Досқа арналған жыр
Қабақ шытып, пәс кейпіңмен жүрмегін,
Өмір деген бірде – шаттық, бірде – мұң.
Алқымды ашу уламасын жүзіңді,
Қуанышқа толы болсын күндерің.
Қайғырмашы, қақпан ойға түспеші,
Үміті жоқ жерден үміт күтпеші.
Досым, мынау өміріңде бес күндік,
Көңіліңнің бар қалауын істеші.
Нұр жүзіңді көңілсіздік баспасын,
Осынау дерт өз шегінен аспасын.
Бұл ойыңның қажеті жоқ демегін,
Айтармын мен көңіліме батқасын.
Өтер өмір көз жүгіртіп қарасақ,
Сол өмірің – бүгінің мен болашақ.
Мұң-моншақты өз еркіне жіберіп,
Күліп жүру ғана өзіңе жарасад.
Сен мұңайсаң, көкте аспан жылайды,
Сен мұңайсаң тау көңілім құлайды.
Кей жандарға өкпелеме, ренжіме,
Жаратқаным сені солай сынайды.
Достарыңызбен бөлісу: |