Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар 1-тоқсан. Бөлім: «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас»



бет2/3
Дата19.10.2023
өлшемі361 Kb.
#119572
1   2   3
Хабарландыру
2016 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай үш тілді жетік білетін 7-11-сынып оқушылары арасында «Тілдарын» мектепішілік байқау өткізіледі. Сайыстың мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.
Байқау төмендегідей кезеңнен тұрады: 1. Өзін-өзі таныстыру «Тұсаукесерін» өткiзу; 2. «Үштұғырлы тіл» кезеңі. Үш тілде берілген сұрақтарға жауап беру; 3. «Мақал – сөздің мәйегі» кезеңі. Үш тілде берілген мақал-мәтелдерді мағынасына қарай сәйкестендіру; 4. «Қызықты сұрақтар» кезеңі. Үш тілде берілген логикалық сұрақтарға жауап беру. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, марапатталады.
Өтетін орны: Шымкент қаласы, физика-математика бағыты Назарбаев Зияткерлік мектебінің мәжіліс залы. Басталуы: сағат 15:30-да
Келемін деушілерге есік ашық!

Мәтіннің түрі




Мәтіннің құрылымы (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімі)

Мәтіннің рәсімделуі (сайыстың мақсаты, өтетін орны, уақыты)







_______________________________________________________________________________________________________
Тапсырма №5. Мәтінді мұқият оқып, мәтін бойынша құрылымын сақтай отырып, жоспар құрыңыз.
Қонаққа бару мәдениеті
Қонақжайлылық - қазақ халқының бет-бейнесін ашар ерекше қасиеттерінің бірі. Бұл қасиет адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті арттыра түседі. Адамды тіліне, дініне, ұлтына қарамастан алаламай ас-дәм беру - қонақжайлылықтың белгісі. «Шақырған жерден қалма» деген ұстанымды ұран еткен жұрт қонаққа барғанда мына кеңестерді естен шығармағаны абзал. Сізді қонаққа шақырды делік, алып баратын сыйлығыңызға қоса үй иесіне арнап, гүл алуды да ұмытпаңыз. Шақырған жерге ерте немесе кешікпей дәл уақытында бару - мәдениеттіліктің белгісі. Өйткені тым ертерек болмаса кешігіп келу үй иелеріне де басқа қонақтарға да ыңғайсыз жағдай тудырады. Әрі мұны сыйламау деп түсінуі мүмкін. Дастарқан басында дұрыс отыра білу де тәрбиені көрсетсе керек. Айтылар әңгіме ортақ болуына да көңіл бөлген жөн. Осындай бас қосуда үлкен кісілер көрген-білгендерін жастарға өнеге ретінде ортаға салады. Кейде қонақтан ертерек кетуге тура келеді. Ондайда басқалардың көңілі бөлінбес үшін рұқсат сұрап, елеусіз шығып кеткені абзал. Қоштасарда үй иелеріне рақмет айтуды ұмытпаған жөн. (142 сөз)
Жоспар:
Кіріспе бөлім ____________________________
Негізгі бөлім ____________________________
а)
ә)
Қорытынды бөлім ________________________
Тапсырма №6. Сандықшадағы сөздерді пайдаланып, мәтін құрастырыңыз. Дыбыстар жүйесіне, емлеге, үндестік заңына назар аударыңыз. ( Көлемі: 60-70 сөз)



Сандық ішіндегі сөздер: Сәлемдесу, сыйластық, қонақжайлылық, отбасы құндылықтары, отбасындағы тәрбие, үлкенді сыйлау, туыстық қарым-қатынас, қонақ күту, адамгершілік қасиет.



_______________________________________________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет