Зерттеу жұмысының нысаны. Мәңгілік Ел идеясының әдебиеттегі тарихи негіздері анықтау, оның салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық таным, болмыс тұрғысынан фольклор мен өзара салыстыру, талдау, көркемдік, идеялық ерекшеліктерін көрсете отырып, оның мәні мен мазмұнын пайымдау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалық дәрежесі.
1. Түркі ескерткіштерінде мәңгілік елдің негізін қалайтын дәстүрлі мотивтер жүйеленді.
2. Көне түркі ескерткіштері мен ауыз әдебиеті сюжеттеріндегі мифтік танымның қызметі айқындалды.
3. Көне түркі әдебиеті мен фольклорлық туындылардағы «Мәңгілік Ел» идеясының сабақтастығы пайымдалды.
4. Көне түркі әдебиеті мен халық ауыз әдебиетіндегі ұлттық сана, ұлттық код ерекшеліктері зерделенді.
5. Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иүгінеки еңбектеріндегі ізгілікті қоғам, тұғыры берік мемлекет болудың сипаттары талданып, тұжырымдар жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |