Қалымбек Аян Советұлы


Бақ пен Сордың ажыратар түсін кім?



бет6/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
olender

Бақ пен Сордың ажыратар түсін кім?
Бүгін тағы шамалы ғой күшім тым.

Сор мен Бақтың ажыратар түсін кім?

Құшағына Айды алып тербейді,

Жалғыздығын сезіндірмес үшін Түн.


Бүгін тағы күндегіше күйбелең.

Мен де өмірді өз әлімше сүйген ем.

Сізді ойласам, түсініксіз, бір қызық

Күдік-үміт араласқан күйге енем.


Бүгін тағы таусылардай төзімім.

Өмірімнің артта қалған кезі – мұң.

Сізсіз маған жоламайтын, жеритін,

Бақыт деген өзі кім?!


Бүгін тағы кешкі дала жаңбырлы,

Өмір деген әлегі көп, сан қырлы.

Бүгін тағы сізді іздеп, үмітпен,

Сан ойларым көшелерде қаңғырды.


Сағынышым өзегімді тілгілеп,

Жылай алмай қысылады бұл жүрек.

Бүгін тағы түнді осылай қарсы алдым,

Таңды мұңмен атырам ба, кім білед?!


* * *
Жаурағанда жас қайың жел өтінен,

Сен де мені қорғауға келетін ең.

Өлең оқып беруші ең маған ылғи,

Ал мен саған сыр ашпай кететін ем...


Сол күндерге жүрсің бе, назыңды артып?

Күзден жақсы көресің жазыңды артық.

Қысты қойшы, өзімен-өзі кетті.

Көктем келді кқөңілді сазын тартып.


Барлығынан көңілің қалып мүлдем,

Жүрсің күтіп мейірім анық гүлден.

Көктем де көрсетпеді-ау еш көмегін,

Оқылса да былтырғы ескі өлеңің.


Қалайда жуа алмаймын бұл айыпты,

Жүрегің, білем, бәрін жылай ұқты.

Сен маған болғаныңмен адал ғашық,

Мен саған бола алмадым лайықты.


Көктемгі жадыратсын гүл өңіңді,

Сүрші адал бес күн жалған бұл өмірді.

Өмірден өзгешелеу бақ іздеген,

Кешірші, менің мына жүрегімді


* * *
Өзгермейді сезімім сізге деген.

Қажып кетті дәл қазір бізден өлең.

Есіңізге өткенді алған сайын,

Сәлем айта салыңыз Күзге менен!


Ең аяулы, ең асыл ізгі шақта,

Еш көрсеткім келмейді сізді жатқа.

Оралғанда өңгеріп мұңдарыңды,

Сәлем айта барыңыз күзгі баққа!


Кетті мұңлы кездерге есе неге?

Не жазса да көнеміз пешенеге.

Ойыңызға алсаңыз бәрін түгел,

Менен сәлем біз жүрген көшеге де!


Күздегі сезімдерім әлі өлмеген.

Түсімде таңғажаып әлем көрем.

Мен бір күн ораламын, оған дейін,

Барлығына жолдаңыз сәлем менен!


...Сағындым ғой тағы да сізді қатты,

Тағдыр мені мың сынап, жүз құлатты.


Күз менен жерісе де әлі күнге,

Жақсы көріп тұрамын күзгі бақты.


Менің ішкі дүниеме үңіл, бірақ

Шешімін таппады әлі жұмыр сұрақ.

Менің жақсы көретін себебім сол,

Ол – мен үшін ең мәңгі ғұмырлы бақ


* * *
Жырақ қалды сенен гүл алған күнім.
Ешкім жасап алмайды қолдан мұңын.
Саған менің қалдырған ештеңем жоқ,
Сенен маған мұраға сор қалды мың.
Жүрегіміз соғатын бұрын бірге.
Жан едім ғой ақтарар сырын гүлге...
Сені күту маған тым ауыр екен,
Мені күту - налаға ұрындым деу...
Налаңнан арылмаққа бекіндің бе?
Бұрмадың көптен маған бетің мүлде.
Мен болсам ауыр мұңнан арыла алмай,
Қала бердім амалсыз, өкіндім де...
Сені ойламау - сезімнің мысын басу.
Сен де сондай кейіптің тұсындасың...
Белгісіздеу болғанмен не болары,
Белгілі ғой маған гүл ұсынбасың...

Жасырмақ боп жасаған кенде ісімді,


Жаңбыр-жасым тамшылап жерге сіңді.
Пәледен арылдың ба?
Ал мен білем,
Енді маған айналып келмесіңді...
Сұрақ
Өртеніп жатқан ішімді аяймын,
Өкініштерден бір қатар.
Қашырдым екен құтын қай айдың?
Мезгілдер маған тым қатал.
Барады уақыт шытып қабағын.
Мезгілдің миын тауысып.
Ашу-өкпемді қытықтамағын,
Болмашы ғана дау үшін.
Мүсіркейді кеп Күз мені күнде,
Күлкісі шіркін, неткен кең?
Ол да мені ылғи іздеді мүлде.
Көкірек керіп Көктем де...
Мұның бәріне кінәлі тағдыр.
Уақыт сосын бірбеткей.
Үміттің өзі ең соңғы жаңбыр,
Жанымды жүрген кірлетпей.
...Қолын алысып барады бөтен.
Бақытты екен жүздері.
Екі жүректі жаралы етер,
Бүлдіріп алдық, біз нені?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет