32
Келесі бөлімдерде қазақ тілінің үндесім дыбыстарының талданымы
өз алдына, үйлесім (ассимилятив) дыбыстарының талдауы өз алдына
беріледі.
Атаулар:
- фонетика – тілдің дыбыс жүйесін зерттейтін тілтаным саласы;
- акустикалық (айтылым) фонетика – дыбыстар мен сөз ора-
лымдарының физикалық табиғатын зерттейтін тілтаным саласы;
- артикуляциялық (жасалым) фонетика – тіл дыбыстарын жа-
сауға қатысатын сөйлеу мүшелерінің қозғалысын талдайтын фонетика
саласы;
- перцепциялық (естілім) фонетика – тіл дыбыстарының түй-
сінім сипатын талдайтын фонетиканың саласы;
Достарыңызбен бөлісу: