Қалымбек Аян Советұлы


Советхан Ақерке Айбекқызы –



бет49/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69
Байланысты:
olender

Советхан Ақерке Айбекқызы –

1998 жылы 13-шілдеде Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкжайдақ ауылында дүниеге келген.

Физика мамандығының 4-курс студенті.
Өзіндік ойлар...
Толықсып көңіл қобалжып,
Жүректің сырын шертеді.
Жақындар жанды оңалтып
Бақытты мені етеді.

Тұнғиық бастау - көк аспан,


Құс жолына жетеді.
Ойларым менің адасқан
Келмеске мәңгі кетеді.

Жүректі жарған жаңғырық


Сағымды соңнан ертеді.
Айналасын таң қылып
Мұңайтады Еркені.

Бір үзік сыр
Бағынып тағдыр заңына

Шыдармыз, әттең көнерміз.

Кеңістік - кеме маңына

Жарқ етіп, бірден сөнерміз.


Тұншығып, бірде дем алып,

Өмірге ренжіп жатармыз,

«Құрысын бәрі» деп алып,

Нұрланған таң боп атармыз.


Бұлақтай мөлдір, шынайы,

Шалғайға ағып шығармыз.

Ашылып көңіл шырайы

Өмірдің мәнін ұғармыз.


Сағыныш өртеп жүректі,

Жаныма менің жыр тұнар.

Көрсем ғой деген тілекті

Кім ұғар, шіркін, кім ұғар.


Қиялмен бірге өсетін,

Орындалса екен армандар.

Жүректе ғұмыр кешетін

Аспанда жақсы жандар бар.


Аспанның астын мекендеп

Шүкіршілік етерміз.


Аспаннан адам көрсем деп

Арманда мәңгі кетерміз.


ШҚМУ-ға
Жүрекке нұр құйған біліммен,

Сан ғасыр тарихи үніңмен.

Дарханым, ШҚМУ мақтанам

Өзіңде өткізген күніммен.


Әлі талай тарихқа із саласың,

Еңсересің, биік шыңды аласың.

Жаңа өмірге аяқ басып, жаураған,

Студентке сен екінші анасың.


Мақтан етем, студент пен ұстазды,

Көңілдегі қаламымды ұштады.

Қиындықтар алда қанша шықса да,

Еңселерін әркез биік ұстады!


Болашақта жақсы маман боламыз

Өнегелі жаннан үлгі аламыз.

Сырға толы универ жүрегінде,

Сөнбес шырақ болып әркез қаламыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет