Оқылатын шығарма тақырыбы Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры
Оқу мақсаты
7.3.4.1 Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығарманың эстетикалық құндылығын дәлелдейді
Сыни шолу жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма Шығармада еркіндік, бостандық, тәуелсіздік идеясы қалай көрінеді? Ойыңызды жинақтап, эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазыңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дескриптор
Білім алушы
шығарма идеясын анықтайды;
эстетикалық құндылығын дәлелдейді;
шағын сыни шолу жазады.
Оқылатын шығарма тақырыбы Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»
Оқу мақсаты
7.1.4.1 Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Кейіпкер бейнесін ашатын үзіндіні жатқа айтады
Қолдану
1-тапсырма
Шығармадан Ер Есім бейнесін танытатын жолдарды табыңыз. Есім ханға тән қасиеттерді жазып, шығармадан дәлел келтіріңіз.
Кейіпкерге тән қасиеттер
Дәлеліңіз (өлең жолдары)
Дескриптор
Білім алушы
шығармадан ер Есім бейнесін танытатын жолдарды табады;
жыр жолдарынан Есім ханға тән қасиеттерді жазып, шығармадан дәлел келтіреді.
2-тапсырма Кейіпкер бейнесіне ене отырып, жыр шумақтарын жатқа айтыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
кейіпкер бейнесін сомдайды;
жыр үзіндісін жатқа айтады.
Оқылатын шығарма тақырыбы Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»
Оқу мақсаты
7.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды
Кейіпкер бейнесін талдайды
Қолдану
Тапсырма
Жыр жолдарын пайдалана отырып, кейіпкер типін жасалу тәсіліне қарай анықтаңыз, ойыңызды дәлелдеңіз.
Еңсегей бойлы Ер Есім,
Есім, сені есірткен
Есіл де менің кеңесім.
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін,
Қолтығыңа болдым демесін.
...Тал шарбаққа мал сақтап,
Тас қалаға жан сақтап,
Тасқан екен мына хан!
Қайрылып қайыр қылуға
Қылығың жоқ ұнаған.
...Әмірің қатты Есім хан,
Бүлік салып, бұйырдың
Басын бер деп батырдың -
Қанын ішіп қанбаққа,
Жанын отқа салмаққа.
Атадан жалғыз мен емес,
Хан ие, ісің жол емес.
Есім хан бейнесі қалай берілген?
Қандай тәсілдер арқылы жасалған?
Дескриптор
Білім алушы
кейіпкер бейнесін талдайды;
кейіпкерлер типін жасалу тәсіліне қарай анықтайды.
Оқылатын шығарма тақырыбы Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»
Оқу мақсаты
7.2.2.1 Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығармадағы автор бейнесін анықтайды
Қолдану
Тапсырма
Жырдағы автор бейнесін анықтап, талдап жазыңыз.
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін,
Қолтығыңа болдым демесін.
Ертеңгі күн болғанда,
Елің кеңес құрғанда,
Айналып ақыл табарға
Есіктегі ебесін,
Сонда, ханым, не десін?!
Мен жоқ болсам, Есім хан,
Ит түрткіні көресің.
Жиембет қайда дегенде,
Не деп жауап бересің?..
Меніменен, ханым, ойнаспа,
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пенен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре менен жайындай.
Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай менен қайындай.
Көруші едім, Есім хан,
Ханымды күнім, сізді айымдай.
Сырым саған түзу-ді
Садаққа салған бұлыңдай.
Жұмыскерің мен едім
Сатып алған құлыңдай.
Жүруші едім араңда
Өзіңнің інің менен ұлындай...
Мен өлсем, құнсыз кетер деме сен
Кешегі өзіңнің ұрып өлтірген
Тілеуберді құлыңдай!
Дескриптор Білім алушы - жырдағы автор бейнесін анықтайды;
- автор бейнесін талдайды.
Оқылатын шығарма тақырыбы Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»