Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


Фонетикалық атаулардың толық түсіндірме сөздігі жұмыс



Pdf көрінісі
бет11/221
Дата13.02.2023
өлшемі10,2 Mb.
#67422
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   221
Фонетикалық атаулардың толық түсіндірме сөздігі жұмыс 
соңында өз алдына берілді. Алайда қажет болған жағдайда, кейбір 
бөлімдердің түсінігін жеңілдету үшін мөлтек атаулар тізімін 
беріп отырдық.
2. ӘЛЕМ ТІЛДЕРІНІҢ ЖІКТЕЛІМІ
(Классификациясы) 
Әлем тілдерінің әзірге белгілі үш туыс тобы бар. Олар – үнді-еу-
ропа, тай-қытай және орал-алтай тілдері. Оларды топтастырудың жік-
телім белгілері ретінде кейде сөз просодикасын (сөзқұрауыш), кейде 
морфологиялық құрылым желісін алып отырады. Сөз просодикасын 
алатын болса, онда екпін, буын және сингармонизмге сүйенеді, морфо-
логиялық құрылымына қарайтын болса, онда қопарылмалы (флектив), 
жадағай (изолюр) және жалғамалы (агглютинатив) сипатына сүйенеді. 
Бүгінде тілдерді туыстық жағынан топтастыру үшін осы жіктелім 
белгілер жеткілікті болып отыр. Дегенмен тіл туыстығы тәрізді күрделі 
тарихи-әлеуметтік құбылыстың жіктелімі бірлі-жарым белгілердің 
көрінісімен ғана анықталмау керек болады.
Тілдерді топтастырудың жолы
Олай болса, тілдерді топтастырудың кешенді белгілерін қарасты-
ру керек сықылды. Өйткені бір не екі белгінің тілдер туыстығын көр-
сету үшін жеткіліксіз болатын кездері жоқ емес. Оның үстіне тілдер
туыстығы көптеген себептердің жиынтығынан барып қалыптасады. 
Ендеше, тілдердің туыстық топтарын анықтағанда сондай себептердің, 
мүмкін болғанша, мол түрін қамтыған жөн (2.1-сызба).
Жіктелім белгілер ретінде туыс халықтардың орналасқан жері ал-
дымен есепке алынады. Өйткені туыс халықтар, әдетте, жер жағдайы-
на байланысты қашанда бірыңғай орналасады. 
Үнді-еуропа туыстығы, аты айтып тұрғандай, Еуропа мен Үнді 
құрлығын тұтас алып жатыр.


20
Келесі туыстық топ Үлкен Азия құрлығының оңтүстік-шығысын 
түгел алып, дөңгелене ұйысып жатыр.
Соңғы топ Үлкен Азия құрлығының орталығы мен батысын қоса 
ұзына бойын, сонау Солтүстік мұзды мұхиттың жағалауынан Қара 
теңізге дейін бойлай жайласып жатыр.
19


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет