Бөлім:
Тілдік нормалардың қолданысы
Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты
3.4.2.2 Тәуелдік жалғауларының қолданысын білу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Тәуелдік жалғауларын орынды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқы. Асты сызылған сөздерден тәуелдік жалғауын тауып белгіле.
Осы сөздерді
жекеше және көпше түрде тәуелде.
Дескриптор
Білім алушы
-
тәуелдік жалғауларын анықтайды;
-
сөздерді жекеше түрде тәуелдейді;
-
сөздерді көпше түрде тәуелдейді;
-
тәуелдік жалғауларын орынды қолданады.
Алтын адам
Астанада мұражайлардың түр-түрі бар.
Балалар мұражайларды аралап, көп
қызықтады. Әсіресе, археология мұражайына жасалған экскурсия оларға қатты
ұнады.
Мұражайдағы экспонаттар қазіргі Қазақстан жерінде ерте замандарда қандай
тайпалар мекендегенін білдіреді. Археологтар табылған еңбек құралдары, ыдыстар,
әшекей бұйымдарға қарап біздің ата-бабаларымыз қалай өмір сүріп, немен
шұғылданғандарын анықтап отыр. Балалар бір экспонаттың жанынан көпке дейін
кетпеді. Онда сақ жауынгерінің алтынмен әдіптелген киімі қойылған. Оның
дулығасы мен кіреуке сауытын көне зергер
аңдардың, құстардың, ағаштардың,
таулардың суретін бейнелеп жасаған алтын табақшалармен әшекейлеген.
Осы жауынгер киімі Есік қорғанында 2000 жылдан астам уақыт жатса да,
күні бүгінге дейін жақсы сақталған.
51