Қалымбек Аян Советұлы


С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор – М. Ә. Төлеген



бет3/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
olender

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор – М. Ә. Төлеген

Дәулетберді Жекейұлы -

1995 жылы 4 - қаңтарда Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы, Қызылқайың ауылында дүниеге келген. Топтама өлеңдері «Ертіс толқыны» жинағы, «Шұғыла» журналы мен түрлі мерзімді басылымдарда жарық көрген. Халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегері. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 - курс студенті.


Мен
Мен – Қазақ – жылқымын!

Жылқыда жорғамын.

Жорғаның ізіндей әрқилы жолдарым.

Азия төсінде Түркіден туғанмын.

Ең текті тұқымы ем Сақтар мен Ғұндардың.
Дос болған жандармен кісінеп табыстым,

Бәйгесін бермедім ешкімге Намыстың.

Жаманға жалынан сипатпас тектімін.

Тірлікте көрсем де талайын тепкінің...


Кей кезде тағдырым тым қатал тіл қатып,

Арымның алдында ақсадым бір уақыт...

Далалық рухыма түскенде қылбұрау,

Тәңірге еріксіз мөлтектеп тұрдым-ау.

Уақыттың алдында түссем де күйге мың.

Тек ғана Еркіндік. Еркіндік – сүйгенім!

Тарихтың бетінде ізім қап, қарағым,

Мәңгілік елдікке тайпалып барамын...


Əн
Сағынып сахараны, сар даланы,
Салшыдай суға кеткен, қарманамын.
Салшы бір желдің əнін қоңырлата,
Дариға-ай, жанның емі - салған əнің!
Тізші бір сағыныштың ноталарын,
Жанымның жалындатып от-алауын.
Мен үнін тыңдап жатып туған қырдың
Кеудеме өлең етіп қотарамын.
Əн салшы! Кісінесін құлын - жаным.
Ұмытып "тірлік" деген ұғым барын,
Əуелеп жүрсін бір сəт көңіл-құсым
Доғарып тар қапаста шырылдауын.
Əн салшы үзілдірмей ұзақ таңға!
Сыздайды түн туғанда сызат бар Жан.
Сонан соң қолыңды бер! Таялық, жүр!
Мұңменен қауышқанша күз ап қалған...

Ақынға сыр
Ашқалы «а» деп алғаш жыр түндігін,

Алмасып кеткен сынды күлкім, мұңым.

Әйтеуір, жұрттан оғаш қылықтарым,

Әйтеуір, жұрт көзіне бір «біртүрлімін».


Ешкіммен шатағым жоқ, жұмысым да.

Ешкімге қосылмайды жынысым да.

Әдейі жұрт көзінен оқшауланып,

Ойымның қала берем қуысында.


Күйімді түсіне алар аңырама,

Сыр ұғар сіздей аға табыла ма?!

Өзгенің басы ауырар, іші ауырар,

Ал, менің ауырады жаным, аға.


Қоғамның шырқай-шырқай жауыр әнін,

Одан да қажығаным тағы мәлім.

Бір білсе, аға өзіңіз білесіз ғой

Ақынның жаны қалай ауырарын.


Оқыр да жаны ауырмас бәзбіреулер,

«Миында шалыс бар-ау, азды-кем» дер.

Дертімді тор-тіршілік асқындырар,

Жанымды жалғыздықтың жалбызы емдер.

Жан солай жиі-жиі ауырғасын,

Біртіндеп жалғыздыққа бауыр басып,

Артынша о жалғанға тайып тұрсам,

Белгілі бұ жалғанды сағынбасым...





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет