Толық адам – ыстық қайрат, нұрлы қалы, жылы жүрек.
Тотем (солтүстік америкалық үндістердің одживбе тайпасының тілінде totem – оның руы) – жануар кейпіндегі культ құралы, бас июге арналған элемент.
Тотемизм – адамдардың өздерінің шығу тегін жануарлармен байланыстырып, тотемдік таным негізінде қалыптастырған наным-сенім жүйесі.
Фольклор (ағыл. folk – халық, lore – даналық) – халықтың ауызша таралған шығармашылығы негізіндегі синкретті, көпфункциялы руханият.
Фольклорлық сюжет – фольклорлық шығарманың негізгі оқиғалық қаңқасы, өзегі
Фольклортану – фольклорды зерттейтін ғылым.
Хикая – ел өмірде бар деп сенген неше түрлі жезтырнақ, үббе, албасты, күлдіргіш, жалғыз көзді дәу, шайтан, пері, дию сияқты нәрселер туралы діни нанымға негізделген әңгімелер.
Хикаят – кейде ойдан шығарылған, немесе діни кітаптардан алынған сюжеттерді көркем түрде баяндайтын әңгімелер.