Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет57/224
Дата08.09.2023
өлшемі10,2 Mb.
#106765
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   224
Байланысты:
Жүнісбеков

Дауыссыз дыбыстар
Қазақ тілінің төл дауыссыз дыбыстарының жүйесі 
17 
дыбыстан 
құралады. Олар қолданымдағы әліпби арқылы былай таңбаланады:
Б
,
 
Ғ-Г
,
 Д
,
 Ж
,
 З
,
 Й, Қ-К
,
 Л
,
 М
,
 Н
,
 Ң

П

Р

С
,
 Т

У(w)
,
 Ш
. Дәстүр бойынша 
Қ-К

Ғ-Г
дыбыстарының жасалым (жасалу орны) айырмашылықтарын 


84
ескеріп, жеке-жеке дауыссыздар деп есептеп келеді. Бұл жерде олардың 
бір дауыссыздың жуан/жіңішке үндесім варианты екендігі ескеріліп, 
керісінше, бір дауыссыз деп қарастырылып отыр.
Дауыссыз дыбыстар дауыстың (дауыс желбезегінің) қатысына 
қарай
: қатаң (тербеліссіз)

ұяң (тербеліңкі) 
және 
үнді (тербелімді)
болып үш топқа бөлінеді.
Қатаң дауыссыз дыбыстар
Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстардың құрамы төмендегідей: 
П, Т, Қ-К, С, Ш
. Бұлар қазақ тіліне тән төл дауыссыз дыбыстардың 
қатарына жатады. 
Қатаң дауыссыз дыбыстардың бәріне ортақ белгі – 
дауыстың 
қатыспауы
. Басқаша айтқанда, қатаң дауыссыз дыбыстардың жаса-
луына дауыс желбезегі қатыспай, бейтарап (тербеліссіз) қалады. 
Қатаң дауыссыздардың басын қосып, ұйыстырып отыратын бірегей 
белгі дауыс желбезегінің тербеліссіз қалпы болып табылады. Сондық- 
тан да олар жасалым (артикуляциялық) тұрғысынан 
тербеліссіз
дауыссыз дыбыстар деп аталады (көпшілік оқырманға естілім атау-
лардың қатарына жататын дәстүрлі 
қатаң
атауы таныс болғандықтан, 
кейде екі атау қатар жүретін болады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет