәріміз уақытша жүрген адамдармыз деп айтатын түркілер үшін жоғарыдағы барлық қозғалған мәслелердің мәңгі еместігін түсінген. Бұл дүниенің есігін ашқан адам баласы бұл өмірден о дүниеге аттанғанда, қонаққа барғанда қандай дайындықпен барған болса, дәл сондай дайындықты бақи әлемде пендеден соны күтеді яғни, рухани дайындықпен барған абзал. Рухани дайындық дегеніміз адамның ішкі жан дүниесінің баюы.
«Бұл дүние керуен түсетін сарай сияқты,
Керуен-сарайға түскен көш одан әрі сапар шегу үшін түседі.
Әдепкі керуен қозғалып, жолға шығып ұзап кетті,
Тағы да жол тартып көшетін керуен қаншама [25, б. 351].
Бұл дүниенің уақытша екендігі туындыда осылай көрініс табады. Сол кетіп бара жатқан керуеннің артынан қуып, дүниені жинау адамға бақ емес, сор әкеледі дейді. Дүние қолдың кірі жуғанда кетіп қалатын деп уағыздайды. Мал да сол сықылды, таңертен келсе, кешке қайтадан кетеді. Бұдан мынадай қорытынды жасаса болатын сияқты. Адам да бұл өмірде мәңгі тұрақтамайды.
Байлық пен кедейлік – Алланың ісі
Азық жоқтығын «кедейлік» деп айтпа.
Бұл дүние мүлкінен тамақ пен киімді
Артық тілеме. Обал жүктейсің,
Пайғамбар дүниені егінжай деп айтты,
Егінжайға жаныңды салып игілі ет [25, б. 351].
Адам баласы бұл дүниеге келгеннен кейін, кәдімгі диқаншы егін еккендей жан-жағына шапағат нұрын шашып жүруі қажет. Сол шапағат нұрын шашуды үйрену үшін көне түркілердің үлкенге құрметі, кішіге ізетін үйренуіміз қажет. Түркілердің сара жолын келер ұрпақтың кемел болып қалыптасуына, өмір сүріп жатқан қоғамының ізгілікті болуы – мемлекеттігіміздің Мәңгілік Ел идеясының өміршеңдігінің белгісі.
Айтып отырғанымыздың әдістемесі мен жолсерігі әдеби жәдігерлеріміз. Білім, ғылымды игеру үшін кестеге түскен күнтізбедей белгілі бір жоспары мен әдістемесі бар. Ұлттың ұлт болып, мемлекеттің мемлекет болып бір күйде тұруының нақты механизмі, жоспары жоқ. Пішіннің өзгеріп тұруы табиғаттың заңы, мазмұнның өзгермеуін біз көне түркі жазба ескеткіштеріндегі әдет-ғұрып, салт-дәстүр, сана мен танымның өзгермей осы күнге дейін жетуіне сүйініп, пайымдауымызда қателеспедік деп саніммен айтуымызға болады. Бұның бәрі еңбекпен ғана шарықтап даму шегіне жететін дүние. Сондықтан елдікті сақтап қалудағы түркілердің танымына терең талдау жасап барып қана туған Мәңгілік Ел идеясының бүгінгі таңда жаңғыруының себебі осында.
Адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі – жомарттық, қайырымдылық. Жомарттық дегеніміз не? Жалпы жомарт сөзі қазақ танымына өте жақын сөз. М. Мырзахметов Абайдың 38-қара сөзіндегі жәуанмәртлік сөзінің мағынасы осы жомарт сөзімен үндеседі деп жазады. Бұған дәлел ретінде қазақ ауыз әдебиетінде жиі ұшырасатын Атымтай жомарт немесе Қорқыт жайлы деректер мен Ыбырай Алтынсарин хрестоматиясындағы «Жомарт» әңгімесінде сөз болатын мырзалық, әділеттілік, қанағат, ізгілік, ақылдылық сияқты адамгершілікке тән ұғымдардың шығар көзі де жәуанмәртлікпен сабақтас, үндес келуі кездейсоқ құбылыстар болмаса керек. Ал, жәуанмәртлік дегеніміз Абайдың «толық адам» дәрежесіне жетудің бір сатысы болып есептеледі. Яғни жомарттылықты бойына сіңіре білген адам баласы «толық адам» дәрежесіне бір саты жақындамақ [26, б. 79].
Ал, осы жомарттық жайлы Ахмет Йүгінеки былай деп жазады: Егер мақтағың келсе жомарт ерді мақта; барлық ер жомарттың жақсылығын айтады; жомарттық барлық айыптың кірін жуады; жомарт бол. Саған сөз де, сөгіс те келмейді; сөз келетін жолды жомарттық тыяды; жібімейтін көңіліңді жомарт кісі жібітеді; қол жетпейтін мұратқа жомарттың қолы жетеді; жомарттықты әрі зиялы, әрі қарапайым халық мақтайды; жомарт білімді жете меңгереді; жомарттың арқасында қорғансыздар жақсы өмір кешті; жомарт ер – халықтың құрметтісі; жомарттық абырой-атағыңды, ажар-көркіңді арттырады; жомарттық сені сүйіспеншілікке бөлейді.
Жомарттық – сараңның айнасы деп ақын жомарттыққа қарама-қарсы сараңның неден құр қалатындығы жайлы: сараңға бөрі сияқтандырып оғыңды кезе; сараңдықты мақтайтын тіл бар ма?; сараң арам жолмен көп алтын, күміс жинады; байлықты жинап бермеген кісі – жек көрінішті әрі жаман атты; сараңдық – емдегенмен жазылмайтын ауру; біреуге келгенде сараңның қолы тастай берік; сараңның көзінің сұқы, көңілі толмайды; сараң – нағыз ұятсыз; сараң жияды, ішпейді, жемейді, тістеп ұстайды, деп жазады.
Ахмет Йүгінеки жомарт адам мен сараң адам нені ұтады, неден ұтылатының оқырман қауымға ұғынықты, қарапайым түрде жеткізе білген.
«Ақиқат сыйы» дастанында сондай-ақ тәкаппар, паң, өр көкірек жандарды жер-жебіріне жеткізе сынайды. Автор оқушысын қарапайым, момын болуға үндейді. Шығармада ақын тәкаппарлықты қарапайымдылыққа қарсы қойып суреттейді. Менмендік, өркөкіректік жақсы адамның табиғатына, мінез-құлқына мүлдем жат, адамды адамгершіліктен жұрдай қылатын қасиет деп көрсетеді. Ал қарапайымдылық – кез келген адамға жарасатын, оның бедел-мәртебесін асыра түсетін киелі қасиет ретінде бейнеленеді.
Ақын дастанда дүниеқорлық, адалдық, арамдық жайлы жырлайды. Ол жақсы мен жаман қасиеттерді салыстыра отырып көркем тілмен әсерлі суреттейді. «Дүниеқор ақырында мақрұм қалады», «Адам баласы егер екі уысы толы алтын болса, үшіншісі тағы болса дейді», «Жақсының игі қылығы, дүниеқоңыздың жарамсыз қылығы» деп автор дастаның тәрбиелік мәнін арттыра түседі.
Дастанда «Тікен ексең, жүзім шықпайды». Бұл жерде ақын адам баласына қандай қастандық жасасаң да арты жақсылыққа апармайды деген ойды астарлы түрде жеткізеді. Ұрпақтар сабақтастығында осындай құнды ойлардың өшпей келе жатқандығы ұлттың ұлт болып қалыптасқандығының белгісі. Яғни Мәңгілік Ел идеясы сан ғасырлар бойы үзілмей келе жатқанын көреміз.
Көне түркі әдебиетінде «Тәңірдің қалауымен» деп дейтін тіркестер көптеп кездеседі. Түркілер де өздерінің жаратушысына сеніп, оған сыйынып отырғанын көреміз, бұдан байқағанымыз түрікілер осы дәстүрді жерлеріне ислам діні келгеннен кейін де үйлесімділікте ұластырғанын көреміз. Бұған дәлел Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегінде әрбір іс Алланың бұйрығымен болатынын да ескертеді. Жоғарыдағы айтылған барлық жаман қасиеттері үшін адам баласы жауапсыз қалмайтындығын, жақсы қасиеттері үшін екі дүние нығметіне бөленетіндігін айтады. «Аяққа тікен де бұйырықпенен кіреді» деген жолдардан опасыз бұл жалғанда себепсіз ештеңе болмайтындығын және ол іс-әрекет Алланың қалауымен болатынына бізге дәлел ретінде ұсынып отыр.
Бұл туындыны насихаттау арқылы біз айналамыздағы жамандық пен жақсылықты, пайда мен зиянды, халал мен харамды (Алла Тағала рұқсат берген және тиым салған нәрселер) ажырата білуді үйренеміз. Бұл білімді үйренбей өмір сүруге болмайды. Себебі, рухани құндылықтар қай заман болса да ескірмейді, жоғалмайды. Дүниеде материалдық құндылықтар ғана жаңарып, өзгеріске түседі. Ал адамгершілік пен жауыздық, жомарттық пен сараңдық, кеңпейілділік пен қызғаншақтық, байлық пен кедейлік, аманатқа қиянат, ата анаға құрмет т.б. адамның сипаттары қай уақытта болсын пендемен бірге.
Егер адам баласы өздігінен, еш қиындықсыз жақсы нәрселерді ажыратып, істеп кете беремін десе әлбетте ол қателеседі. Себебі адамда нәпсі бар және оны азғырушы шәйтән ражим бар. Ислам ғалымдары айтады: «Адам асылында (негізінде) жақсы, бірақ оны нәпсі жамандыққа итермелейді. Ал, нәпсіні Пайғамбарымыздың сүннетімен тәрбиелеу керек».
Дастанды қорытындылай келе ақын «Сөздің аяқталғанына кешірім сұраймын» деп, оқырмандарына дастанның өлмейтіндігін ескертіп, болашаққа рухани азық боларын сөз етеді. Дегенмен ақын болашақ ұрпақтың дастанды қажет, не жарамсыз етуін өз таңдауына қалдырады. Яғни күштеп адам санасына ештене қондыра алмайсын дегенді меңзегендей.
Атым – шайыр Ахмет, сөзім – өнеге, өсиет,
Сөзім дүниеде қалады, өзім өлемін.
Күз келеді, жаз кетеді, бұл өмір өтеді.
Бұл өмірде жазым көзім түгесіді.
Сондықтан осы түркіше кітапты шығардым.
Қажет ет мейлің, ей, дос, мейлің сөк [25, б. 359].
Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асырып, оның мәңгілік болуына бірден бір кепіл беретін жұмысымызда сөз етіп жатқан дастандар. Бұл туындылар замана көшімен бірге жасап келе жатырғаны адамгершіліктің биік шыңын көрсете білгендігінде. Туындыларда педагогиканың, психологияның, философияның және әдебиет ғылымдарының үндестігін көреміз. Бұл ғылым салалары адамды, адамның айналасын зерттейді, сондықтан Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастаны да мәңгі өлмейтін тарихи туынды. Адамзат баласына ізгіліктің, туралықтың жолын сілтеуші компастың рөлін атқарып тұрған шығарма.
Практикалық ілімдер – этика мен саясаттың адам қызметіне тікелей қатысы бар. Олар адам ойлары мен әрекетінің жүзеге асуын қадағалайды. Өйткені адамгершілік пен зерде адамның өз еркінің қалауымен тығыз байланысты. Сонымен бірге өз бетімен немесе еріксіз іс-қимылдар жасау адамның ішкі рухани дүниесіне тікелей қатысты. Адам баласының саналы, бейсаналы түрде жасайтын істеріне баға беру қай заманда болмасын қиын. Сонымен қатар кесіп айту да мүмкін емес. Бұндай жағдайда уақыт өз ретімен, әр нәрсені орын орнымен жаратушының қалауымен реттілікке келетініне риясыз сенгеніміз бен, адам бойындағы менмендік кейде мойындатқызбайтыны рас.
Адамгершілік – жанның қабылдап алған рухани сапасы. Өз табиғатынан тыс жақсы адамның болуы мүмкін емес. Табиғат бізге игілікті қабылдайтын мүмкіндіктерді ғана береді. Содан бара-бара ол мүмкіндіктер шындыққа, шың мәніндегі ізгілікке, адам жанының жақсы сапаларының біріне айналады.
Ізгі қасиеттерді қабылдап алу екі негізгі процеске байланысты. Бірі – оқып білім алуға, ал екіншісі, әсіресе, адамгершілік – тәлім-тәрбиеге байланысты. Тек тәлім-тәрбие ғана адамгершілік қасиеттерді адам бойына сіңіре алады. Бұл жөнінде әлемің ұстазы, батыс ойшылы Аристотель «Әркім өзінің мінезіне өзі жауапты» деген пікір айтады. Мұндай пікірдің бүгінгі таңда да өзекті екенін атап өткен жөн. Жаңа дәуір ойшылдары адам өз тағдырының қожасы, ол өз драмасының актері деп бұл мәселені жаңа тарихи жағдайда жаңаша дамыта түседі.
Сонымен бірге Аристотель тәрбиешіге, яғни тәрбиелеуші адамға үлкен көңіл аударады. Оның ойынша ең басты негізгі тәрбиеші – мемелкет және оның заң шығарушы органы. Олар осы мемлекеттегі азаматтарды тәрбиелеуде ерекше рөл атқаруға тиіс. Адам өзінің рухани қабілеттерін үнемі жетілдіре және жаттықтыра отырып, зор жеңістерге жетеді.
Айталық, батылдықтың тым асқан көп болуы – ессіз ерлікке, ал батылдықтың ешқандай белгісі жоқ болса, ол қорқақтыққа әкеледі. Сондай-ақ, игілік – екі қарама-қарсы шектің арасындағы ұнамды істер, ал ол екі шектің екеуі де жаман: біреуі – молшылық, екіншісі – тапшылық. Дәл сол сияқты қайырымдылық та екі түрлі жағдайдың арасындағы рухани күйлер мен қасиеттер; ол екі шеткі жағдайдың екеуі де теріс жағдай: беруі – ысырапшылдық, екіншісі – тапшылық. Мәселен, таза ниеттілік – құмарлық пен ләззат сезімнің жоқтығының аралығы, бұл екеуінің бірі құмарлық – ысырапшылдық, екіншісі тапшылық. Мырзалық-сараңдық пен ысырапшылдықтың аралығы. Қалжыңдағы, ойын-сауықтағы тапқырлық бір жағынан, бейпілауыздықтың, бұзылғандықтың және, екінші жағынан, топастықтың аралығы. Қарапайымдылық бір жағынан – тәкаппарлықтың және екінші ұялшақтықтың аралығындағы адамгершілік қасиет. Ізгілік – бір жағынан – мақтаншақтықтың, менмендіктің, аса құмарлықтың және екінші жағынан – мүсәпірліктің аралығы. Міне, осыдиалектикалық қарама-қарсылықтарды Аристотель айтақан «аралық» және «орташалық» арқылы әрі қарай жалғаса беруге болады. Ендеше, білім ізгіліктің негізі деген Сократтың пікірі дұрыс па? Сократ: «Әркім біліммен қаруланған бойда, жақсылыққа қарсы тұрмайды» деді [27, б. 45].
Жақсылық пен зұлымдық туралы білімге ие болу және оны практикалық істе пайдалану бірдей емес екен. Өйткені ниеті бұзық адамдар жақсылық пен зұлымдықтың арахатынасын біле тұра, өз ойынша іс атқармай ма? Сондай-ақ ұстамсыз адамдар қатты толғаныс, ғашықтық сезім үстінде өзінің не істеп, не қойғанын білемуі мүмкін. Тек практикалық, іс-әркетте ғана адам осы ортаны таба алады. Әйтпесе, даналық пен надандықтың арасының жақындығы сонша, оның бірінің үстінде келе жатып, екіншісіне қалай өтіп кеткеніңде біле алмай қаласың.
Фольклордан бастап бүгінгі әдебиет үлгілеріндегі адамгершілік пен парасаттылық туралы көзқарастарда жоғары игілік жалпыда, идеяда деген пікірді алдыға тартады. Ондай игілікке жеткен мемлекет бақытты-ізгілікті қоғам құрып, Мәңгілік Ел атанады. Игілік философиялық тұрғыда сапа категориясы бойынша – мөлшер, қатынас категориясында – пайдалылық, уақыт категориясында – ыңғайлы шақ, кеңістік категориясында – жағымды мекенжай. Сөйтіп, адамның адамдық белгісінің өзі оның зерделі қызметімен тығыз байланысты.
Жанның ақылы, практикалық өмірмен ұштасып жататын болғандықтан пайымдаушы ақыл болып келеді. Пайымдаушы ақыл, бір жағынан – тәжірибелік ақыл, екінші жағынан – тәжірибелік ақиқат. Олар адамдардың күнделікті іс-әрекетімен сабақтасып жатады. Тәжірибелік пайымдаушы ақыл – адамның өз іс-әрекетін белгілі бір жағдаймен сәйкестендіріп, әбден өлшеп-пішіп алып қимылдауында. Адам алдына белгілі бір мақсат қойып барып, іс-әрекетке көшеді. Сондықтан тәжірибелік пайымдаушы ақыл байсалдылықты, сабырлылықты талап етеді. Өйткені тым құмарлыққа әуестену және сол сияқты қайғыға тым берілу тәжірибелік ақылдың аздығынан. Ал тәжірибе аса қажет нәрсе. Сондықтан болар, жастар жағы, көбінесе, тәжірибелік іс атқара алмай, өмірде өз дәрменсіздігін көрсетеді. Ал тәжірибелік іске бейім адамдар көп жағдайда отбасын және мемекетті басқара алады. Себебі олардың тәжірибелік іс-әрекеттері қоғамның барлық саласымен тығыз байланысты.
Шығыс пен батыстың рухани өміріндегі құндылықтар бір қарағанда айырмашылығы көп болып көрінгенімен, адамзаттың шығу түбі бір болған деп қарастыратын болсақ, ұқсастықтар да тым көп. Бұл туралы зерттеуімізде біраз сөз қозғап жаздық.
Ғасырлар сынынан сүрінбей, өміршендігін дәлелдеп осы күнге дейін жеткен Мәңгілік Ел идеясы. Бұл қиялдан немесе алдағы уақытта болмайтын утопия деп қарауымызға болмайды. Салыстырмалы түрде батыстың тағы бір ойшылы Томас Мордың «Утопия» еңбегіндегі утопистік ойларын жүзеге асырудың механизмдерін қарастыру маңызды деп ойлаймыз.
Автор кітабын өзінің досы Петр Эгидейге хат жазуымен бастайды. Жалпы шығарма кейіпкерлердің бір-біріне хат жазумен өрбиді.
Т. Мор туындыны екі кітапқа бөліп жазады.
Біріншісі, Бірінші кітаптың әңгімесі, көрнекті ғалым қайраткер жүргізген (первая книга беседы, которую вел выдающийсы муж),
Екіншісі, Екінші кітап әңгімесі, Рафаил Гитлодей жүргізген (вторая книга беседы, которую вел Рафаил Гитлодей).
– Қалалар туралы және Амауротенің басымдықтары туралы (О городах и преимущественно об Амауроте)
– Лауазымды адамдар туралы (О должостных лицах)
– Қолөнермен шұғылдану туралы (О занятии ремеслами)
Өзара қарым-қатынас туралы (О взаимном общении)
– Утопистердің саяхаты туралы (О путешествиях утопийцев)
– Құлдар туралы (О рабах)
– Соғыс жұмысы туралы (О военном деле)
Утопистердің діні туралы (О религиях утопийцев)
Автор бірінші кітабында көрнекті мемлекет қайраткері Англия королі Генрих сегізінші жайлы сөзбен бастайды. Бас каһарман Рафаил Гитлодейді былайша суреттейді, латын тілін меңгерген, грек тілін өте жақсы біледі. Рим тіліне қарағанда осы тілмен көбірек айналысқан. Сондықтан Сенека және Цицерон шығармаларын өзі философ ғалым болғасын философиялық тұрғыдан зерттеген. Рафаилдың әр елді қалай аралағыны, олармен қалай тіл басықаны жайлы жазып келіп, автор кейіпкердің туыстары жайлы айтқын сөзін былай жазады: «Что касается моих близких, – возразил Рафаил, – то я не очень волнуюсь из-зи них. Я считаю, что посильно выполнил лежавший на мне долг по отношению к ним. Именно, будучи не только вполне здоровым и бодрым, но и молодым человеком, я распределил между родственниками и друзьями свое имущество. А обычно другие отступают от него только под старость и при болезни, да и тогда даже отступаются с трудом, будучи не в силах более удержать его. Думаю, что мои близкие должный быть довольный этой моей милостью и не будут требовать и ждать того, чтобы ради них я пошол служить царя [28, с. 7].
Рафаил туғандары мен достарына өз байлығын бөліп беру арқылы адам бойындағы ізгі қасиеттерді сіңіруді үгіттеуді автор негізгі нысанға алған. Қазынасын дені сау, есі дұрыс кезінде бөліп бергенінің астары билікті де дер кезінде ауыстыру керек екендігін ашық түрде айтпаса да, жанама, астарлы түрде оқырманға жеткізеді.
Сол кезде елде ұрлық жасаған адамдарды дарға асып, өлім жазасына кесетін болған, халық соны біле тұрса да ұрлық жасауын қоймаған. Рафаил кардиналға қарсы шығып, ұрлық үшін адам өмірін қию қате дейді. Қарсы шығып қана қоймай, ұрыларды тура жолға түсудің маханизмін ұсынады. Рафил сөзін былай жалғайды: «Во всяком случае, всемилостивейший владыка, – отвечаю я, – по моему мнению, совершенно несправедливо отнимать жизнь у человека за отнятие денег. Я считаю, что человеческую жизнь по ее ценности нельзя уравновесить всеми благами мира. А если мне говорят, что это наказание есть возмездие не за деньги, а за попрание справедливости, за нарушение законов, то почему тогда не назвать с полным основанием это высшее право высшею несправедливостью?» [28, с. 12].
Иә, жер бетінде адам жанынан қымбат ештеңе жоқ екені ақиқат. Адам өмірін тек қана Жаратушы, яғни Алланың ғана құзыретіндегі іс дегені шығармада айқын көрініс тапқан.
Ал, бұндай қатыгездіктің шешу жолын Рафаил былай жазады: «Так вот, у полилеритов пойманные при краже возвращают утащенное хозяину, а не государю, как это обычно делается в других местах: по мнению этого народа, у государя столько же прав на украденную вещь, как и у самого вора. Если же вещь пропадет, то после оценки стоимость ее выплачивается из имущества воров, остальное же отдается целиком их женам и детям, а сами воры осуждаются на общественные работы. Если совершение кражи не осложнено преступлением, то похитителей не сажают в тюрьму, избавляют от кандалов, и они свободно и беспрепятственно занимаются общественными работами. Если же преступники уклоняются от них или производят их слишком вяло, то их не столько наказывают кандалами, сколько поощряют ударами. Работающие усердно избавлены от оскорблений; только ночью, после поименного счета, их запирают по камерам. Кроме постоянного труда, их жизнь не представляет никаких неприятностей. Питаются они не скудно: работающие для государства - на казенный счет, в других случаях - по-разному. Иногда траты на них собираются путем милостыни; хотя это путь очень ненадежный, однако, в силу присущего данному народу милосердия, он дает результат, лучший всякого другого; в других местах назначаются для этого известные общественные доходы. В иных местах для этой потребности устанавливают определенный поголовный налог. Наконец, в некоторых местностях преступники не исполняют никаких общественных работ; но если то или иное частное лицо нуждается в наемных рабочих, оно нанимает на рынке любого из них за определенную плату, несколько дешевле по сравнению со свободным человеком; кроме того, раба за его леность позволяется наказать бичом» [28, с. 14].
Бұндай тәртіптің орнағанына талай ғасыр болды. Дегенменде, жоғардыға айтылған мәселе сол шешілмеген күйінде әлі келе жатыр. Жасалатын ұрлық әлі де жасалуда. Бұл туындыда да насихаттайтыны адамгершілік, адам бойында ізгі қасиеттерді арттырудың жолы. Қылымстардың алдын-алу алғышарттары. Мұның бәрі де қоғамды ізгіледіретұғын істер.
Достарыңызбен бөлісу: |