Қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар жинағы Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде емес) 1-сынып


Бөлімше 1.2. «Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну»



бет4/9
Дата16.08.2023
өлшемі17,49 Mb.
#105350
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бөлімше 1.2. «Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну»



Оқу мақсаты

1.1.2.1 Баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну





Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Таныс сөздерді атайды және мағынасына қарай қолданады




Ойлау дағдыларының
деңгейі



Білу және түсіну
Қолдану



Тапсырма
Аудиожазбаны мұқият тыңда.
(https://www.youtube.com/watch?v=BsyfFlArDBg&index=1&list=RDBsyfFlArDBg)
Тыңдалым мәтіні:



Бармақ әке, бармақ әке, қайдасың?
Мұндамын, осында.
Қалың қалай?
Бармақ ана, бармақ ана, қайдасың?
Мұндамын, осында.
Қалың қалай?
Бармақ аға, бармақ аға, қайдасың?
Мұндамын, осында.
Қалың қалай?

Бармақ әпке, бармақ әпке, қайдасың?
Мұндамын, осында.
Қалың қалай?
Бармақ бөбек, бармақ бөбек, қайдасың?
Мұндамын, осында.
Қалың қалай?



Отбасы мүшелерін мәтінде аталған реті бойынша нөмірле.



Берілген сөздерді пайдаланып, өз отбасың туралы айт.





Дескриптор

Білім алушы
- мәтінде кездесетін таныс сөздерді атайды;
- суреттерді мәтін мазмұны бойынша ретімен белгілейді;
- отбасы туралы әңгімелеуде таныс сөздерді қолданады.


Бөлімше 1.4. «Мәтіндегі негізгі, қосалқы мәліметтерді түсіну»



Оқу мақсаты

1.1.4.1 Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.





Бағалау критерийі



Білім алушы

  • Мәтіннің тақырыбын анықтайды

  • Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану



Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.



Менің әпкем бар. Менің әпкем әдемі. Оның шашы қара, көзі қоңыр. Әпкем кітап оқуды ұнатады. Әпкем жануарлар туралы кітапты көп оқиды.



Сұрақтардың дұрыс жауабын белгіле.
1.Мәтін кім туралы?
А) В) С)
2.Оның шашы қандай?
А) В) С)
3.Ол нені жақсы көреді?
А) В) С)



Дескриптор

Білім алушы
- мәтіннің тақырыбын анықтайды;
- мәтін бойынша түстерді анықтайды;
- мәтінге қатысты ақпаратты табады.



Бөлімше 1.5. «Тыңдалым материалын болжау»



Оқу мақсаты

1.1.5.1 Мәтіннің тақырыбын иллюстрациясы арқылы болжау





Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды




Ойлау дағдыларының деңгейі



Қолдану

Тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Бұл мәтін не туралы болуы мүмкін? Әңгіме құрап айт.





Бейнематериалды мұқият қара. (https://www.youtube.com/watch?v=5OVKAobiyIg). Сенің болжауыңа сәйкес пе? Әңгімеле.


Дескриптор

Білім алушы
- суреттерге сүйеніп мәтіннің мазмұнын болжап айтады;
- сөйлем құрылымын сақтайды;
- өз болжауы мен бейнематериалдың ұқсастығын айтады.






Бөлім: «Айтылым»


Бөлімше 2.1 «Сөздік қорды толықтыру»



Оқу мақсаты

1.2.1.1 Сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдану





Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Сөйлеу барысында сипаттау сөздері мен сөз тіркестерін орынды қолданады




Ойлау дағдыларының
деңгейі



Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.

Менің атым – Айдана. Мен жеті жастамын. Менің шашым қара. Менің көзім қоңыр. Менің көйлегім қызыл. Аяқ киімім ақ.

Сұрақтарға жауап бер.





  • Оның аты кім?

  • Ол неше жаста?

  • Оның шашы қандай?

  • Оның көзі қандай?

  • Ол қандай киім киген?

Мәтінге сүйеніп, суреттегі балаларды таныстыр.








Дескриптор

Білім алушы
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- кейіпкерді таныстыру барысында сипаттау сөздер мен сөз тіркестерін орынды қолданады.



Бөлімше 2.2. «Берілген тақырып бойынша сөйлеу»



Оқу мақсаты



1.2.2.1 Сурет/үлгі бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойып сөйлеу (1-2 сөйлем)





Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Сурет бойынша сөйлемдер құрастырады

  • Сөйлеу барысында дауыс ырғағын дұрыс қояды




Ойлау дағдыларының деңгейі



Қолдану

Тапсырма

Сурет бойынша сөйлем құрастырып айт. Дауыс ырғағын сақтап сөйле.






Дескриптор

Білім алушы
- сурет бойынша сөйлемдер құрастырады;
- сөйлеу барысында дауыс интонациясын сақтайды.







Бөлімше 2.3. «Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) »



Оқу мақсаты

1.2.3.1 Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру





Бағалау критерийі

Білім алушы




Ойлау дағдыларының деңгейі



Қолдану



Тапсырма


Жұптық жұмыс
Сұрақтарды пайдаланып, сурет бойынша диалог құрастыр.





- Суретте қандай отбасы бейнеленген?
- Отбасында неше адам бар?
- Олар кімдер?


Дескриптор

Білім алушы
- сұрақтарға жауап береді;
- диалогті тақырыпқа сәйкес жалғастырады;
- суреттің мазмұнына сәйкес сұрақтар құрастырады;
- сұхбаттасын түсініп, сұраққа жауап береді;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.



Бөлімше 2.4 «Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау»



Оқу мақсаты

1.2.4.1 Фото/сурет/ қуыршақтарды қолданып шағын мәтінді мазмұндау





Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтінді мазмұндауда фото/сурет/қуыршақтарды орынды пайдаланады




Ойлау дағдыларының
деңгейі



Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Мәтінді суреттер/қуыршақтардың көмегімен мазмұнда.

Үсеннің күшігі
Үсен бірінші сыныпта оқиды. Оның Жолбарыс деген күшігі бар. Ол күшігін өте жақсы көреді. Оған кішкентай үйшік жасайды. Ол күшігін үй күзетуге үйретеді.





Дескриптор

Білім алушы
- кейіпкерлерді бейнелеуде суреттер/қуыршақтарды пайдаланады;
-мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды;
-сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
-сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.






Бөлім: «Оқылым»



Бөлімше 3.1. «Оқу түрлерін қолдану»



Оқу мақсаты

1.3.1.1 Жиі қолданылатын сөздерді тұтас оқу





Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Таныс сөздерді тұтас оқиды




Ойлау дағдыларының деңгейі



Қолдану

Тапсырма
Сөздерді оқы және суретпен сәйкестендір.




Дескриптор

Білім алушы
- сөздерді қатесіз оқиды;
- сөздер мен суреттерді сәйкестендіреді.



Бөлімше 3.4. «Сұрақтар мен жауаптар құрастыру»



Оқу мақсаты

1.3.4.1 *Мәтін немесе иллюстрация/постер бойынша мұғалімнің қолдауымен қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою және қысқаша жауап беру





Бағалау критерийі

Білім алушы




Ойлау дағдыларының деңгейі



Қолдану



Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.

Арман бірінші сыныпта оқиды. Оның мектебі үлкен. Мектеп үш қабатты. Бірінші қабатта асхана мен спортзал бар. Екінші қабатта кітапхана бар. Арманның сыныбы үшінші қабатта. Ол кең және жарық.




Жұптық жұмыс

Мәтін бойынша жұбыңа сұрақ қой. Жұбыңның қойған сұрағына жауап бер.





Дескриптор

Білім алушы
-мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
-сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
-сұраулы сөйлемнің интонациясын дұрыс қояды.

Бөлім: «Тілдік дағдылар»



Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)



Оқу мақсаты

1.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану





Бағалау критерийі

Білім алушы




Ойлау дағдыларының
деңгейі



Білу және түсіну
Қолдану



Тапсырма
Суретте бейнеленген заттарды ата. Олар қандай? Сипаттап айт.






Дескриптор

Білім алушы
- суретте бейнеленген заттарды атайды;
- заттарды дұрыс сипаттап айтады ( түсін/ дәмін/ көлемін/пішінін).







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет