Бөлімше 3.5 Қатені табу және түзету
Оқу мақсаты
3.3.5.1
Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық,
грамматикалық және стилистикалық қателерді
мұғалімнің көмегімен тауып, түзету
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Тыныс белгілеріне қатысты қателерді анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқы. Соңғы сөйлемде жіберілген тыныс белгілік қателерді түзетіп, сөйлемді
көшіріп жаз.
Дескриптор
Білім алушы
-
сөйлемдегі пунктуациялық қателерді анықтап,түзетеді;
-
сөйлемді қатесіз көшіріп жазады;
-
каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.
«
Мүсінші мысық» әңгімесінен үзінді
Төре ауылы күзекке келгенде сары бала сондай қуанды.
Ала жаздай зарыға
жалғыз ойнағандағы ойынан кетпейтiн бiр досы бар. Ол төре баласы- Шоқан.
Шыңғыс Құсмұрын елiне аға сұлтан болып тағайындалысымен, осы күзекке екi
бөлмелi кеңсе үйi салынған. Сол үйдiң жазғы, қысқы күзетшiсi
- сары баланың
әке-шешесi. Сары баланың сол сағына күткен досы жолбарыстай шұбар құнанын
елеңдете аяңдатып жетiп келдi. Ә дегенде тосырқап қалған сары бала балшықтан
жасаған ойыншықтарын жия қойып, орнынан ербиiп тұра келдi.
–
Ей? Мысық. аман ба! Мына ойыншықты кiм iстедi – деп Шоқан сары балаға
жылы амандасып - күлiмдей қарады,
49