Сағынышымды өлеңменен жеткіздім...
Жасасаң да талай-талай секіріс,
Көңіліңе орнықтырып бекініс.
Өмірдегі ең қиын сәт Қоштасу
Өртесе де өзегіңді өкініш!
Періште боп! Мүмкін көкте шығарсың?!
Тылсым түрде мендік ойды ұғарсың!
Мүмкін бізді сонау дүние ішінен.
Ылғи келіп бәлкім көріп тұрарсың!
Өмір – теңіз, жүзе келе кемесі.
Туған күнің келіп қапты-ау келесі.
Неге сені қалдырмады бұл өмір?!
Бұйырмапты-ау 17-нің белесі.
Бүгін сені көрсем деймін түсімде,
Сені іздеймін! Сағынғаным үшін бе?!
Сегіз айда бүгілмеген сырларым,
Тау мая боп жатыр менің ішімде!
Осылайша біраз уақыт өткіздім,
Көңіліме біраз мұңды шеккіздім.
Көздеріңе тура қарап тұрғандай,
Сағынышымды өлеңменен жеткіздім!
Достарыңызбен бөлісу: |