Оқылатын шығарма тақырыбы Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»
Оқу мақсаты
7.1.4.1 Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Кейіпкер бейнесіне қатысты үзіндіні жатқа айтады
Қолдану
Тапсырма
Шығармадағы Қазтуған бейнесін танытатын жолдарды анықтаңыз. Шығарма үзінділерін қолдана отырып, кейіпкер бейнесін сомдаңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дескриптор
Білім алушы
шығармадан кейіпкер бейнесін танытатын жолдарды анықтайды;
шығарма үзінділерін жатқа қолданады;
кейіпкер бейнесін сомдайды.
Оқылатын шығарма тақырыбы Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»
Берілген үзіндідегі аллитерация мен ассонансты, риторикалық сұрақты тауып, анықтамасын беріңіз.
Еділді алса –
елді алар,
Енді алмаған не қалар?
Жайықты алса -
жанды алар,
Жанды алған соң не қалар?
Ойылды алса -
ойды алар,
Ойлашы, сонда не қалар?
Қара мауыты мұшақат
Бүтін тоғай жерді алар.
Жаз кіреге жақсы деп,
Дулығалы нарды алар,
Қыс кіреге жақсы деп,
Шудасы қалың айырды алар.
Сусынына шай алар,
Шайнауына май алар.
Дескриптор
Білім алушы
шығарма үзіндісінен аллитерация мен ассонансты, риторикалық сұрақты анықтайды;
оларға анықтама береді.
2-тапсырма Берілген үзіндідегі аллитерация мен ассонанстың, риторикалық сұрақтың қолданылу ерекшелігін, шығармадағы маңыздылығын талдаңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дескриптор
Білім алушы
аллитерация мен ассонанстың қолданылу ерекшелігін анықтап жазады;
Оқылатын шығарма тақырыбы Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»
Оқу мақсаты
7.3.4.1 Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығарманың эстетикалық құндылығын анықтайды
Сыни шолу жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Шығарманың эстетикалық құндылығы неде? Берілген үзіндіні негізге ала отырып, ақынның қонысымен қоштасу себебін анықтаңыз. Ойыңызды жинақтап, сыни шолу жасаңыз.
Қазтуғанның қонысымен қоштасуы
Сыни шолу
Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,
Қайран саланың жатқан аңғары-ай,
Ақ шалмалы пірлердің
Мешітке жаққан шамдары-ай!
Менің бүйтіп қозғалақтап жүргенім
Аузы түкті кәпірдің
Күшті болған салдары-ай!
Кәпірден теңдік алуға
Қайта келер деймісің
Мұсылманның баяғы
Шыңғыстан туған хандары-ай?!
Бұл қоныстан кетпесең,
Мұны талақ етпесең,
Атаңа нәлет кәпірдің
Пайдасына қалмаса игі еді
Ноғайлы, қазақ жұртымның
Кейінгі туған балдары-ай!
Дескриптор
Білім алушы
шығарманы эстетикалық құндылық тұрғысынан талдайды;
ақынның қонысымен қоштасу себебін анықтайды;
сыни шолу жасайды.
2-тоқсан
Оқылатын шығарма тақырыбы Ш.Қанайұлы «Зар заман»
Оқу мақсаты
7.1.1.1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Шығарма сюжеті бойынша құрамдас бөлшектеріне талдау жасаңыз.
1) Өлеңде ақын «Сол себепті қорқамын!» деген жолды бірнеше рет қайталайды. Автор неден қорықты деп ойлайсыз?
2) «Зар заман, зар заман,
Зарлап өткен бір заман» - деп, ақын қай заман туралы айтып отыр? Оның «зар заман» деуінің мәні неде?
3) Шығарманың мына бөлігін талдап көріңіз. Халық қандай күй кешіп отыр деп ойлайсыз?
Байлар ұрлық қылады,
Мал түзіне көрінбей,
Билер жейді параны
Сақтап қойған сүріндей.
Заманың сенің құбылды
Текеметтің түріндей.
Ойлағаны жамандық
Жарадан аққан іріңдей.
Жеті жұрт кеткен қожадан
Сен тұрмайсың бүлінбей.
Қазақ ұлы жиылып,
Құдайыңа сыйынып,
Қондыгерге хат жазып,
Кешіктірмен дат жазып,
Өлместің де қамын қыл
Басың сотқа ілінбей.
Дескриптор
Білім алушы
шығарманың негізгі ойын анықтайды;
шығарма сюжеті бойынша өз ойын жеткізеді;
шығарма бөлшектерін талдайды.
Оқылатын шығарма тақырыбы Ш.Қанайұлы «Зар заман»
Оқу мақсаты
7.2.2.1 Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы автор бейнесін анықтайды
Автор бейнесін талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Өлеңнен авторға тән қасиеттерді анықтаңыз. Автор бейнесін анықтауда ойыңызды мысалдармен дәлелдеңіз.
Авторға тән қасиеттер
Автор бейнесі
Дескриптор
Білім алушы
автор бейнесін анықтайды;
өз ойын мысалдармен дәлелдейді.
Оқылатын шығарма тақырыбы Ш.Қанайұлы «Зар заман»
Оқу мақсаты
7.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Кейіпкер бейнесін таниды
Көркем шығарма үзіндісін жатқа айтады
Қолдану
Тапсырма
«Ішкі және сыртқы шеңберге» қатысыңыз. Жұбыңызбен бірге сұрақты талқылаңыз. Өз ойыңызды жеткізуде берілген үзіндіні қолданыңыз (жатқа айтыңыз).
Сұрақ Шығармадағы ел билеушілер бейнесінен нені аңғаруға болады?
Ағашты тауға үй салып, Алды кәпір ақында, Елді еркіне қоймады Буыршындай тақымдап. Дуан басы, болыс тұр Кәпірдің сөзін мақұлдап, Бейшараның пұлы жоқ, Қорыққаннан қақылдап. Жарысқа кірген жақсылар, Аша алмассың көзің деп.
Дескриптор
Білім алушы
шығармадағы ел билеушілер бейнесін ашады;
үзіндіні жатқа айтады;
өз ойын жеткізуде шығарма үзіндісін орынды қолданады.