3.2 Қоршаған айналаны оқыту әдістемесін оқытудың көрнекі
әдістері
Оқытудың көрнекілік әдістеріне
көрнекі құралдарды пайдалану
жолдары жатады. Көрнекі кұрал оқу материалын түсінуге елеулі ықпал
жасайды, оқушы ойының мазмұны мен құрылымын анықтайды. Себебі
кез-келген көрнекі
кұрал түсіндірмелі, талданады, зерттелген мәселе
бойынша негізі не қосымша көз қайнары болып табылады. Сондықтан
көрнекілік әдістер тек көрнекі кұралдар комегімен әрі әңгіме, әрі суреттеп
айту, әрі баяндау, эрі түсіндіру, әрі өз бетімен оқу болып табылады.
Көрнекі құралдарды пайдалану оқушының сезімдік бейнелеуіне, түй-
сігі мен қабылдауына сүйену оның танымдық іс-әрекетінің өзіндік құры-
лымын жасайды, баланың бейнелі, нақты ойлауын, абстракциялаудың
жақсы негізін қалыптастырып, зерттелген теориялық қағиданы түсінуін
қамтамасыз етеді.
Арнайы мектеп оқушыларының психикалық даумының ерекшеліктері
көрнекілік әдістерін жүзеге асырудағы өзгешілігін анықтайды.
Шеру әдісі
– тәжірибелерді, прибор, препарат, табиғи нысандарды,
кинофильмдерді т.б. көрсету арқылы жүзеге асады. Шеру әдісі әсіресе
физика, химия, биология сабақтарында жиі қолданылады.
Иллюстрация –
әдісінің көмегімен оқушыларға иллюстративті яғни
көрнекі-бейнелеу құралдарды (плакат, карталар, сурет, портреттер, кар-
талар) көрсетуге болады.
Бақылау әдісін пайдаланып, оқушылар мұғалімнін тапсырмасы
бойынша өз бетімен жұмысын жүргізеді. Бақылау жұмысы сынып бөлме-
лерінде химия, биология пәндерінен, мектептің оқу-тәжірибе аймақта-
рында еңбек, ботаника пәндерінен берілген тапсырмалар бойынша жүр-
гізледі. Бақылау мәліметтерін оқушы үнемі жазып отырады, ал оның нә-
тижесі сабақта талқыланады, барлық жұмыс алдын ала жоспарланады,
дайындық жұмыс қажет.
Арнайы ғылыми зерттеулер көрсеткендей (Ж.Ш. Шиф, И.М. Со-
ловьев) естімейтін балалар арнайы көмекке дейін кезенде білімді тек
бақылау арқылы меңгере алады, бірақ сол бақылауға деген ерекше қабі-
леттеріне қарамастан, олар көбіне маңызды көрсеткіштерді байқамай,
болмашы көрсеткіштерге назарын аударады. Мысалы, ақыл ойы кемтар
бала құстың кеудесіне, жалпы бейнесіне қарамай, қанаты немесе тырна-
ғына назар аударады.
Мұғалім бақылау жұмысын жүргізу алдында балаларға нақты жоспа-
ры, мақсаты, кезендері түсіндіруі тиіс. Бақылау тапсырмалары әртүрлі
әрекеаттермен бірге болуы мүмкін (сурет салу, табиғи өнімдерді жинау,
жапырақ гүл). Арнайы мектепте бақылау әдісі өте маңызды. Түзету – пе-
дагогикалық жұмысының нәтижесі көрнекілік әдістерінің практикалық
әдістермен бірге қолданған жағдайда жоғарлайды
Оқытудың тәжірибелік әдістеріне оқушылардың икемділігі мен дағ-
дыларын қалыптастыру және жетілдіру процесіне байланысты әдістер
жатады. Сөз жоқ оқытудың
кез-келген
әдісі тәжірибемен байланысты-
рылады. Тәжірибелік әдістер оқушылардың сабақтағы негізгі іс-әрекеті
тәжірибелік тапсырмаларды орындаумен байланысты деген сөз. Бұл
әдістерге жазбаша және ауызша жаттығулар, практикалық және лабора-
ториялық жұмыстар, өз бетімен орындалатын жұмыстардың кейбір түр-
лері жатады. Аталған жұмыс түрлерінің ерекшеліктері қалыптастырады
оқушылардын икем мен дағдыларда болып табылады.
Оқушылар бойындағы дағдылардың алғышарттарын қалыптастыру
үшін математика, ана тілі, табиғаттану, еңбек, музыка, бейнелеу өнері
сабақтарында дайындық, машықтандыру және жасампаздық жаттығулар
кең қолданылады. Ерекше жағдай оқушылардың әрбір орындалатын
жаттығуды әсіресе дағдыны қалыптастыратын алғашқы амалдарды ба-
қылауға мүмкіндігі болған жөн. Мұғалім мен мәтін мен тапсырмаларды
алдын ала таңдап алады, балалардың жұмысқа дайындығын тексереді.
Мұғалім тарапынан оқушының әрбір орындаған жаттығуы дер кезінде,
әділ және дұрыс екені қадағалап, бағаланады.
Практикалық және лабораториялық жұмыстарды арнайы мектеп оқу-
шылар көбінде еңбек, сурет, табиғаттану сабақтарында, мектеп жанын-
дағы бақшаларда орындайды. Жұмыстар нақты тақырыптар бойынша,
оқушылардың алдын ала жақсы дайындығымен өтеді. Оқушылар алдын
ала еңбек және басқа оқу құралдарымен жұмыс істеу, қауіпсіздік ереже-
лері, еңбекті ұйымдастыру мәдениетімен таныстыру керек.
Оқушылар өз бетімен жұмыс жасау барысында практикалық тапсыр-
маның шешілу тәсілдерін
өздері іздеп табуы керек, ал сол кезде міндетті
түрде мүғалім қалай орындалып жатқаның бақылауы міндет. Тек осы
жағдайда ғана өө бетімен жұмыс жасау жасампаздыққа, бастама көтеру-
шілікке, сенімділікке тәрбиелейді. Мұғалімнің
басшылық етуі – оқушының
тапсырмалар мен жаттығуларды орындауда өзін, шамасын көрсете бі-
луін қамтамасыз етуге жол ашады. Мұның өзі мұғалім сынып оқушыла-
рының даму деңгейін, жеке ерекшеліктерін, орындалуы мүмкін тапсыр-
маларды тандай білгенде ғана жүзеге асады.
Арнайы мектепте практикалық жұмыстардың турлері: еңбек және
әлеуметтік-тұрмыстық бағытттау, заттық-тәжірибелік оқыту сияқты сабақ-
тарында жиі қолданады. Практикалык әрекетінде мұғалім оқушылардың
біріккен әрекетін ұйымдастыру формалары өте маңызды (мұ
ғалім көме-
гін байқап мөлшерін анықтап көрсеткен жөн, сол көмек окушылардың
ынта дербестігін дамытуға кедергі жасамауы керек.
Жаттығулар – практикалық оқыту әдісі
, ең жиі пайдаланды.
Оқушылардың іскерлік қабілеті, дағдысы, жаттығу арқылы қалыптасады.
Жатығулардың түрлері: ауысша, жазбаша, сыныпта үй жағдайында
орындалатын. Жаттығудың тиімді әдістері жаңа материалды (ережелер-
ді, анықтамаларды формаларды) саналықпен меңгеру, есте сақтау,
алған білімге сүйеніп тапсырмаларды орындау, жаңа мысалдар мен
есептерді шығару тәсілдерін іздестіру.
Жаттығулар арнайы мектептерде оқушылардың жасаған қателікте-
рін түзетуге мол мүмкіндік береді. Кемтар балалар үшін жаттығулардың
қиыншылығын мөлшерлеу қажет, түрлі нұсқаларын пайдаланған тиімді
болады.
Сонымен, сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер оқыту про-
цесін ұйымдастыруда аса маңызды қызмет атқарады. Арнайы білім беру
оқыту әдістері іріктеуі келесі формалармен қалыптасады:
-
есту, көру, қимыл қозғалысында мүмкіндіктері шектеулі болғандык-
тан сақтаулы анализаторларга сүйене отырып қалыпты әдістерді пай-
далану;
-
мүмкіндіктері шектеулі баллалардың барлығына ортақ кемістік -
сөйлеу тіліндегі ауытқушылық сондыктан білім берудің алғаш кезенінде
сөздік әдістер көрнекілік жэне тәжірибелік әдістерге орын берді, яғни
жалпы жетекші болмайды;
-
балалардың дамуында түрлі бұзылуы бар бейнелі ойлау және
көрнекі әсерлі ойлау көпшілігінде қалыптасады, ал логикалык ойлаудың
дамуы қиындайды. Сонымен бірге әдістерді іріктеуде түзету-оқыту мақ-
саттарымен және жакындағы нақты максаттарымен лайықгы болуы тиіс.
Арнайы оқытуды дұрыс ұйымдастыру үшін тиімді оқыту әдістерін
таңдап алу өте маңызды, әдістерді іріктеуде төменгідей критерийлерді
ескеру қажет:
-
оқыту зандылықтары мен принциптеріне сәйкестігі;
-
оқыту мақсаттары мен арнайы міндеттерге сәйкес келуі;
-
меңгерілетін білім мазмұнына сәйкестігі;
-
оқушылардың оқу мүмкіндігіне, яғни кемістік түрі, жас және жеке
даму, тұлғалық ерекшеліктерін ескеру;
-
арнайы педагогтың мүмкіндіктеріне сәйкес келуі, нақты тәжірибесі,
білім деңгейі, кәсіби біліктілігі мен шығармашылық қабілеті.
Достарыңызбен бөлісу: |