Оқыту әдістері арнайы зерттеу негізінде топтарға бөлінді. Оқыту
әдістерін әртүрлі белгімен топтастыруға болады. Мысалы, оқыту кезе-
ніне байланысты жіктеуге болады.
-
білім алудың алғашқы кезеніндегі әдістер;
-
білімді бекіту кезеңіндегі әдістер;
-
дамыту әдістері.
Арнайы педагогиканың дидактикасы, жалпы педагогиканың әдістерін
қолдана отырып, өзінің арнайы әдістерін ажыратады. Олар:
-
логикалық әдістер-бұл индукция, дедукция жолымен оқыту.
-
гностикалық әдістер – іздеуге байланыстырылған әдістер
-
репродуктивті әдістер – еске түсіру, қайталау әдісі
Бұл әдістер жалпы мектепте дербестілік жолымен болса, арнайы
мектепте тек мұғалімнің жетекшілігімен ғана іске асырылуы мүмкін.
Арнайы оқыту әдістерінің жіктелуі жалпы педагогиканың әдістерінің жік-
телуімен бірдей. Ол жіктеу бойынша әдістер үш топқа бөлінеді.
-
сөздік әдістер тобы;
-
көрнекілік әдістер тобы;
-
практикалық әдістер тобы.
Бұлай топқа бөлудің білім алуда негізгі танымдық іс-әрекеттің
жетекші жолы ретінде қарау болып табылады.
Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіндру, кітаппен жұмыс
істеу.
Достарыңызбен бөлісу: