Алипбаева Г. А., Нурова А. К. ҚОршаған әлемді оқыту әдістемесі


Қоршаған айналаны оқыту әдістемесін оқытудың тәжіри-



Pdf көрінісі
бет29/37
Дата19.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#119136
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37
Байланысты:
Алипбаева Г.А. Қоршаған әлемді оқыту әдістемесі 6

 
3.3 Қоршаған айналаны оқыту әдістемесін оқытудың тәжіри-
белік әдістері 
Көрнекілік және ауызша әдістерден оқытатын нысандары жағынан 
айырмашылығы географиялық шындық пен олардың үлгілер жағынан 
айырмашылығы бар. Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсіл-
дермен іске асса да, оқыту әдістерін таңдау негізінен, білім берудің 
мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес 
анықталады. 
Тәжірибелік әдіс.
Оқушылардың қабілеттілігін дамытуда маңызы зор 
әдістердің бірі. Бұл әдіспен сабақ өткізген кезде ол күрделі, өзара бай-
ланысып жатқан сөйлеу, көрнекілік және практикалық әдістердің қол-
данылуы арқылы іске асырылады. Әдісті жүргізілуге берілген тапсырма-
лардың өзінің де оқу-тәрбиелік маңызы зор. Бұл әдіспен сабақ өткізу 
ұстаз жағынан өте тиянақты дайындықты, оның ұйымдастырушылық 
қабілеттілігін талап етеді. 
Өткізілген сабақтың нәтижесі де басқа әдіспен өткізілген сабақтарға 
қарағанда ерекше болады. 
Тәжірибелік сабақ кезінде оқушылардың танымдылық іс-әрекетін 
қалыптастыру үшін бес кезеңнен өткізу арқылы көруге болады. 


1. 
Оқытушы түсінік береді. Бұл кезең жұмыстың мазмұнын 
теориялық тұрғыдан ойлануы. 
2. 
Көрсету. Бұл кезең нұсқау береді. 
3. 
Сынақ кезеңі. Бұл кезеңде екі-үш оқушы берілген жұмысты орын-
дайды, алқалғандары іс барысын бақылап, оқытушының нұсқауымен жі-
берілген қателіктеріне ескертулер жасайды. 
4. Жұмысты орындау. Бұл кезеңде әр бір оқушы берілген тапсырма-
ны өз бетінше орындайды. Оқытушының назары жұмысты нашар орын-
даушыға көп бағытталады. 
5. Тексеру. Бұл кезеңде орындалынған тапсырманы қабылдап, оған 
баға беріледі. Сапасына, уақытты дұрыс пайдалана білуіне, оның дұрыс 
орындалып, нәтижесі бойынша жасалынған қорытындысына тиісті баға-
сын береді. 
Мектептегі оқытуда оқу пәнінің көлемін бекітумен қатар және сабаққа 
қажетті материалдарды іріктеуде оқыту әдістерінің маңызы зор. Оқу маз-
мұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алынған оқы-
ту әдісі сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Мұндай әдістер ой мен 
түсінікті дамытуға және білімді жақсы меңгеруге ықпал етеді.Сонымен 
қатар тәрбиелік әсер береді. «Метод в самом общем значении – способ 
достижения цели, определенным образом упорядоченная деятель-
ность». 
Тәжірибелік әдістерге: лабораториялық, практикалық, графикалық, 
әр түрлі жаттығу жұмыстары жатады. 
Тәжірибелік әдістер-оқушылардың сабақта алған теориялық білім-
дерін, біліктілік пен дағдыларын тереңдету және жетілдіре түсу мақса-
тында олардың практикалық жұмыстарының маңызы ерекше. 
Оқытудың негізгі дәстүрлі әдістерімен қатар мұғалім оқушылармен 
бірігіп сабақта, оқу-тәжірибе участогінде оқу приборлары және техника 
құралдары көмегіне сүйеніп, оқу тәжірибелерін жүргізеді. 
Оқытудың зертханалық тәсілін негізінен биология, химия, физика 
пәндерінде жиі қолданылады. Аталған пәндердің мазмұны зертханалық 
жұмыстарды қажет етеді. 
Зертханалық жұмыстар
 
жаппай түрде немесе оқушының жеке-дара 
орындауы арқылы жүреді. Жаппай түрде жүргізгенде сыныптағы 
оқушылардың бәрі бірыңғай тәжірибе жасайды, ал жеке оқушылар орын-
дағанда әрқайсысының жасайтын тәжірибесі әр түрлі болады да, кейін 
ол жинақталады. 
Оқушылардың зертханалық жұмыстары мектеп жанындағы оқу-тәжі-
рибе учаскесінде жүргізілетін тәжірибелермен де тығыз байланысты. 
Олар дайындау, өткізу, қорыту кезеңі болып бөлінеді. 
Дайындау
 
кезеңінде оның мақсаты белгіленеді, жоспары жасалады 
және оқушыларды қажетті аспаптармен, реактивтермен, басқа да оқу құ-
ралдарымен, жұмыс істеу принциптерімен таныстырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет