Жырда Жібектің бейнесі қандай көркемдегіш тәсілдер арқылы жасалған? Жібек бейнесін талдаңыз.
Қыз Жібектің дидары
Наурыздың ақша қарындай.
Ақ бетінің қызылы
Ақ тауықтың қанындай.
Екі беттің ажары
Жазғы түскен сағымдай.
Білегінің мүсіні
Айбалтаның сабындай.
***
Атқан оқтай жылысып,
Ор қояндай ығысып.
Қылаң етіп, қылт етіп,
Сылаң етіп, сылт етіп,
Мықындары былқылдап,
Тау суындай құлтылдап,
Сүмбіледей жылтылдап,
Буындары былқылдап,
Айдынды туған Қыз Жібек
Отауға қарап жөнелді.
Дескриптор
Білім алушы
жырдағы Жібек бейнесін сипаттаудағы ерекшелікті ажыратады;
кейіпкерді сипаттаудағы көркемдегіш тәсілді анықтайды.
Берілген үзіндідегі символды табыңыз, анықтамасын беріңіз.
- Асу да асу бел, – деді,
Аса бір соққан жел, - деді,
Айналайын жеңеше-ау,
Бері таман кел, -деді.
Мен бір жауап айтайын,
Бұл сөзімді біл, -деді.
Басыңдағы сәукеле
Алып маған бер, - деді.
Ақыр ертең киемін,
Бүгін кешке киейін.
Жарасар ма екен, жеңеше-ау,
Өз көзіңмен көр, - деді.
Дескриптор
Білім алушы
- үзіндідегі символды табады;
- символдың анықтамасын анықтайды.
2-тапсырма Шығарма мазмұнына сәйкес символдың қолданылу ерекшелігін талдаңыз.
______________________________________________________________________
7.3.4.1 Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу
Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығарманың эстетикалық құндылығын анықтайды
Сыни шолу жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
«Қыз Жібек» жырында қоштасу, жоқтау, естірту, арыздасу сияқты салт өлеңдерінің қолданылуына өзіндік бағаңызды беріңіз. Жыр көркемдігіне сыни шолу жасаңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
7.2.4.1 Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Оқиға желісін дамытып жазады
Өзіндік көзқарасын білдіреді
Қолдану
Тапсырма
Базарбайдың Төлегенге теріс бата беруі туралы оқиғаға өзгерістер енгізіп, қайта жазыңыз.
Базарбай көп жұртына арыз қылып айтты:
– Ай, жарандар, менің мынау балам тілегімді бермей кетті, қайнына баратынын білгенің маған ұстап бер, - дейді. – Егер де біреуің қошемет қылып ерсең, мен тұзыма салып, теріс батамды беремін, - деді.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дескриптор
Білім алушы
- оқиға желісін қолданады;
- оқиғаны дамытып жазады;
- өзіндік көзқарасын білдіреді.
Оқылатын шығарма тақырыбы Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры
Оқу мақсаты
7.1.2.1 Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау
Күлтегін мен оның ағасының елді ел қылу үшін жасаған әрекеттерін анықтаңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дескриптор
Білім алушы
- Күлтегін мен оның ағасының ел үшін жасаған әрекеттерін анықтайды.
2-тапсырма Күлтегіннің биік адамгершілік тұлғасын танытатын жолдарды анықтап, талдаңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дескриптор
Білім алушы
- күлтегіннің адамгершілік тұлғасын танытатын жолдарды анықтайды;
- күлтегін бейнесін гуманистік тұрғыдан талдайды.
Оқылатын шығарма тақырыбы Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры
Оқу мақсаты
7.2.1.1 Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Шығарма эпизодтарын талдайды
Кейіпкерлер бейнесін салыстырады
Қолдану
1-тапсырма
Шығармадағы эпизодтарды рет-ретімен жазып шығыңыз. Сізге қай эпизод ұнады? Неліктен?
2-тапсырма Жырдағы Күлтегіннің 16 жастағы және 30-дан кейінгі бейнесін салыстырыңыз. Берілген үзінділерді, жыр мазмұнын қолданыңыз.
Он алтыда ағамның
Елі-жұртын көбейтті.
Алдындағы қағанның
Жерін әбден кеңейтті.
Соғдыларға аттанды,
Талқандадық, мақтандық.
...Бір кезде ол қонды атқа,
Баяғыдай қайратты,
Қос батырды жайратты.
Күлтегін – ел қанаты.
...Алып Шалшы боз мініп,
Жауын тоз-тоз, тоз қылып,
Шабуылға жұлқынды.
Дескриптор
Білім алушы
- күлтегіннің 16 жастағы және 30-дан кейінгі бейнесін салыстырады.
Оқылатын шығарма тақырыбы Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры
Оқу мақсаты
7.3.1.1 Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырады
Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді
2-тапсырма Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығы неде? Ойыңызды дәлелдермен көрсетіңіз.
А) Шығарманың тарихи құндылығын бағалауда берілген тірек сөздерді қолданыңыз.
Шынайы суреттелген, аса құнды, жыр-дастан, көне түркі, тасқа қашалған, тарихи шығарма, батырдың ерлігі, құлпытастағы жазулар.
Ә) Шығарманың көркемдік құндылығын бағалаңыз.
(ерекше сөз оралымдары, халық, ел атаулары, көне жер атаулары, көнерген сөздер, т.б.)
Дескриптор
Білім алушы
шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтайды;