Башай Таңнұр -
1997 жылы, 24-тамызда Ұлан ауданы, Бозанбай ауылында туған.
Журналистика мамандығының 4-курс студенті.
Тағдыр тартысы
Қайырлы күн, қызы қаламмен қаруланса қуанатын мейрімді жан. Мен сізді қатты жақсы көремін. Өйткені сіз үнемі үнсіздікпен тыңдайсыз. Ал, бұл кез-келген адамның қолынан келе бермейтін ерекше әрекет. Сіздің осы әрекетіңіз үшін ба. Әлде әдемілігіңіз үшін бе, қайдан. Мен үнемі сізге күлкі сыйлағым келеді. Сіз күлсеңіз мен қуанамын. Бірақ бұл жолғы тақырыбымыз тың. Бұл жолы гүлі ашылмай жатып, белгісіз бір бағбанның кесірінен тамырымен талқандалған Тұмангүл есімді қыздың тағдырын талқылайтын боламыз. Әрине, мен жәй ғана журналистпін. Менің Тұмангүлім Әуезовтың Ғазизасындай ғажайып болмас. Менің Тұмангүлім Мүсіреповтың Ұлпанындай ұлағатты да болмас. Бірақ өмір жолы жапаға толы қыз ғұмырын шамамның жетісінше жүрегіңізге жеткізуге тырысатын боламын. Ендеше таңғажайып тағдырдың тылсым сырына хош келдіңіз.
Тұмангүл-он бір жастағы жетіліп, ақылы да арманы да толысқан тартымды қыз. Анасы Тұмангүлді жаңбырлы күні дүниеге әкелгендіктен бе, әлде оның туған күні анасының қайтыс болған күніне қатар келгесін бе, әкесі есімін Тұмангүл қойған.
Иә, иә. Сіз қателеспедіңіз. Анасы Тұмангүлге тыныс сыйлаған күні өз өмірін жоғалтқан. Оның Арман есімді жалғыз ағасы бар. Тұмангүл үшін Арманнан ақылды, арманнан жақсы адам жоқ еді. Өйткені, ағасы үнемі жұмыс істеп оған сыйлықтар ұсынып көңілін көтеретін.
Ертең жаңа жыл. Тұмангүл тәтті тағамдарын даярлап, төрт күн бойы көрмеген ағасының жолына қараумен болды. Кеш бата Тұмангүлдің тағатсыздана тосқан ағасы өзінің үш жолдасымен бірге келді. Ағасы бұл жолы оған бұрынғыдай шашбай немесе кітап, болмаса киім-кешек әкелмеген. Төрт күн көрінбей кеткен келбетті жігіт қарындасына, үстінде әшекейленген қызыл гүлді матамен жабылған жаңа төсек алып келген еді.
Бесіктен кейін арқасы ағашқа тимей, өмірі сырмақпен сырласып жататын Тұмангүл үшін бұл сыйлық аспандағы аймен ұқсас болды. Ағасы жолдастарымен төсекті орналастырып болғаннан кейін әлденеге қуанды ма, болмаса қандай да бір көңілсіз күндері есіне түсті ма - қойнынан бір шөлмек ащы суын алып шығып, достарымен бірге іше бастады. Он бір жастағы Тұмангүл үшін бұл судың сырынан төсектің қызығы әлдеқайда артық еді.
Менің мейірімді оқырманым. Сізді де «Тұмангүлдің әкесі қайда?» деген сұрақ мазалап отыр ма? Негізі көңіліңізді түсіріп айтқым келмеген еді. Ақыры аңдап қойған екенсіз, айтайын ендеше. Анасы қайтыс болғаннан кейін әкесі екінші әйел алып, соның арбауымен балаларынан бас тартқан еді. Ол үшін жабырқамаңыз. Бауыр ет баласынан бас тартқан безбүйрек әкені қайтесіз. Одан да көңілі көлдей болып, жаңа жылдық сыйлығына сүйсініп отырған Тұмангүлге барайық. Жүріңіз.
Кенет. Тәтті тоқашқа тойып, тар төсегінде томпиып жатқан Тұмангүлдің есігі ашылды. Әлденеден үрейленген бала жүрек ағасына айғайлаумен болды. Бірақ, жылуы да мейрімі де жетіспейтін тар төсекте жанына жағаласып жатқан жігіттің туған ағасы екенін Тұмангүл білмесе керек.
Сағат тілі он екіні көрсетіп, жаңа жылды тойлаңдар дегендей ән сала жөнелді. Сыйлыққа алған төсегі сұмдыққа әкеліп соққан ағалы-қарындас қалай тойламақ бұл тойды?
Тағат таппай таң да атты. Ағасы да есін жиды. Ояна сала ұяты мазалаған ойламсыз жігіт қарындасына қарауға беті бармай үнсіз үйден шығып кетті. Өткен жылы. Жоқ. Кеше ғана таза еді ғой Тұмангүл. Көзінен тамған жастары жаңа төсекке. Жоқ. Енді ол да ескі. Енді бәрі ескі. Тек ғана төсектің үстіне көмкерілген қызыл гүлдер ғана жаңа қалпында қалды.
Тағдыр тартысының тауқыметті түтініне тұншыққан жетім жүрек бұл тығырықтан қалай құтылмақ?
Өлім - бұл жеңіл жол шығар. Бірақ кеше де анасы соңғы тынысын табыстап кеткен еді ғой. Ж..жоқ. Бұлай істеу қиянат болар.
Ел естіп, көз көрмейтін жерге кету. Жоқ. Тұмангүлдің жағдайы келмейді.
Шыдау керек. Ұяты мазалап, жүрегі жыласа да Тұмангүл шыдағалы міне он жыл. Арқа сүйер әкесі, азғын болған ағасының өлі, тірісі беймәлім бала жүрек осылайша ауыр сынмен жиырма бір жастың есігін ашып отыр.
Бүгін жаңа жыл. Сағат тілі осыдан он жыл бұрынғыдай мерекелік әнмен шырылдауда. Осыдан он жыл бұрын бүгіні үшін зар жылаған жетім жүрек енді келешегін уайымдауда.
Менің мейірбан оқырманым. Сізде Тұмангүлдің тауқыметі үшін қиналып отырсыз ба? Мен де сіз сияқты қиналған едім. Бірақ бұл біздің қолдан келер іс емес. Соңғы шешімді уақыттың сарабына салайық.
Достарыңызбен бөлісу: |