Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет27/42
Дата14.01.2023
өлшемі1,15 Mb.
#61248
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42
Бағалау критерийі
Білім алушы  
• 
Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді 
• 
Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі  
Қолдану 
Тапсырма 
Мәтінді оқы. Сөздікті пайдаланып, қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір. 
• 
Мәтіннен маңызды деген 1 ақпаратты іріктеп алып, түсіндір. 
Дескриптор 
Білім алушы  

белгіленген сөздердің мағынасын анықтайды;

мәтіннен маңызды ақпаратты анықтап, негіздейді. 
Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы XIX ғасырдың басында Батыс Қазақстан 
облысы, Жаңақала ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. 
Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. 
Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді.Ұлы 
күйшілерден тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды. 
Құрманғазының күйлері қазақ елінің әлеуметтік жыр-сыры. Күйші 
шығармашылығындағы өзекті мәселелер халықтың азатгығы мен жеке тұлға 
бостандығы болды.
44 


Бөлімше 2.6 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау 
Оқу мақсаты 
3.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін 
түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық 
мәтін /жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен 
айырмашылықтарын табу 
Бағалау критерийі
Білім алушы  
• 
Ұқсас тақырыпта берілген мәтіндерді (стилін) 
салыстырады 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі  
Қолдану 
Тапсырма 
Мәтіндерді түсініп оқы.
• 
Мәтіндердің қайсысы қандай мәтін екенін анықта. Сәйкес цифрмен белгілеп 
көрсет.
• 
Екі мәтінге ортақ бір ат қоюға бола ма? Сен қандай ат қояр едің? 
• 
Екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
Дескриптор 
Білім алушы  

мәтіндерді стилі бойынша ажыратады; 

мәтінге сәйкес тақырып қояды; 

мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет