Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі


Бөлімше 1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау



Pdf көрінісі
бет4/42
Дата14.01.2023
өлшемі1,15 Mb.
#61248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Бөлімше 1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау  
Оқу мақсаты 
3.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып
берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
Бағалау критерийі
Білім алушы  
• 
Берілген жоспар бойынша мәтін құрастырады 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі  
Қолдану 
 
Тапсырма 
Берілген жоспар бойынша «Көше тәртібі» тақырыбына мәтін құрастыр. Тірек сөздерді 
қолдан.
Жоспар
 
1.Арманның дүкенге баруы 
2.Жолдағы оқиға 
3.МАИ қызметкерінің кеңесі 
Тірек сөздер: көше қиылысы, көлік, бағдаршам, оң жақ, сол жақ, жаяулар жүретін жол, 
МАИ қызметкері, жол тәртібін білу, аман-есен жүру 
Дескриптор 
Білім алушы  

жоспар бойынша тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады; 

тірек сөздерді орынды пайдаланады; 

мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды. 



Бөлімше 1.6 Тыңдарманның назарын аудару 
Оқу мақсаты 
3.1.6.1 Интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды 
(қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, 
тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту
Бағалау критерийі
Білім алушы  
• 
Сөйлеу барысында 
қаратпа сөздерді қолданады
Ойлау дағдыларының 
деңгейі  
Қолдану 
Тапсырма 
«
Табиғат - ортақ үйіміз» дегенді қалай түсінесің? Сурет бойынша қаратпа сөздерді 
қолданып, табиғатты қорғауға қатысты ойыңды жеткізуге тырыс.
Дескриптор 
Білім алушы  

тақырыпқа сәйкес дәлелді ой қорытып айтады; 

қаратпа сөздерді қолданады; 

сөйлеу мәдениетін сақтайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет