Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет5/42
Дата14.01.2023
өлшемі1,15 Mb.
#61248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
2-ФО Қазақ тілі (Т1) 3-сынып

Бөлім: Оқылым 
 
Бөлімше 2.1 Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау 
Оқу мақсаты 
3.2.1
.1 Тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін 
(әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның 
құрылымдық бөліктерін анықтау 
Бағалау критерийі
Білім алушы  
• 
Мәтіннің түрлерін ажыратады 
• 
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды
Ойлау дағдыларының 
деңгейі  
Қолдану 
Тапсырма 
Мәтінді оқы. Мәтіннің негізгі бөлігін тауып, қоршап сыз 
• 
Мәтіннің қай түріне жататынын анықта. Ойыңды дәлелде. 
Дескриптор 
Білім алушы  
-
мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады. 
-
мәтіннің түрін анықтайды және негіздейді.
Қамқорлық 
Мамыр айы. Ауыл шетіндегі ағашы мен қамысы мол өзен үсті құстардың 
әуеніне толған. Диқан келе жатып, жағалаудан екі үрпек балапанды көзі шалды. 
Ұясын іздеді. Таба алмады. Содан соң балапандарды үйге алып келді. Ақ ұлпа 
мақтадан ұя жасады. Ұсақ жемдерді шашып, шағын ыдысқа су құйды. Бір айдан 
соң қос балапанның жүндері түлеп, қанаттары шыға бастады. Диқан тырнаның 
балапанын күткенін сонда ғана түсінді. 



Бөлімше 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру 
Оқу мақсаты 
3.2.3.1 
Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 
сұрақтар құрастыру және жауап беру 
Бағалау критерийі
Білім алушы  
• 
Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіретін 
сұрақтар құрастырады 
• 
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі  
Қолдану 
Тапсырма 
Мәтінді түсініп оқы. Неге? неліктен? сұрақтарын қолданып, мәтіннің мазмұны 
бойынша 2 сұрақ құрастыр. Сыныптасыңның сұрақтарына жауап бер.
Дескриптор 
Білім алушы  

мәтінге қатысты пікір білдіруге бағытталған сұрақтар қояды;

мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; 

сұраулы сөйлемдердің құрылымын сақтайды; 

сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
Үй шаруасы 
Мұғалім сабақ сұрағанда, Мұрат білмеді. 

Сабақты неге білмейсің? Оқымадың ба? 

Қолым тимеді, ағай! 

Не істедің? 

Үй шаруасымен айналыстым. 

Сенен басқа үй шаруасын істейтін адам болмады ма? 

Әкем үйде жоқ. Жолаушы кеткен. Апам ауырып жатыр. 
Мұғалім аяғандай болды. 

Отыра ғой,шырағым!- деді. 
Ертеңіне Мұрат оқуға келмей қалды. Сабақтан шыққан соң, біз Мұраттікіне 
бардық. Әбден терлеген, шаршаған екен. Біз жабылып отынын тасып бердік. 
Аттарына, сиырларына шөп салыстық. 
10 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет