Қалымбек Аян Советұлы



бет34/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   69
Бошың Нұрдыбек -

1997 жылы, 20-мамырда ҚХР, Іле Қазақ Автономиясы облысы, Алтай аймағында дүниеге келген. Көптеген журнал беттерінде өлеңдері жарияланған. 2017 жылы атажұртқа келген соң «Солтүстік Қазақстан», «Қызылжар» газеттерінде өлеңдері жарияланған.

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-курс студенті.
Алтай
Туған жерден дәл осылай аттанғам ,

Енді маған жолығады бақ қайдан.

Күнде кешке құр сүлдерім қалады,

Адам деген шайтандарға тапталған.


Сағынамын дегем кеше Алтайға,

Бірақ басын маған қарап шайқайды ә?!

«Оралмайды өткен күндер өкініш,

Сені құдай, мені қытай сақтайды ә!»


- Деді маған асқар беті күн сүйіп ,

Бір бұрышта қалды жаным бұрсыйып .

Ертең емес болашаққа жол салған.

Енді арманым бітпейтұғын тіршілік.


Сау бол Алтай, ізетіңнен айналам

Маған қолын бұлғап жатыр бай далам.

Бай далам да шу қалаға айналар,

Ал, мен байқұс, қу сүйекке айналам.


Рухым бірақ, Алтай сенің еншіңде.

Қаймықпаймын қай періштең келсе де.

Сен мендіксің қазақ деген қараның

Қай ақымақ сені шетке бөлсе де.


Сендер мені
Сендер мені ұмытсаң да,

Мен сендерді ұмытқам жоқ.

Алып ұшып бір күні барам,

Бірақ ол күн жуықта жоқ.


Қаһарланып қаңтар айы,

Төккенменен суық өтін.

Сағынышын сендер деген,

Бермей келет жігіт бетін.


Менің күнім алтын арқа,

Сендер түгел білмейсіңдер.

Ел деп кеткен алтын жүзді,

Сендер көзге ілмейсіңдер.


Сағынышым асқақ бұл күн.

Алтын елім айдан әппақ.


Аппақ елдің айдын жүзін,

Былғамаңдар сендер қаптап.


О, тәңірім, қойшы тәйір,

Түсінесің жүрегімді.

Түсінетін күні мені,

Көмесіңдер сүйегімді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет