7.2.4.1 Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
Оқиға желісін дамытып жазады
Өзіндік көзқарасын білдіреді
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Шығармадағы оқиға желісін саяси тұрғыдан саралай отырып, өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазыңыз.
«Верныйдан» жандаралдар бұйрық қылды,
Құйрығы бұйрығының тіпті зілді.
«Отыз бір - он тоғызды алад» деген
Суық хабар халықты бұлқындырды.
...Тауға шығып өрмелеп, тасқа бұғып,
Елдің бәрі жанынан түңілді енді.
Ертеңінде ел-елге әскер барды,
«Шапшаң түсіп, келсін» деп хабар салды.
«Қашқандарды атады» дегеннен соң,
Таудағылар кірер жер таба алмады.
Аттандық ұлығының қонысына,
Елді сорған борсықтай болысына.
Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып
Көксеген азаттықтың соғысында.
Дескриптор
Білім алушы
шығармадағы оқиға желісін саяси тұрғыдан саралайды;