-
не меңгерілу тиіс?
-
меңгерту процесінде жаңа ұғымдардың
белгілі қандай қызметтері
туралы айтылады?
-
қандай маңызды мазмұны тірекке алыну керек?
Сабақтың мақсаты деп пәнді оқыту процесінде қалыптасатын білім-
нің құнды жүйелері. Ең маңыздысы баланың жеке басының қасиеттері –
бұл әлеуметтік белсенділігі, ойлау және кенеттен тығырықтан шығу қыз-
меттері, айналадағы құбылыстарды түсіне, талдау, теориялық білімдерін
іс жүзінде тұрмыста қолдана білу, түрлі
тапсырмаларды өз бетінше
орындау қабілетін дамыту т.с.с.
Екінші маңыздылығы мұғалімнің оқу-тәрбиелеу процесіндегі жетекші
ролін түсінуі. Шығармашылықпен айналысатын кез келген мұғалім бірса-
рындылықтан алшақтап, эвристикалық оқыту әдістерін пайдалана оты-
рып шығармашылықпен жұмыс істейтін орта түзіп, баланың
интеллектін
дамытатын жағдай жасауға ұмтылады.
Үшінші маңыздысы сабақта түрлі әдістер мен тәсілдерді үйлесімді
қолдана алу шеберлігі. Оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдауда са-
бақта нақтылық болу керек. Сабақта материалды меңгертуде әр алуан
тәсілдерді
пайдалану, әсіресе бастауыш сыныптарда мұғалімнің алдын
ала ойластырған белгілі бір жүйесі мен тәртібін талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: