Қалымбек Аян Советұлы



бет53/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,89 Mb.
#12216
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69
Байланысты:
мөлдір бұлақ 2018

Түн ішіндегі ой
Бүгінгі түн -

Жаз болса да - суықтау,

Суықтау жыр, көңіліме жуықтау.

Сол жандармен жүрегім алшақтады,

Түсінбестік, арамызда сыр ұқпау...
Уақыт па екен бəрін қойған орнына,

Анығырақ біле алмадым оны да.

Көңілімде кедергі толы болса да,

Жүгірем əркез болмашы қиял соңына.


Сағынасың, шыдайсың, айта алмайсың,

Бəрібір де өткенді қайтармайсың.

Баяғыдай сол жанның көңілінде,

Не істесең де қайтадан жайқалмайсың.


Қиял кеңістігі
Тау самалы жан дүниеме енеді,
Қозғалтады уақыт атты кемені.
Таңғажайып дүниемен толыққан
Ертегіде өмір сүргім келеді.

Шын достыққа мендік жүрек сенеді,


Сынамастан жақсы баға береді.
Уолд-Диснейдің Ақ-құбасы секілді
Хайуандармен дос болғым-ақ келеді.

Кейде жаным мұңға батып қамығад,


Бұл жалғанда жалғызсырап жабығад.
Қар ханшасы болғым келед сол кезде
Ұшып жүрер, эльфтерін салып ап.

Қарай берем өмірдің бұл сиқына,


Алармекен шындық шіркін ұмтыла?!
Диснейлендтің Аброрасы секілді
Кеткім келед кей-кезде мен ұйқыға.

Ауыр болсын, ауырды да көтерем,


Сол тағдырмен биіктерге жетер ем.
Алладиннің кілемі мен лампасын
Өзімменен бірге алып кетер ем.

Сан ойларым мені ішімнен түтеді


Бұл арпалыс енді қашан бітеді?!
Барлық әлем теріске шығарса да,
Менің жаным ғажайыпты күтеді.

* * *
Көрейін, яки мен естиін,

Ертерек немес кеш дейін.

Кейде кеш түсініп жатасың,

Құның жоқ екенін бес тиын…
Жетейін биікке жетпейін,

Кетейін алысқа кетпейін.

Мені ойлап алаңдап жүретін

Жандарға шүкірлік етейін.


Ораза

Жылдар жалғап жылдарға арқандарын,


Ең ұлы уақыт келді, дархандарым!
Өте зор қуанышқа бөлейтұғын
Жердегі мұсылманның баршаларын!

Алланы еске алып таң атырған,


Санадан өшірместен күн батырған.
Жүрекке иман беріп, тұрақ беріп,
Нәрестедей қылатын жаңа туған!

Ренішті қойып, барлығында кешіресің,


Жүректі сәбидей қып өшіресің.
Осы айдың оразасын тұтқан жанға
Аллаһым өзі берер несібесін!

Ода

Жанымда емес, дұғамда барсыз,


Шүкірлік етем Аллаға сансыз.
Қалайша ғұмыр кешкен екенмін
Дәл сіздей дархан кеңпейіл жансыз.

Толғаулы мынау жүректе барсыз,


Көңілімдегі сайраған әнсіз.
Мен жайлы мүлдем білмесеңізде
Шуақ боп атқан арайлы таңсыз.

Бір кезде күнсіз, бір кезде қарсыз,


Жұмбағы көптеу, беймәлім жансыз.
Алыста қазір болсаңыздағы
Жәй ғана мына жүректе барсыз.
* * *

Дем алып ап, кей мезетте асықтым,


Кейде батыл, кей кездері жасықпын.
Қанша жерден тасқа ұрсамда басымды
Білемісің, Өмір саған ғашықпын!!!

Өмір ағымы

Біреу менің жанымды жылытады,


Көңілге нұр сыйлауға тырысады.
Біреу менің жаныма қаяу салып
Өмірде жүргенімді ұмытады.
Біреу мені тастайды көңілді ғып (қылып)
Айтпастан жүректегі шерімді ұғып.
Біреу менің қасымда дос болып ап
Бір мезетте кетеді қанжар сұғып.

Біреу мені айтқызбай түсінеді,


Мен күрсінсем, ол адам күрсінеді.
Біреу мені танымай жатса дағы
Сөнбеген жанартаудай сілкінеді.

Біреу мені балайды бар ғаламға,


Пайдасын тигізер деп әр адамға.
Біреу мені дұшпан деп санайды екен
Мен оны нағыз дос деп санағанда.

Біреу мені жанынан артық көред(і),


Мен үшін Күн секілді жылу төгед(і).
Біреу менің жанымды жабырқатад
Байланыс теңізіне салып бөгет.

Біреу менің жанарымды қуантады,


Атса да машақаттың құла таңы.
Енді біреу көңіліме қарамастан
Ауыр сөзбен жүректі жылатады.

Міне солай, өтуде өміріміз,


Бір күліп, бір мұңайып көңіліміз.
Әр адаммен әр түрлі қатынаста
Өрілуде тағдыр атты өріміміз.

* * *

Ұшқыр қиял көз жетпеске самғайды,
Самғайды да, көкжиегін таңдайды.
Қиыры жоқ шексіздікке ұмтылып,
Бір арманды екінші арман жалғайды.
(Ал мен болсам көрсем деймін шалғайды...)
Актерге

Күн салып ап көңілдің қалтасына,


Жіп байлаған өнердің арқасына.
Театр атты әлемде тұрғындар бар
Азық сыйлар көрерменнің баршасына.

Сол тұрғындар.. Жандары тым ерекше,


Көп нәрсені түсірер бірден еске.
Сахнада салтанат құра білген
Болмайды ғой оларды күн демеске?!

Бір кеуде де бірнеше жан тоғысқан,


Бір мезетте ақ пен қара соғысқан.
Кей кездері, күңгірт реңге алмасып
Қабағымен суық қарға жолыққан.

Кей кездері, жайма шуақ көктемдей,


Жан дүниеңе самал болып жеткендей.
Кей кездері, сұрғылт күз боп сарғайып,
Мәңгілікке, қайрылмастан кеткендей...
Бір мезетте жаны нұрға боялар,
Бір мезетте көңілдерді саялар.
Бір мезетте жан дүнесі өртеніп
Түс көргендей бірден шошып оянар.

Сахнаны салтанатты үйім дер,


Театрдың тұрғындарын сүйіңдер.
Көңілдегі өнерлі әртістерім,
Асқарларды тұрақ етіп жүріңдер!
* * *

Ай аспанды, күн ғаламды билейді,


Бірақ олар бірін-бірі білмейді.
Пейзаж салып көктемнің бір кешінде
Мендей адам өздік айын іздейді.
* * *

Жалғыздықтың жаһанда күйі бөтен,


Армандардың ауылы биік екен..
Жанарыңнан жаныңды түсінетін
Бір досыңның болмауы қиын екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет