Қалымбек Аян Советұлы


Тереземіз Кэмбриджбен теңеседі!



бет38/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   69
Тереземіз Кэмбриджбен теңеседі!
Өз өмірін жырлайды ақын жаны,

Өлең десе таңдайым тақылдады.

Ақындықтың шекпенін аламын деп!

Тіл дүлдүлі талай бәйге тақымдады.


ҰБТ -ның сынағын сындырған соң,

Қала өмірі маған да жақындады.

17 -ге жаңа толған жасымдағы,

Өскеменнің тәтті тиді тосын дәмі.


Ақ Орданың уәзірлері сынды бейне,

Ұстаздармен үндестік осындағы.

Студенттер болашағын өркендетер,

Алтай телестудиясы ашылғаны.


Тың дүние көбейсе, Елбасының

Жолдауының шапағы шашылғаны.

Шаңырақтың керегесін керіп берген,

Шырайлы Шығысымның асылдары.


Саф алтынға теңеймін өр келбетін,

Сәрсен атам ескерткішін қасындағы.

Жылдан жылға жаңа түлек шақырғаны,

Одан әрі маздатар отын-дағы,


Ұйымдардың барысында шыныққандар,

Батырлығын көрсетіп батылдары.

Нұр үстіне нұр болғандай көрінеді.

Ректорлыққа жаңа аға отырғаны.

Бұлбұлымын сайраған Ұлы Орданың,

Сәрсен Аманжолов атындағы!


Осылайша жарқын болмақ келешегі,

Білім деген ғылыммен тел өседі.

Бұл күні алысқа қанат қаққан

Тереземіз Кэмбриджбен теңеседі!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет