Қалымбек Аян Советұлы



бет47/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,89 Mb.
#12216
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   69
Байланысты:
мөлдір бұлақ 2018

Осанов Жансерік –

2000 жылы 11-қыркүйекте Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында туған. Екі шет тілі мамандығының 1-курс студенті.



Махаббат керек
Махаббат керек, бәріне керек әрине

Кәріге, жасқа, бесікте жатқан сәбиге.

Махаббат болмай өмірдің мәні болмайды

Бәрінен қымбат осы ғой жұмбақ фәниде.


Махаббат керек, ғашықтық керек маған да,

Мен енді бұлай сезімсіз жүре алам ба?!

Махаббат керек, жалғыз боп жүрсең саған да,

Болмаса онсыз сыймайсың мынау ғаламға!



Неге?
Неге сені ұмыта алмай жүр екенмін,

Неліктен тым тез бітті бұл ертегі?

Бақыттың не екенін енді білдім

Сенсіз қалай қтеді күн ертеңгі?!

Саған ғашық кезімде мен өзгерем,

Сендегіні көрмедім мен өзгеден.

Біле алмаймын қашан тынар бұл жүрек

Ғашық болу мүмкін емес өзгеге.


Сен
Биікте тұрсың,

Биіктеп тұрсың сен менен,

Білмеген білсін – сендей жан енді кем де кем.

Алыстап кеттің, алыста едің онсыз да

Айтшы енді қашан жүректі сендік иемденем?
Үмітті үзбе, із қалсын мендік өмірде,

Жүрекке еніп, орнығып алдың көңілге,

Ардағың болып қалайын әркез сенің де,

Арманым болып қалғайсың мәңгі менің де.


Қош бол...
Көргім келмес жүзіңді енді мүлде,

Болмаспыз, бос қиял ғой, енді бірге.

Бейнең бір елестесе көз алдыма

Ойымнаң бір кетпейсің әлі күнге.


Естігім де келмейді мен сен жайлы,

Алып келдің неліктен мұң мен қайғы,

Алайда ғашық етіп мені өзіңе

Есіме салдың әркез күнді арайды.


Белгілі болды сырың, бәрі бітті.

Бейнеңді көргім келмес енді тіпті.

Қоштасасың мәңгіге сен кетерсің

Бақытты қыламын деп сол жігітті.


Өкінемін саған ғашық болғаныма,

Сен жайлы басқаша ойлап қалғаныма.

Бір ғана сөз күтіп ем мен өзіңнен

Қайтейін сай емеспін талғамыңа.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет