БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ғ.
|
– ғасыр
|
КСРО
|
– Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
|
т.б.
|
– тағы басқа
|
ҚХА
|
– Қазақстан халқы Ассамблеясы
|
ҚМКӘБ
|
– Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасы
|
НАН РК
|
– Национальная академия наук Республики Казахстан
|
КІРІСПЕ
Диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Түркі халықтарының ертедегі мәдениеті, өткен тарихы, жалпы даму кезеңдері көне түркі әдебиетінің қалыптасуына да негіз болды деуге болады.
Мәселен, ерлік эпосына жататын түркі ескерткіштерінен-ақ, ел мен жер қорғаудағы жойқын жорықтарынан түркі халқының ел болудағы ізгі арманын, мақсат-мүддесін байқай аламыз. Нақтырақ айтсақ, қазіргі кезде айтылып жүрген «Мәңгілік ел» идеясының түп төркінін көне түркі әдебиетінен де, фольклорлық туындылардан да байқай отырып, диссертациялық жұмысымызды көне түркі әдебиетіндегі Мәңгілік Ел идеясының көрінуін жан-жақты қарастыруға арнадық.
Диссертациялық жұмыс Мәңгілік Ел идеясының түркі жазба ескерткішінде қалыптасып, түркілердің әдеби-саяси өмірінде орнығуы мен дамуының тарихын, соған байланысты туындаған теориялық негіздерді пайымдауға және тиісті тұжырымдарды жасауды көздейді.
Зерттеу аясында қазақ әдебиетінің түркілік кезеңіндегі ел билеу негіздері мен бағыттары, елдің әлеуметтік, мәдени, рухани өмірінің тасқа қашап жазылған жырлардан және түркілік кезеңнен кейінгі қаламгерлердің жекелеген туындыларының негізінде қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |