Тапсырма Ертегіні мұқият тыңда.
Балапан және оның достары Балапан қораға кірсе, достары үстел үстіндегі қағазға төніп алып, қызу ойынға кірісіп кеткен екен. Ол достарын далаға шығып, таза ауада ойнауға шақырды. Таза ауада ойнаудың денсаулыққа пайдалы екенін айтты. Бірақ достары далаға шықпай қойды. Балапанға кішкентай күшік қана ілесті. Күшік екеуі далада әткеншек тепті. Доп лақтырып ойнады.
Ал достары болса қорадан әлі шығатын емес. Ойын қызуына кіріп кеткен. Ұзақ отырғаннан олардың бастары ауыра бастады. Далаға шығып, балапанды іздеді. Келе жатып ұлуға жолықты. Ұлу оларға балапанның айтқаны дұрыс екендігін айтты.
Сұрақтарға жауап бер.
- Балапан достарын қайда шақырды?
- Балапанның ойымен келісесің бе?
- Балапанның достары жасаған әрекет туралы не айтасың? Неліктен?
- Ертегіден қандай ой түйдің?
Дескриптор
Білім алушы - мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- тыңдалған материалға қатысты ойын айтады;
- жеке көзқарасына дәлел келтіріп, өз пікірін айтады.
- ертегінің мазмұны бойынша қорытынды жасайды.