Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде ) 2-сынып


Бөлімше 1.6 Тыңдарманның назарын аудару



бет22/42
Дата23.10.2023
өлшемі218,64 Kb.
#120647
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42
Байланысты:
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі -emirsaba.org

Бөлімше 1.6 Тыңдарманның назарын аудару


Оқу мақсаты

2.1.6.1 Интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) қолданып, тақырыпқа (Сіз қалай ойлайсың? Сіз не ұсынар едіңіз? т.б.) назарын аударту





Бағалау критерийі


Білім алушы
  • Сөйлеу барысында дауыс ырғағын/ вербальды емес тілдік құралдарды орынды қолданады.






Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану



Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңда.
Денсаулық

Денсаулық ол – шыныққан


Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол - тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық ол - күлуің
Көңіл-күйің жадырай,
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Қара айнаға, көресің
Өзіңді – адам денесін.
Қол - аяғың, басың бар,
Бұған кеуде қосылар-
Құрылысың бұл сыртқы.

Көрінбейді жүрегің,


Өкпе, миың, бүйрегің-
Құрылысың бұл ішкі.
Сымбат - мүсін дегенің
Бітім – көркі денеңнің.
Сымбат – жүру әдемі,
Дене қалпын тік ұстап:
Көтеріп сәл кеудені,
Иық жазып дұрыстап.
Түзу отыр, қисаймай,
Бүкіреймей, жантаймай.
Күш сап бас пен арқаға,
Жатып алма партаға.



  • Өлеңнің мазмұнына сүйеніп, «Денсаулық –зор байлық» тақырыбында әңгіме құрастырып айт. Сөйлеу барысында ым-ишараны/қимыл-қозғалысты/дауыс ырғағын пайдаланып, тыңдарманның назарын аударуға тырыс.





Дескриптор



Білім алушы
- денсаулық туралы жүйелі мәтін құрастырады;
- сөйлеу барысында екпінді, дауыс ырғағын сақтайды;
- вербалды емес тілдік құралдарды қолданады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет