50
енгізіліп отырған «дауысты дыбыстардың» жөнін табу үшін олар «да-
уыстыдан кейін дауыссыз болады, дауыссыздан кейін дауысты бола-
ды» деген жартыкеш ереже қабылданды.
Кез келген жазу тілдің ішкі өзіне тән құрылымы мен табиғи ай-
тылымына зиян тигізбеу керек.
Керісінше,
тілдің әдеби айтылымының
қорғанышы болу керек. Ол үшін:
1. Жазу сөздің дыбыс құрамын дәл бейнелегенде ғана дұрыс жазу
болады. Ендеше, қазақ жазуы қазақ сөзінің үндесім әуезін дұрыс көр-
сетіп отыру керек, басқаша айтқанда, жуан айтылатын сөздің таңбасы
мен жіңішке айтылатын сөздің таңбасының арасында көрнекі айырма
болсын.
2. Жазу қазақ сөзінің буын құрамын бұзбау керек. Мысалы,
ми-
ы, су-ы[мый-ы], [сұу-ы] болмау керек,
мы-йы, сұ-уы болу керек. Қа-
зақ тілінде сөз ішінде буын дауыстыдан басталмайды. Оқулықтардағы
осындай кереғарлықтардың қиындықтарын айтып, балаларға түсіндіре
алмай, олардың алдында «бірде олай болады, бірде бұлай болады» деп
екі сөйлеп, әлек болып жатқан мұғалімдердің пікірі ескерусіз қалып
жатыр.
3. Жазу қазақ сөзінің тасымал ережесіне сай болу керек. Тағы да
Достарыңызбен бөлісу: