дың сұрақтарына жауап бергенде тағы сол сияқты. Әңгіме зерттейтін ма-
териал бойынша оқушылардың кейбір мәліметтері мен білімдері болған
уақытта жүргізіледі. Әңгіме оқу материалын оқушының жеке өмірі тәжіри-
бесімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Әңгіме әдісі арқылы оқушы қа-
жетті білімді қайта жаңғыртып және оларды жаңа оқу материалымен бай-
ланыстырады. Мұғалім кері байланысты жүзеге жақсы асыра алады. Оқу
– нені біліп, нені білмейтінін анықтап, білімдегі қателерді түзету арқылы,
жаңа мәліметтер бере алады. Әңгіме әдісін кез -келген сыныпта, оқу ке-
зеңінде пайдалануға болады. Әдетте жаңа оқу материалын түсіндіру
әңгімеден басталады. Оның негізгі мақсаты-жаңаны өткен материалды
еске түсіру және балаға таныс нәрсемен байланыстыру.
Жалпы оқытуда негізінен әңгіменің екі түрі пайдаланылады: катехи-
зикалық (сұрақ, жауап негізіндегі әңгіме) және эвристикалық (жаңаны ой-
лап табу жолындағы әнгіме). Бастауышта
катехизикалық әңгіме оқушы-
лардың білімін тексеру және бағалау, бекіту, оқылған мәтінді талдау жұ-
мыстары үшін, ал эвристикалық әңгіме жаңа білімдерді хабарлау мақса-
тында қолданылады. Эвристикалық әнгімеде сұрақтар мен берілуде тиіс-
ті жауаптар оқушылар ойын жаңа қағидалар мен қорытындыларға әкелу
бағытында құрылады, оқушыларда жаңалықты өздері ашып отырғандай
әсер қалдырады. Қазіргі кезде эңгіменің бұл түрі шешімі табылуға тиісті
мәселе көтере отырып оқытуда (проблемалық) кең қолданылып жүр.
Әңгіменің нәтижесі сұрақтарды орындап қойып, оқушылардын мүм-
кін боларлық жауаптарын білуге көп байланысты. Мұғалім сұрақтары ба-
ла дамуын ескере, өте жинақы, артық түсіндірмелі сөздерсіз құрылганы
жөн. Сұрақтың құрылымы тек оқушылар жауабына қарай өзгеру керек.
Сұрақтар белгілі бір ойдың логикасын сақтайды. Мысалы, жалпыдан же-
кеге қарай (дедукция), жеке және нақты
деректерден жалпы қағидаға
(ережелерге) қарай (индукция), салыстыру, талдау, сұрыптау, абстракті-
леу және басқа да ойлау операциялары.
Арнайы мектеп оқушыларын толық жауап беруге дағдыландыру ке-
рек, яғни ауызша байланыстырып сөйлеуге үйрету. Бұл – оқушының ло-
гикалық ойлауын дамытады және сөйлеуіндегі кемістіктерді түзетуге
мүмкіндік береді. Мұғалімнің негізгі міндеті – қойылған сұраққа жауап алу,
оқушының ойын түсіне білу, қажет болғанда қосымша сұрақтар қою арқы-
лы оқушы ойын анықтап отыру. Айналып келгенде, мұның бәрі оқушы-
ның танымдық іс-әрекетін басқару болып табылады.
Жалпы педагогикалық талаптар.
-
сұрақтардың тұжырымы қысқа және түсінікті түрде болуы тиіс
-
мүмкіндіктері шектеулі балалардың қабылдау еркшеліктерін ескере
отырып, сұрақ пен жауап беру арасында кажетті уақыт беру керек. Сұрақ
– жауап формасы естімейтін оқушылардың диалогты сөйлеуін қалыптас-
тырады. Әңгіме үстінде мұғалім оқушылардың қате берілген жауаптарын
түзетеді, сонымен бірге сөйлеудің грамматикалық,
стилистикалық ды-
бысты айтудағы кемістіктерін түзетеді, және әнгімеде балалардың мә-
нерлеп сөйлеуге, дұрыс интонациямен айтуға үйренеді.
Түсіндіру
– ғылыми дәлелдемелерде, ғылыми ұғымдар мен қағида-
ларды қалыптастыруда, заңдар мен зандылықтарды зерттеуде қолданы-
латын негізгі әдіс. Бұл әдістегі басты мәселе
– ой-пікірдің
логикалық
ғылыми дәлелділігі. Түсіндіру әдісін пайдаланғанда
оқу материалының
ғылыми сипатын еске аламыз. Ғылыми ойдың логикасы түсіндіруге қойы-
латын негізгі талаптарды анықтайды. Осы тұрғыдан қарағанда мұғалім
оқу пәнінің ғылыми мазмұнын терең білуі, сабаққа қажетті материалды
таңдап ала білуі, түсіндіру терендігін білу керек. Одан әрі түсіндіру жүйе-
сінде балалардың берілген материалды оқуының мақсатын белгілеуі,
теориялық қағидаларды бөліп алуы,
дәлелдемелер құрамын анықтауы,
деректі материалды таңдап алуы керек.
Түсіндірудің қол жетерлігі көбінесе баяндау стиліне тәуелді болады.
Алдын ала не түсіндіру барысында, әсіресе бастауыш мектепте, балаға
түсініксіз жеке атаулардың (терминдердің) мәнін ашып айтып отыру
арнайы дидактиканың талаптарының бірі. Өте күрделі, оралымсыз сөй-
лемдерден аулақ болып, мұғалім сөзі түсінікті, сендірімді,
сенімді келіп,
одан оқушыға деген құрмет сезілуі тиіс. Сабақта түсіндіру барысын
өзгертпеуге тырысу керек, арнайы сөздік жұмысын өткізу талап. Бұл жұ-
мысты орындауда мұғалім тарапынан жақсы нұсқау керек.
Өз бетімен жұмыс жасау барысында білім алу дамудың негізгі жолы
болғандықтан, оқушылардың таным әрекетінің ерекшеліктерін жан-жақты
ескеру керек. Арнайы мектептегі мұғалім оқу материалын баяндауда оқу-
шылардың белсенділігіне, ынтасына, ерекше білім деңгейіне сүйенеді,
материалдың мазмұнын дәлелдейді, кейбір ережелердің заңдардын маз-
мұнын ашады. Материалды түсіндіруде түрлі кұралдарды есептер шыға-
руды, жазып алу кең түрінен қолданылады оқушылар баяндау процесін-
де сұраққа жауап береді,
пайымдайды, дәлелдеуге тырысады. Арнайы
мектепке түсіндіру бастуыш сыныптарда бес-жеті минут, жоғары сынып-
тарда он, он бес минуттан аспайды, ойткені бұл әдіс мүмкіндіктері шек-
теулі балалар үшін қиын, себебі таным процестерінің толық жетілмеуі.
Арнайы мектеп оқушыларына түсіндіру әдісін қолдана отырып, мұғалім
олардан қалай нені түсіндіргенін әр қашан үздіксіз, тұрақты түрде
тексеруі тиіс. Бұл жұмыс болашақта білімнің жартыкештігін алдын алады.
Оқыту әдістерінің бұл тобымен оқыту нәтижесі мұғалімнің сөйлемді
дұрыс құрастыруына және оқушының сөзбен
баяндалған материал маз-
мұнын түсіну білігіне тәуелді болады. Окытудың сөздік әдістері мұғалім-
нен түсіндіруде логикалық тізбектестікті және дәлелділікті, материалдың
күмән тудырмай бейнелі және көтеріңкі кеңіл – күй сезімімен баянда-
луын, тілдің әдеби және айқындығын талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: